КОЛЛЕДЖ ЖАТАҚХАНАСЫ
Құлан агротехникалық колледжі бұрынғы Жамбыл зоотехникалық мал дәрігерлік техникумы, республикамыздағы байырғы орта кәсіби оқу орындарының бірі 1963 жылы Талас ауданы Ақкөл ауылынан Луговой ауылына көшірілді. 1963-1973 жылдар аралықтарында жатақхана қазіргі орталық поликлиника орнында орналасқан болатын.1973 жылы жаңа жатақхана 536 орынмен пайдалануға берілді.
Жатақханаға орналасқан студенттерге тәлім- тәрбие беруге қызығымен бөлісе білген тәрбиешілер Қарсыбаев Ақтанберді Ахатович, Тұрмаханбетова Бейсекүл , Соловьева Валентина Андреевна, Тушмаева Шүйгінкүл болды. Жатақханада комендант міндетін атқарғандар Аббасов Саид, Көпбергенов Темірланның еңбектері көп.
Еліміз егемендігін алған алғашқы жылдардағы экономикалық қиыншылықтар біздің техникумға да әсерін тигізбей қоймады. Осыған байланысты 1992 - 2011 жылдар аралығында жатақхана бос тұрды.