• Жаңалықтар

            • 23.09.2022

            • ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН

                    Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде  Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаевтың өмірі мен еңбек жолын жастарға насихаттау мақсатында  «Еңбекпен өрілген өмір» тақырыбында кездесу кеші өтті. Аудан көлемінде өткен іс-шараға С.Дөненбаевтың бауыры Буланбаев Дархан, жары Қолдасова Балжан, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Еспенов Ерғазы қатысты.

                  Тынымсыз тірліктің арқасында қарапайым шопаннан, алып шаруа қожалықтың иесі атанған С. Дөненбаев  маңдай терімен тапқанын ел игілігіне жұмсап ауданның және өзінің туған ауылының көркеюіне өз үлесін қосып 20-дан астам нысан салып берген адал азамат. Қазіргі таңда «Шәушен» шаруа қожалығы 200-ден астам адамды жұмыспен және тұрақты баспанамен қамтыған. Қожалық жұмысшыларының балаларына арналып 92 орындық бала бақша мен интернат салынған.

                  Колледждегі игілі іс-шара барысында кеш қонақтары  ауданымыздың танымал азаматы болған, өңіріміздегі ең ірі өндіріс орны, колледжіміздің әлеуметтік серіктесі «Шаушен» шаруа қожалығының негізін қалаған,  Қазақстан Республикасының Еңбек ері Сайрамбай Дөненбаевтың еңбекпен өрілген өмірі туралы әңгімелеп, жастарды тынбай еңбек етуге шақырды.

            • 21.09.2022

            • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ    

                   2022 жылдың 21 қыркүйек күні Астана қаласында  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің,  Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру басшыларының республикалық кеңесі» өткізілді. Кеңеске Құлан агротехникпалық жоғары колледждінің директоры Олжас Мұсақұлов қатысып, техникалық және кәсіптік білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылауға қатысты.

            • 19.09.2022

            • АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

                    Құлан агротехникалық жоғары  колледжінде  1 курс  студенттерінің ата-аналарымен  «Жасөспірім және ата-ана» тақырыбында   жиналыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты ата-ананың баласы жайлы көбірек білуіне, қазіргі заман талабына сай көзқарас қалыптасуына ықпал ету. Колледж директоры жасөспірімнің бүгінгі істеген қадамы оның ертеңгі  тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өтіп, ата-аналарды бала тәрбиесіне  жауапкершілікпен қарауға шақырды.

                  Колледж  әкімшілігі мен  топ жетекшілері  қатысушыларға оқу орнының ішкі тәртіп ережесімен таныстырып,  білім мекемесінің аумағына әкелуге  тыйым салынған заттар, құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған студенттердің  заңды  өкілінсіз жүрмеуі, ойын сауық, мейрамханаларда, кафелерде жұмыс істемеуі  туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп,  ата-аналардың сұрақтарына  жауап берді.

            • 19.09.2022

            • ЖАТАҚХАНА  ЖИНАЛЫСЫ      

                   Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жатақханасында   колледж әкімшілігі, жатақхана меңгерушісі, педагог-ұйымдастырушы,  жатақхана тәрбиешілерінің және жатақхана студенттерінің қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыста студенттердің жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері қаралды: студенттердің тәртібі, суды тиімді пайдалану,  электр пештерді үнемді қолдану, тұрмыстық бөлмелерде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау ,  бөлмелерді таза ұстау бойынша сұрақтар қарастырылды. Колледж  жатақханасында тұратын студенттер үшін жатақхана ішкі тәртібіне қатысты  әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу жөнінде профилактикалық  жұмыстар жүргізілді.

            • 15.09.2022

            • 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІ КІТАПХАНАМЕН ТАНЫСТЫ

                    Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жаңа оқу жылының алғашқы күндерінен бастап бірінші курс студенттеріне колледж кітапханасымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Кітапханашы студенттерді кітапхананың ресурстары мен қызметтерін пайдалану ережелерімен, кітапхана қорымен, кітапханада өткізілетін мәдени іс-шаралармен, электронды оқу залымен таныстырды.

            • 15.09.2022

            • ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

                     Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауы студенттер арасында талқыланды. Жолдаудың бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.   Жолдаудың негізгі бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды. Президент айтқан мақсат-міндеттер студенттердің көңілінен  шықты. Жастардың басым бөлігі экономикалық, әрі әлеуметтік салаларға көңіл бөлінгенін құптайды.  Сонымен қатар студенттер қазіргі таңда Үкімет тарапынан жастарға жасалып жатқан қолдау, болашағымызға жасалған мүмкіндік екеніне көз жеткізді.

            • Шешім

            • Педагогтерді бос лауазымға тағайындау конкурсының

               комиссия отырысының  шешімі 

               

              1.  Ағылшын тілі оқытушысы бос лауазымына (жылдық жүктемесі 744 сағат) орналасуға үміткерлердің конкурстық құжаттарын қарау бойынша шешімі:

                   1) Майтанова Венера Хиясовна конкурстан өтті деп есептелсін.

                  2) Колледж директорына ағылшын тілі оқытушысы лауазымына тағайындауға

                      жылдық 744 сағат жүктемесімен Майтанова Венера Хиясовна ұсынылсын.

                   3) Кенжебаева Лаура Ниязбекқызы колледждің кадр резервіне алынсын.

              2. Алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы  (1 бірлік)  және алғашқы әскери дайындық оқытушысы  бос лауазымына  (жылдық жүктемесі 384 сағат) орналасуға үміткерлердің конкурстық құжаттарын қарау бойынша шешімі:

                  1) Тенизбаев Ерик Бахитжанович  конкурстан өтті деп есептелсін.

                  2) Колледж директорына  Алғашқы әскери дайындық оқытушы-

                       ұйымдастырушысы  лауазымына  тағайындауға Тенизбаев Ерик                 

                       Бахитжанович ұсынылсын.

                  3) Әбди Ахмет Мұсабекұлы  конкурстан өтті деп есептелсін.

                  4) Колледж директорына  алғашқы әскери дайындық оқытушысы     

                       лауазымына 384 сағат жылдық жүктемесімен  Әбди Ахмет Мұсабекұлы     

                       ұсынылсын.

                  5) Тулесбаев Оскен Аманович конкурстан өтпеді  деп есептелінсін.

                  6) Карашев Нурбол Сулейманкулович конкурстан өтпеді  деп есептелінсін.

            • 13.09.2022

            • ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ

                   Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Қазақстан   халықтарының тілдері күніне орайластырып   студенттер арасында «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында студенттер Қазақстандағы өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет, олардың құқықтары,  Т. Рысқұлов аудандағы этнос орталығының қызметі, Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру туралы мәселелер талқыланып қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, дәуірдің дара тұлғасы Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерімен танысып, өлеңдері оқылды.

            • 12.09.2022

            • «ШӘУШЕН» ШҚ – КОЛЛЕДЖДІҢ СЕНІМДІ СЕРІКТЕСІ

                       «Шәушен» шаруа қожалығы – Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі шаруа қожалықтарының бірі. Шаруашылықтың негізін қалаушы Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев -  өзінің туып өскен Жарлысу жерінің көркейуіне үлкен үлес қосқан азамат. Бүгінгі күні, бұл қожалықты  Қодасова Балжан  басқарып отыр.

                         Қазіргі  таңда «Шәушен» шаруа қожалығы Құлан агротехникалық жоғары колледжінің сенімді әлеуметтік серіктесі. Қожалық базасында 3 жыл ішінде дуалды оқыту жүйесі бойынша 103 студентке 120-140  мың теңге көлемінде қаржылай демеушілік көрсетілді. Олардың ішінде 13 колледж түлегі жұмыспен қамтылды. «Атаулы шәкіртақы» жобасы аясында озат студенттерді ынталандыру мақсатында 1 млн жуық қаражат табысталды.

                        Б.Қодасова оқу орнының индустриалдық кеңесінің мүшесі ретінде оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеуге, қорытынды аттастаттауды өткізуге, материалдық – техникалық базаны қалыптастыруға кеңестер беріп, колледж имиджін жоғарылатуға үлес қосады.

                        2022 жылдың наурыз айынан бастап үш жақты меморандум негізінде «Шәушен» шаруа қожалығы колледжді шефтік басқаруды жүзеге асыруда. Шаруа қожалығы тарапынан колледждің жер учаскесіне мақсатында пайдалануға егістік материал,  оқу шаруашылығындағы ірі қара және ұсақ малдарды жем-шөппен қамтамасыз етуде көмек үнемі беріледі.

                         2022 жылы дуальдік оқыту жүйесі бойынша «Шәушен» ШҚ тәжірибеден өткен  Ветеринария мамандығың  екі  түлегін,  Жолдыбай Даниэль мен Мырқасым Айдынды, кәсіби құзыреттіліктерді жоғары дәрежеде игерді деп бағалап, шаруа қожалығы жұмысқа қабылдады.

            • 07.09.2022

            • ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ МІНДЕТ

                   2022 жылдың 7 қыркүйек  күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының инспекторы Ж.Егембердиев колледждің тәрбие бөлімімен бірлесіп жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және  қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін, колледждің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,  кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары  жүргізілді.

            • ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

            • БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

               Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

              «Құлан агротехникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

              Мекен жайымыз: индекс 080900, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 318 үй 8(72631)   4-17-38, (E-mail) kulan1923@mail.kz

              Бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға алады:

              1. Математика пәнінің оқытушысы - 1 бірлік.

              2. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы – 1 бірлік.

              3. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы -  1 бірлік.

              Лауазымдық еңбек жалақысы: біліміне, біліктілік санатына, сондай – ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

              Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

              Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ конкурсқа жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша бітірушілері (жас мамандар) қатыса алады.

              Қажетті құжаттардың тізбесі:

              - Конкурсқа қатысу туралы өтініш (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерінің лауазымға тағайындау, лауазымнен босату қағидаларына 10 қосымша сәйкес)

              - Жеке басын куәландыратын құжат

              - Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы

              - Білімі туралы құжаттардың көшірмесі

              - Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

              - «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы                                            30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

              - Психоневролиялық ұйымнан анықтама

              - Наркология ұйымнан анықтама

              - Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ педагогтар үшін) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)

              - Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы

              Ескерту: Конкурсқа қатысушысы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

              Құжаттарды қабылдау мерзімі: 31.08.2022 ж – 09.09.2022 ж.

            • 01.09.2022

            • КОЛЛЕДЖДЕ 1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

                      Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай 1 курс студенттеріне арналған салтанатты жиын және барлық топтарда  «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында  топ сағаттары жастарға жаңа Қазақстанның даму жолында  сапалы білім мен саналы тәрбие беру, еңбексүйгіштікке баулу, Тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін насихаттау арқылы, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатыгнда өткізілді.

                      Топ сағаттары барысында студенттер мемлекетіміздің даму тарихы, жеткен жетістіктері туралы отандық телеарналар, видеоматериалдар мен ресми ақпараттармен таныстырылды. Бұл медиаконтент студенттерге ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін ұғындырып, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастыруға, дамытуға зор үлесін қосты.