КГКП "Куланский агротехнический высший колледж"

30.06.2024
Талапкер-2024!

Құлан агротехникалық жоғары колледжіне 2024-2025 оқу жылына талапкерлер қабылдау маусым айының 25 нен бастап жүргізілуде. 8 мамандық бойынша колледжге талапкерлер қабылдау жалғасуда.

Талапкер-2024, бізге кел Құлан агротехникалық жоғары колледжін таңда!

29.06.2024
БІЛІМ ӘЛЕМІНЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА!

Құлан агротехникалық жоғары то колледжінде 2024 жылғы түлектерге диплом тапсыру салтанаты өтті. Салтанатты жиында «Ветеринария», «Агрономия», «Аспазшы», «Ақпараттық жүйелер», «Электромонтер», «Дәнекерлеу ісі», «Сүт өнімдерінің өндірісі», «Балық шаруашылығы», «Орман шаруашылығы» мамандықтары бойынша 218 түлек диплом алып, үлкен өмірге қадам басты.

Колледж тарихындағы айтулы күні колледж директоры Мусакулов Олжас Нұрланұлы сөз сөйлеп түлектерді, ата-аналарды және салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтап, жас мамандардың еліміздің өсіп өркендеуіне , ауылшаруашылығы саласының дамуына лайықты үлес қосатынына үміт артатындығын жеткізді. Колледж ұжымы өз түлектеріне табыс тілейді. Ақ жол!

21.06.2024
ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ӨТКІЗІЛДІ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Ветеринария», «Агрономия», «Сүт және сүт өнімдерін өндіру» мамандығының студенттері қорытынды мемлекеттік аттестаттауды WorldSkills кәсіби стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтихан форматында тапсырды. Студенттердің орындаған жұмыстары CIS бағалау жүйесі арқылы бағаланды.

21.06.2024
КӨҢІЛ АЙТУ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ардагер ұстазы, ветеринариялық ғылымының кандидаты Орынбаев Бармақ Орынбайұлы 86 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Құлан агротехникалық жоғары колледжі ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл білдіреді.

Бармақ Орынбайұлының есімі елдің есінде мәңгі сақталады. Жаны жәннатта болып, пейіште нұры шалқысын!

Бармақ Орынбайұлы 1939 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов (бұрынғы Луговой) ауданы, Сұлутөр ауылдық кеңесіне қарасты Әбжаппар (бұрынғы Қызыл ту) ауылында өмірге келген.

04.06.2024
ЕЛ РӘМІЗДЕРІ - ЕРКІНДІК НЫШАНЫ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай студенттердің Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, білімдерін кеңейту және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталып, студенттер «Алға Қазақстан» флешмоб биледі, «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнімен жалғасын тапты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.М.Акишева бұл қазақстандықтардың ұлттық салт-санасын нығайта түсетін маңызды мереке екенін, бұл мерекенің мәні, тарихы, оны өткізу дәстүрлері туралы айтты.

03.06.2024
СЕЙСМИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 2024 жылдың 03 маусым күні сағат 10.00де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы 2 шілдедегі №494 бұйрығын орындау және Республика көлемінде өткізілген оқу-жаттығуға байланысты колледж қызметкерлері және студенттері арасында профилактикалық оқу-жаттығу мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

31.05.2024
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 31 мамыр қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Өзекті өртер шындық» тақырыбында топ сағаттары өткізіліп, білім алушыларға «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» тақырыбында лекция оқылды. Жыл сайын аталып өтетінін бұл қаралы датаға арналған іс-шаралар барысында еліміздің тарихындағы қасіретті кезеңде қуғынға ұшыраған ата бабаларымыздың басынан өткізген қайғы қасіреттері, сталиндік-голощекиндік реформа салдарынан туындаған ашаршылық, солақай саясаттың құрбаны болған алаш зиялыларының өмір жолы және еңбектері туралы айтылып, Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерлерінің тарихына шолу жасалынды.

28.06.2024
ҚЫЗ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС

2024 жылдың 28 мамыр күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру мақсатында “Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны” тақырыбында қыздар жиналысы ұйымдастырылды.

Кездесу барысында колледж психологы А.Б.Шайлаева қатысушылармен “Қиындықты жеңу жолы” тренингін өткізсе, колледждің медбикесі А.А.Ержигитова “Қыз баланың бойындағы тазалығы” тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

28.06.2024
ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛАТЫН ТАРИХИ КҮН

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің кітапханасында 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Т.Рысқұлов аудандық кітапханасымен бірлескен «Тарихи жылдар шежіресі» тақырыбында танымдық сағат өтті. Іс-шара саяси репрессия құрбандарын бір сәт үнсіздікпен еске алумен басталып, ұлт зиялыларының үлгі болар өмірі мен шығармашылығы, ерліктері, ұрпаққа ой салар тарихи оқиғаларды насихаттаумен жалғасын тапты. Сонымен қатар «Қасіретті жылдар жұрт жадында» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, ашаршылықтың зардаптары туралы бейнефильм көрсетілді.

24.05.2024
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕН ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы мен Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректордың Бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы университет пен білім басқармасының арасында ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері бойынша Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар аталған Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Құлан агротехникалық жоғары колледжі арасында академиялық ұтқырлықты, педагогтер арасында тәжірибе мен білім алмасуды, студенттерді қолдауға бағытталған іс-шаралар қарастырылып, ынтымақтастық және өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы Шарт жасалды.

17.05.2024
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде студент пен педагогтар арасында «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Екі кезең бойынша өткен бәсекеде 7 жұп патриоттық әндермен еркін тақырыптағы әндер айтып додаға түсті. Байқауда төрелік еткен әділ қазылар шешімімен 1 ші орынды оқытушы Эльвира Биғонысовамен студенті Қалдыбай Ақжүрек, 2 ші орынды оқытушы Мадина Мүсірәлімен студенті Серік Жансерік, 3 ші орын оқытушы Айнұр Серікбаевамен студенті Ағаділ Әділ жеңіп алды. Сондай-ақ оқытушы Ахмет Абдимен студенті Жанаберді Мақсат «Талантты жұп», оқытушы Гаухар Солтаналиевамен студенті Мырзабай Нұргелді «Лирикалық жұп», студенттер Смағұл Гұлнұр мен Қырғызалы Қуаныш «Ең әдемі жұп», оқытушы Гүлмайра Рахмановамен студенті Шадыхан Әлия «Жарасымды жұп» номинацияларымен марапатталды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

14.05.2024
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ, ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫН ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН -АЛУ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Құқықтық сауаттылықты арттыру, есірткі заттарын тұтынудың алдын-алу» тақырыбында Т.Рысқұлов АПБ ЖПК ЮПТ аға инспекторы, полиция майоры Д.Жанасов, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының инспекторы Ж.Егембердиев, Т.Рысқұлов АПБ-нің ювеналды полиция тобының аумақтық инспекторы полиция лейтененанты Ахмет Нартай Мұратұлының қатысуымен жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту, есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру мақсатында дәріс өтті.

14.05.2024
ӘРБІР ОТБАСЫ БАҚЫТТЫ БОЛСЫН

Отбасы - тіршіліктің тірегі, балалары баға жетпес байлығы екенін дәріптей отырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты, ынтымақты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру, ата- ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілікті мейлінше арттыру мақсатында колледж психологы А.Б.Шайлаева 1 курс студенттерінің ата- аналарымен “Әрбір отбасы бақытты болсын” тренинг-семинар өткізді. Тренинг барысында түсіндіру, топтық жұмыстар, эксперименттер жүргізіліп, ортада ой бөлісіп, пікір алмасты.

13.05.2024
АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН БАТЫР

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Кеңес Одағының батыры, әскери қайраткер, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына орай «Аты аңызға айналған батыр» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолы, ұмытылмас батырлығы, қазақ халқына сіңірген еңбегі, дүниеден өткенше әскери салаға өмірін арнаған ұлт мақтанышы болғаны туралы айтылды.

10.05.2024
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАДІРЛІ ҰЛДАРЫ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында кітап көрмесі жасалды. Көрмеге Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев және Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов туралы деректер оқырмандарға ұсынылды.

06.05.2024
7 МАЯ ДЕНЬ ЗАЩИТНИКОВ РОДИНЫ

Сотрудник Лугового военного гарнизона No42062 3-го разряда сержант Р, по случаю "7 мая, Дня защитников Родины" в Агротехническом высшем колледже Кулан. А. Состоялась встреча студентов колледжа с Исмамбетовым. В ходе учебного совещания студенты-военнослужащие обсудили долг каждого мужчины перед родиной и статус военнослужащих.

06.05.2024
"ТОҚТА, ВАНДАЛ» ТОП САҒАТЫ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде "вандализм" ұғымы туралы түсінік беру, мәдени, материалдық құндылықтарды сақтауға мотивация қалыптастыру, патриотизм сезіміне тәрбиелеу мақсатында"Тоқта, вандал"тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Топ сағатында студенттерді тазалыққа үндеп, аулымызды күтіп ұстауға,спортпен айналысуға, қоғам мүлкін бүлдірмеуге, әр адам туған ауылына құрметпен қарау қажеттігі , вандализм жасағаны үшін, заң бойынша жазалануы мүмкіндігі туралы айтылды.

06.05.2024
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенті Афанасенко Надежда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Живое слово» студенттік ғылыми үйірмесі ұйымдастырған «Человек в коммуникации: категория вежливости и речевая агрессия» тақырыбы аясында өткізілген конференцияға қатысты.

Студенттің «Конфликтная коммуникация в сетевом и публичном пространстве» тақырыбында ұсынған жұмысы үздік деп танылып, І дәрежелі дипломмен марапатталып, жетекшісі орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Шихова Разальяға алғыс хат табысталды.

06.05.2024
«АҚЫРТАС ҚАЛАШЫҒЫНА ЭКСКУРСИЯ»

БЕЙНЕРОЛИГІ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенті Қалдыбай Ақжүрек М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының «Сервис» студенттік ғылыми үйірмесі ұйымдастырған «Қазақстанның оңтүстік өнірінің туристік көрікті жерлері» тақырыбында өткен үздік экскурсиялық бейнеролик байқауына қатысты.

Студенттің география пәнінің оқытушысы Эльвира Бигонысованың жетекшілігімен «Ақыртас қалашығына экскурсия» тақырыбында ұсынған бейнеролигі І орын иеленді.

06.05.2024
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Президентіміздің жарлығымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» акциясы Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жалғасын табуда. Оқу орнының ауласында негізі қаланған «ҰРПАҚ сабақтастығы» аллеясына бүгін Т.Рысқұлов ауданының әкімі Е.Есіркепов басқарған ауданның және Құлан ауылының мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, колледж ардагерлері, педагогтері және студенттерінің атсалысуымен 58 түп көк шырша ағаштары отырғызылды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған шаралар легі алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

06.05.2024
"БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН РЕЕСТРГЕ ТІРКЕУГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ" АУЫЛ КОЛЛЕДЖДЕРІНЕ ТІРЕК КОЛЛЕДЖДЕН ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

2024 жылдың 29 сәуір күні тірек колледжі болып саналатын Құлан агротехникалық жоғары колледжінің базасында ауыл колледждеріне арналған тәжірибелік семинар өтті.

Семинарға Меркі, Сарысу, Шу, Қордай ауданындағы колледж директорларының орынбасаларлары, инженер-педагогтері қатысты. Құлан агротехникалық жоғары колледжі директорының оқу-ісі, әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарлары аудан, ауыл колледждеріне білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ақпараттық жүйеге сапалы енгізу процесін, ББ әдістемелік ұсынымға сәйкес дайындау жолдарын жан-жақты көрсетті. Білім беру бағдарламаларын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес әзірлеуде кездесетін мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берілді. Ауыл колледждеріне әдістемелік қолдау жұмысы жалғасын таба бермек.

30.04.2024
ҚАЗАҚСТАН ДОСТЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 1 мамыр мерекесі қарсаңында көп ұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізі екенін, өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында студенттер арасында «Қазақстан достықтың мекені» ұлттар достығы фестивалі өтті. Фестиваль аясында ұлт өкілдерінің салт~дәстүрі мен тағамдарын таныстырып, ұлттық әндер орындалып,билері биленді.

29.04.2024
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес студенттердің дәстүрлі ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Ғылым жолындағы студенттер – болашақтың инновациялық әлеуеті» тақырыбы аясында өтті. Студенттердің ғылыми-ізденушілік қабілеттерін дамыта отырып, кәсіби білімдерін жетілдіру, жетістіктерін насихаттау мақсатында өткен іс-шараға колледждің 11 студенті қатысып, жетекшілерімен жыл бойы атқарған жұмыстарын ұсынды.

Педагогтерге білім алушының кәсіби қалыпттасуына ықпал жасап, шығармашыл ойлай алатын жан жақты тұлғаны қалыптастыру жолында сәттілік тілейміз.

29.04.2024
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ -2024

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің директоры Мұсақұлов О.Н. бастаған кәсіби бағдар беру тобы мектеп түлектері арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Колледждің ақпараттық насихаттау тобы Т.Рысқұлов ауданындағы негізгі және орта мектептердің 9 сынып оқушыларына оқытылатын мамандықтар, оқу орнының материалдық техникалық базасы, жетістіктері, алға қойған мақсаттары мен міндеттері туралы мағлұмат беріп, колледжге оқуға түсуге шақырды.

26.04.2024
«ЖАҢАША ОҚЫТУ - ЖЕТІСТІК КӨЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КОУЧИНГ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Жаңаша оқыту - жетістік көзі» тақырыбында коучинг өткізілді. Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында өткізілген іс-шарада оқытушылардың педагогикалық іс - әрекеттерін жүзеге асыру, инновациялық технологияларды игеру бағытында әдістемелік көмек көрсетіліп, математика пәнінің оқытушысы Бозшалова Айпаш Тажибаевнаның тәжірибесі таратылды. Педагогтер өз кезегінде студенттердің білімін бақылау және бағалау әдістерін жүзеге асыру бойынша өздерінің пікірлерімен бөлісті.

24.04.2024
АНА – ОТБАСЫНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Аналар күніне» орай аналар мен колледж арасындағы қарым-қатынасты ұлғайту мақсатында колледждің «Анаға тағзым» орталығында «Ана-отбасының ұйтқысы» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг барысында аналар «Ащы пияз» аңызын тыңдап, отбасы құндылықтары туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар аналар «Аяқталмаған сөйлем», «Кедергілер» психологиялық жаттығуларын орындады, «Отбасы бақыты» әңгімесін тыңдап, бір-бірлеріне жақсы тілектерін білдіріп, пікір алмасты.

19.04.2024
«WORLDSKILLS QULAN -2023» ЧЕМПИОНАТЫ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, жоғары білікті мамандардың дәрежесін көтеру мақсатында Worldskills чемпионатының 1-ші колледжішілік кезеңі өткізілуд. Кәсіби сайысқа қатысушы 48 үміткер өз шеберліктерін 9 құзыреттілік бойынша додаға салды.

Байқау эксперттерінің шешімімен келесі жеңімпаздар анықталды:

1. «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша

І орын - Джуматаева Анастасия, жетекшісі Байсақалова Жанар

19.04.2024
КОЛЛЕДЖДІ КӨГАЛДАНДЫРУ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде республикалық "Таза Қазақстан" акциясы аясында мекеме ауласын абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда. Колледж педагогтері оқу орнының ауласындағы гүлзарларға 30 түп гүл ағаштарының көшеттерін отырғызып тазалық жұмыстарын жүргізді.

19.04.2024
СТУДЕНТТЕР ОЛИМПИАДАСЫ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес қазақ тілі, математика, физика, Қазақстан тарихы пәндерінен облыстық олимпиаданың колледжішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға қатысушылар, тест тапсырмаларын орындап додаға түсті. Жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды. Студенттерімізге сәттілік тілейміз.

18.04.2024
«ҰЛ БАЛА – ҰЛТ ҚОРҒАНЫ»

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 2024 жылдың 18 сәуір күні ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында колледждің 1 курс ұлдарымен және "Әкелер кеңесі" мүшелерімен «Ұл бала - ұлт қорғаны» атты ұлдар жиналысы өтті.

18.04.2024
ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ - СЫРДА ТУҒАН СҰҢҚАР АҚЫН

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамаcы аясында «Әбділда Тәжібаев - сырда туған сұңқар ақын» тақырыбында жатақхана студенттерімен әдеби кейс өткізілді. Халық айнасы болған қаламгердің өрісті ой, өшпес көркем мұрасын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында студенттер жазушының өмірі туралы деректі фильм көріп, шығармаларын мәнерлеп оқыды, сонымен қатар ұяшықтарға жасырылған викториналық сұрақтарға жауап берді.

17.04.2024
КӘСІПТІК БАҒДАР – БОЛАШАҚ ТАҢДАУҒА ЖОЛ

Колледждің кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспары шеңберінде 2024 жылдың 2-5 сәуір күндері аралығында Т.Рысқұлов ауданы мектептерінің 9 сынып оқушылары мен кәсіптік бағдар беру мамандарын қамтитын «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты - оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, Халықаралық WorldSkills талаптарына сай жабдықталған құзыреттілік орталықтарымен, студенттерге жасалған жағдайлармен таныстыру арқылы қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу.

13.04.2024
БАЛА ТӘРБИЕСІ - ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

2024 жылдың 13 сәуір күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Бала тәрбиесі - өзекті мәселе» тақырыбында жалпы колледждік ата-аналарымен жиналысы өтті. Жиналысқа Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің басшысы Сатылғанов Байжан Жақсылықұлы, Т.Рысқұлов ауданы прокурорының көмекшісі Бейсенбаев Бексұлтан Нұржанұлы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Байдаулетова Тұрғын Турсыналиевна, Т.Рысқұлов аудандық аналар кеңесінің мүшесі Утеулиева Ғалия Майлыбайқызы, колледждің ата-аналар комитетінің төрайымы Махамбеталиева Ақжарқын Алиевна шақырылды.

17.04.2024
БОС ЖҰМЫС ОРЫНҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

«Құлан агротехникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Мекен жайымыз: индекс 080900, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 318 үй 8(72631) 4-17-38, (E-mail) kulan1923@mail.kz

Бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға алады:

«Педагог- психолог»   лауазымына - 1 бірлік;
«Әлеуметтік - педагог» лауазымына - 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек жалақысы: біліміне, біліктілік санатына, сондай – ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

13.04.2024
"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕНБІЛІК

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің педагогтері, қызметкерлері және студенттері республикалық "Таза Қазақстан" акциясының аясында колледж ауласында эстетикалық және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатымен көктемгі сенбілік жұмыстарын атқарды: талдардың түбін қопсытылып, әктелді, көгалдандыруға 20 түп шырша ағашы және 50 түп раушан гүлдері отырғызылды. Алдағы уақытта бұл акция оқу орнында жалғасын табады.

12.04.2024
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жасөспірімдерді төтенше жағдай туындаған жағдайда қорғану нормаларымен таныстыру мақсатында Т.Рысқұлов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері полковник Н.М.Кадырхановпен кездесу өтті. Кездесу барысында құтқару қызметкері су тасқыны, жер сілкінісі кезінде атқарылатын іс-қимылдар туралы әңгімелеп, студенттерге адам өмірінің қауіпсіздігі басты мәселе екендігін түсіндірді.

11.04.2024
Қарияға қамқорлық

Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «85 игі іс» жобасы аясында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің волонтерлары ардагерлерімізді ардақтап, оларды қашанда, қамқорлық аясынан тыс қалдырмау мақсатында Қабаев Нұрбек, Шілдебаев Айдынбек сынды колледждің ардагер ұстаздары мен ауыл қариясы Қадырқұлов Өмір ақсақалдың үйінде болып, үй ауласын, қора жайын тазалап «Қарияға қамқорлық» қызметін көрсетті. Ардагер ұстаздар көмек қолын созып, игілікті іс жасаған волонтерлер мен колледж белсенділеріне шынайы ризашылығын білдірді.

10.04.2024
«ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДЫҢ ҮЗДІК ШЕБЕРІ -2024» ЖЕҢІМПАЗЫ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің Агрономия мамандығының өндірістік оқыту шебері Ж.Даулетов облыстық «Өндірістік оқытудың үздік шебері -2024» кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңіне қатысты.

Байқауға педагог инновациялық портфелін ұсынып, «Шебердің қолы ортақ...» тақырыбында шығармашылық жұмысын қорғап, комиссия шешімімен І орынға ие болды.

09.04.2024
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігінің «Кәмелетке толмаған құқық бұзушының әлеуметтік бейімделу бағдарламасы» жобасы бойынша Құлан агротехникалық жоғары колледжінде іс –шаралар жоспары әзірленіп, жасөспірімнің жеке басын дамыту, әлеуметтік – психологиялық бейімсіздіктің алдын алу және түзету үшін жағдайлар жасау арқылы, құндылық –семантикалық саланы және өз өмірі үшін жауапкершілікті қабылдау және іс –әрекеттің салдарын болдырмау мақсатында түрлі іс-шаралар жүргізілді.

08.04.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі.

Құрметті отандастар!

Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.

Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.