- Стратегиялық даму жоспары Құлан агротехникалық жоғары колледжі 2021-2025 жылдарға арналған
- WORLDSKILLSS
- ТАҒЛЫМДАМА
- ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕР
- ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША КЕЛІСІМ ШАРТТАР ТІЗБЕСІ
- КОНФЕРЕНЦИЯ, ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
- ТҮЛЕКТЕР БАЗАСЫ
- ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯ
- ОҚУ ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
- ЖАС МАМАН жобасы
- ИНДУСТРИАЛДЫ КЕҢЕС
Ауылым – алтын бесігім
Экранда Құлан ауылы туралы видео көрсетіліп тұрады
Ауылым-алтын бесігім.
Жүрегім, жырым сенікі
Кеңесі далам, кең далам.
Тудым,өстім, есейдім,
Ең далам-анам, мен-балаң!
Құрметті қонақтар,түлектер, колледж ұжымы бүгінгі «Ауылым-алтын бесігім» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
( Ауылым туралы ән тыңдау- 4к1т Агрономия мамандығының бітіруші түлегі )
Мақсаты: Студенттерге руханиятымыздың темір қазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы туған жері ауылына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әрбір азамат ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспетті.
Ауыл идеологиясы ұлт пен мемлекеттің идеологиясының мәйегі, күретамыры және өркендеу түбірі болып келді. Сонау кеңестік дәуірдегі және бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның саяси элита тарихына көз жүгіртсек, республиканың жоғары басшылық қызметкерлерінің 80 пайызы ауылда еңбек еткендер екен. Елбасымыздан бастап барлық басшылар тобының басым бөлігі ауылдан түлеп ұшқан. Бір сөзбен айтқанда, біздің саяси элитаның жарқын өкілдері ауылдан шыққандығы көп жағдайды аңғартатыны сөзсіз. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап жаңа формациялық қалыпқа өту үдерісі ауылға да түбегейлі өзгерістер әкелді. Бүгінгі жаһандануға бет бұрған әлемде біз төл руханиятымызды дамытып, ауылды сақтау ел мен жерді сақтаудың ата-бабаларымыз көрсеткен дана жолы деп қабылдауымыз керек. Уақыт соны көрсетуде. Ес жиып, жоғымызды түгендегеннен кейін бұл мәселеге бүкіл қоғам болып қайта оралуымыз да қазіргі заман талабынан туындап отыр. Әсіресе, халқымыздың бас көтерер сарқылмас қорын түзген ауыл зиялыларының жағдайы бүгінгі күні қалай деген сауалға қатысты нақты жауап беретін кез келді. Ақсақалдан балаға дейінгі ұрпақаралық байланысты қамтамасыз еткен тарихи тамырлар басқаша сипат ала бастады.
Сол себепті ауылға жаңа серпін, тың тыныс беретін кез келді. Ауылды көтеру ісі – әр қазақты қадірлеу деген ұлттық ұстанымды көрсетеді. Әрбір қазақ өзінің өсіп-өніп шыққан ауылына игі қадамдар жасауды атамекенге деген перзенттік парызы іспетті іс санаған. Бұл біздің халықта ежелден келе жатқан жақсы дәстүр. Ол дәстүр халқымызда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жаңа мазмұнға ие болды. Қазақ ауылдарындағы беделді әрі бай-қуатты адамдар өз қаржыларына дарынды балаларды оқытып, ұлттық элитаның түзілуіне ерекше қызмет етті. Міне, осындай ауыл үшін игілікті істі ұлт болып бірлесе атқаруға үн тастайық. Әсіресе, ауылдан шыққан ауқаттыларды ауыл балаларының арнаулы және жоғары оқу орындарынан ауылына қажет мамандықтар бойынша білім алуына жағдай жасауға жұмылдыру қажет деп санаймын. Қазақтың мәрт меценаттары әр заманда болған және бола да береді деген сенім зор.
Осы тұста біздің ауданның да меценаттары «Шәушен» шаруа қожалығы басшысы Қодасова Балжан ауылыма білікті білімді ауылшаруашылығы мамандары қажет деген мақсатта Ветеринар мамандығының білімгерлерін өз қожалығында тәжірибеден өткізіп , барлығына 100 м көлемінде ақша берді, және осы колледждің жақсы оқитын 3 түлектері мен өз шаруашылығында тәжірибеден өткен 2 студентке осы оқу жылына қыркүйек айынан шілде айына шейін 5 м көлемінде «Сайранбай ата» (атаулы шәкірт)атындағы стипендияны тағайындап отыр.
Олай болса ол кісінің туған жерге ауылына қосқан салымдары туралы өз аузынан естісек.
Сондай –ақ біздің әлеуметтік серіктесіміз, колледжің жәнәшір тұлғаларының бірі «Қайқы» шаруа қожалығының басшысы Мамырбаев Сатжан ағамыз- былтырғы оқу жылында Теплицаны жөндеу жұмыстарына 10000 м теңге колледжге жардем беріп, 2 студентке 5м көлемінде стипендия беріп отырды және бітіруші түлектердің білімін бағалау мақсатында қорытынды аттестацияға да қатысты.
Сондай –ақ «Ауылым, Әрбір қазақ өзінің өсіп-өніп шыққан ауылына игі қадамдар жасауды атамекенге деген перзенттік парызым деп санайтын , тағы да бір әлеметтік серіктестігіміз « » ш/қ басшысы жеке кәсіпкер Ертіс Тұғылшиев ағайымызға сөз берсек.
«Алрай» ш/қ басшысы Айнагүл апайымыз былтырғы оқу жылында 2 студентке 5 м шәкірт ақы берді және қорытынды аттестацияны алуға зор үлесін қосты.
ІІ. Үлгі алатын өнегелі дүние. Жаңа заманның жаңа талаптарына бейімделіп, кез келген өзгерісті қабылдау үшін ең алдымен ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды сақтай отырып, терең білім мен зерделі ғылымды дамыту шарт.
Өз тәжірибемізге келсек, Құлан агронтехникалық жоғары колледжі мемлекеттік саясат ұстанымдарына сүйене отырып, Елбасы анықтап берген нақты стратегиялық бағыттармен жұмыс істеп келеді. Биыл 98 жылдық белесіне жеткен отандық аграрлық білім мен ғылымының қара шаңырағы, ауыл шаруашылығының ең басты ғылыми даму тарихының негізін салушы, ұлтымыздың аграрлық сала мамандарының ұстаханасы саналатын колледжіміздіің негізінен ауыл экономикасын көтеруге қызмет ететін білікті кадрлар даярлайды. Ауылдан шыққан жастар білім алатын колледж түлектерінің басым бөлігі бүгінде ауыл зиялыларының қатарын қалыптастыруға негіз бола жүріп, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбекке араласып, елге қызмет етуде.
Атап айтатын болсақ Сенат депутаты Қ.Айтағанов, генерал – майор Ардақ Әшімбекұлы Мырзахметов , ҚРауылшаруашылығы министрлігінде бас маман Е.Құттыбаев, А. Солтыбаев Еркінбек Жамбыл облысы «Ардагерлер кеңесінің » төрағасы, Мақтанышбен ғасыр жазушысы Ш.Айтматов біздің коллледжімізді аяқтағанын айта аламыз
Ал енді өзіміздің ауылда осы мәселені біздің колледждің түлегі – жеке кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер – колледжіміздің әлеуметтік серіктестігі Тұғылшиев Ертіс, Жеке ветеринарлық клиникасын ашқан - Ибрагимов Айбек, Иматаев Ерболат , Кертаев Қанат- Жамбыл облысы Ветеринарлық қызметінің Т.Рысқұлов ауданы ветеринарлық ШҚЖ КМК мал дәрігерлері , аброймен өз жұмыстарын атқарып оқып жүрген студенттерге тәлімгер болса бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыруға себебін тигізіп, қолдап жебеп жол көрсетіп жүрген азаматтар ,
Ертаев Еркебұлан, Қысық Тілек колледжіміздің түлегі колледжімізде жас буындарға білім нәрімен сусындатып жүр
– Олай болса Ауылыма, колледжіме деген сүйіспеншілігі туралы ойларын білдірсе.
.
Бұл бағытта, әсіресе, ауылды дамытуға қатысты тың бастамалардың оң нәтиже бере бастауы көңіл қуантады. Елбасының ауылды көтеруге байланысты көтерген бастамаларын қоғамның барлық деңгейінде жаңғыртып, халықтың санасына жеткізу парыз. Бүкіл қазақстандықтарды ауыл проблемасына көңіл аударту арқылы мемлекеттік беріктігімізді де күшейте түсеміз. Ол үшін «ауылдың өркендеуі – мемлекеттің өркендеуі» деген егіз ұғым екенін естен шығармағанымыз абзал., елдің азық-түлік қауіпсіздігінің төркіні ауылда екенін ұғынуға тиіспіз. Бұл ретте ауылдың жаһандық экономикалық үдеріске енгенін ескеруді бүгінгі әлемдік экономикалық жағдай анық байқатты. Ауылға өзгеріс пен жаңалықты әкелетін білім мен ғылым. Білім мекемелерінің түлектері жаңа форматтағы ауылдың темірқазығына айналуы тиіс. Біз бұл істі бастап та қойдық Бітіруші түлектеріміз өз ауылына кіндік қаны тамған жеріне жұмысқа тұруының өзі , еліне, жеріне деген патриоттық сезімі , сүйіспеншілігі екені байқалады.
2020 жылғы бітірген түлектер саны – 178 болса соның ішінде 81 түлек өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқаны нұр үстіне нұр болып тұр, әрине Өкмітіміздің 6 айлық бағдарламасы жұмысқа орналасу да себепші болып тұр.
ІІІ. Біздің мақсатымыз – ауыл-ауылдардан келген студенттерімізге тиісті білім беріп қана қоймай, олардың Ел мен Жердің қасиетін бағалайтын, туған топырақтың қадірін біліп, ауылын қадірлейтін және сол ауылдың зиялысына айналатын тұлға ретінде қалыптастыру. Біз ауыл зиялыларын қалыптастыру ісі – ел іргесінің тірегін нығайту үшін жасалып келе жатқан қадам екеніне айрықша назар салудамыз
Аталар жолымен , ағалар ізімен деген нақыл сөзді ескере отырып, Осы уақыттан пайдаланып колледжімізде биыл екінші жыл «Түлектер аллеясын» ұйымдастыру туралы акциямызды жариялауға рұқсат етіңіздер
8 топ бітіргелі отыр
Ол туралы колледжімізді 2021 ж бітіретін түлектердің пікірін тыңдасақ
4к1т Агрономия мамандығының бітірушісі- Диас, 4к1т Вет -- бітірушісі - Эльвира.
3к1т Электриктер, 3к1т Жеміс-көкеніс өсіруші , 3к2т Жеміс-көкеніс өсіруші –
3к1т Дәнекерлеу ісі 4к2т Ветеринария - 4к1 Аж-
Бір сөзбен айтқанда, жастардың ауылдың тіршілігімен, ондағы халықтың өмірімен таныс болғаны дұрыс. Бүгінгі ауылда қызмет етіп жүрген жас ертең елге қызмет ететін басшы болады. Ол болашақ тірегі – зиялы қауым өкілі болып толысады. Жастардың ауылға деген көзқарасын өзгерту шараларын батыл іске асырсақ мәні зор үлкен іс болмақ. Жастарды осы бағытта тәрбиелеуіміз ел үшін, қоғам үшін кезек күттірмейтін керекті шаруа. Қазіргі қоғам осы бағытта не істеді және алдағы уақытта қандай деңгейдегі шаралар атқара алады? Қоғам болашақ зиялы орта үшін жауапкершілікті өзі алып, оны абыроймен атқаруға жауапты. Бүгінде біз әлемге өзімізді демократиялық жолмен дамып келе жатқан ашық, жариялы қоғам деп мәлімдеп отырмыз. Ауылда мемлекет жүргізіп отырған аграрлық сала, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру, адамзатты емдейтін ветеринария мамандары салаларындағы реформалардың жемісін көруге болады. Ал азаматтық қоғам, адам құқықтары жөніндегі мәселелер ауылда әлі де болса қолдауды қажет ететінін ешкім де жоққа шығара қоймас. Осыған орай білім алған көзқарасы кең, көзі ашық азаматтар ауылға барса, ондағы демократиялық құндылықтардың қалыптасуына біршама ықпал етеді. Жаһанданған әлемнен өзінің айшықты орнын табу үшін мемлекетімізде заманауи идеялар мен озық технологияларға баса мән берілуде. Осы орайда ауылдың да технологиялық жүйедегі өндірісті қалыптастыру дүниесін игере алатынына көз жеткізудеміз. Әсіресе, еліміздің ірі қалаларына қатысты агломерациялық мәселесін шешуде және оны мықтап қалыптастыруда инновациялық технологияларды батыл енгізу нәтижесінде өркендеген ауыл шаруашылығы ауылдық елді мекендерді қуаттандыра түсетіні сөзсіз. Экономикалық әртараптандыру мәселесі де ауылға жат дүние емес. Оның аграрлық секторға да қатыстылығын және ауыл үшін де тиімді жақтары бар екенін ескеруіміз керек. Елбасы Қазақстанды жаңартудың түпкілікті мақсаты – барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының, мәдениетінің, білімінің, ғылымның, денсаулығының жақсаруы екендігін үнемі бірінші кезекке қойып келеді.
Колледжіміз бүгінгі таңда жаңа инновациялық технологиялар мен жабдықталған клиникамыз, дәнекерлеу цехіміз, агролабораториямыз, ет, сүт цехтеріміз , модульді гаражымыз жұмыс істеуде. Теплицада ғылыми жұмыстар жүргізуге шарттар жасалған. Әсіресе, ауылдың елдің жас буын өкілдерінің озық біліммен сусындап, жаңа технологияларды игере алуына аса мән берілуде. Осы халықтық саясат арқасында елдің әл-ауқаты көп өзгерді. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанды бүгінгі Қазақстанмен мүлдем салыстыра алмаймыз. Мемлекетіміз тәуелсіздік алған кезде әлем мемлекеттерінің арасына 140-орынды иеленсе, қазір бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына орнықты. Ендігі меже – ең дамыған 30 елдің санатына қосылу.
Қорытынды: Қазақ халқының алтын тамыры – атамекен ауыл екенін әрбір қазақстандық жас жете түсінетін уақыт келді. Ауылдағы жастарға, қаладан келетін жастарға және ауылға қайта көшіп баратындарға ұзақ мерзімді жаңаша экономикалық жағдай жасау бағдарламасын қоғам болып ұсынуымыз керек. Ол үшін білімін күшейтіп, мәдениетті қалыптастырып, көркіне көрік қосып және азаматтарына рух беру маңызды. Қазіргі ауылдың әл-ауқатын көтеру, оны нағыз іспен қолдайтын, нақты көмек қолын созатын мемлекеттік іс – ол тың көзқарастағы жаңаша түзіліп, қабылданатын «Ауылым – алтын бесігім» бағдарламасы болады деген сенімдемін. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей ауылды көркейту бір ғана ынтамен шешілмейді, осы салада жұмыс істейтін әрбір адамнан ғылым жетістіктерін, оны өндірісте пайдалану тәжірибесін игеруді талап етеді. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген халық нақылы қалтқысыз. Бүгінде Қазақстан халқының 43 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Олардың ішіндегі жартысына жуығы жастар. Осы орайда мемлекет беріп отырған оңтайлы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ауыл жастары заманға сай озық білім алып, жинақтаған мол тәжірибелерін егемен еліміздің іргесін мықтауға, экономикамызға серпін беру ісін жандандыра түсуіміз қажет. Елбасының көрегендікпен ауыл проблемасын шешу жолдарын тікелей қолдауы және үнемі бақылауда ұстауы мемлекетіміздің стратегиялық даму бағыттарының бірегей екенін байқатты. Жақсының жақсылығын көріп, барды бағалай білсек, біз алмайтын белес жоқ. Қоғамымыздың өрелік көрсетер өрісі де осы болашақ «Ауылым – алтын бесігім» бағдарламасы деген пікірдемін. Ауыл – алтын тамыр. Алтын тамырымыздан қол үзбейік, ардақты түлектер мен жас достарым. Сау сәлеметте болыңыздар.
3буын «Біз біргеміз» идеясымен жоспарларымыз іс жүзіне аса берсін деп бастап берейік 15 памир аршасын колледжіміздің бағына отырғызуға шығайық.