• Жаңалықтар

            • 27.10.2023

            • КӘСІБИ ДОДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

              Екі күнге созылған, кәсіби шеберліктің ІІІ Республикалық конкурсы мәресіне жетті. Қазақстанның әр өңірінен келген өз мамандығының майталмандарына және жюри мүшелеріне Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары М.А.Нысанбаев облыстық білім басқармасының алғыс хаттарын табыс етті.

              Кәсіби дода барысын саралай келе әділқазылар алқасы конкурс нәтижесін шығарды. Әділқазылар алқасы бағалау қорытындысы бойынша лайық деп тапты:

              Агрономия саласы бойынша:

              Бас жүлдеге - Ещанова Гульнар Жалгасовна, Ақтөбе облысы, Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауылшаруашылығы колледжі;

              І орынға - Болатханова Айгерім Бақытжанқызы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы;

              ІІ орынға - Сахова Салия Егембергеновна, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы;

              ІІІ орынға – Талпақова Ұлжалғас Ишанбекқызы, Қызылорда облысы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі

              Ветеринария саласы бойынша:

              Бас жүлдеге - Көпбаева Айсұлу Тұрсыналықызы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы;

              І орынға - Серикова Акмерей Маратовна, Қарағанды облысы білім басқармасының Абай көпсалалы колледжінің оқытушысы;

              ІІ орынға - Қымбатова Айдана Жумагалиевна, Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжінің оқытушысы;

              ІІІ орынға - Джубанышева Гулдаурин Хаджыбаевна, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоғары инженерлік технологиял ық колледжінің оқытушысы иеленді.

              Әділқазылар алқасының мүшелері және байқау қатысушылары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ауылшаруашылығы саласы бағытындағы оқу орындарына көрсеткен сенімі мен қолдауын жоғары бағалап, Құлан агротехникалық жоғары колледжі ұжымының республикалық конкурсты ұйымдастыру деңгейіне ризашылығын білдірді.

               

            • 26.10.2023

            • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

              Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында өтіп жатқан Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының екінші күні қатысушылардың практикалық модульдердің тапсырмаларын орындаумен жалғасуда.

              Конкурстың практикалық кезеңі әрбір модуль бойынша бір немесе бірнеше тапсырмадан тұрады. Конкурс маманның өз бейіні бойынша кәсіби құзыреттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Практикалық кезеңнің байқалатын аспектілері: іс-қимылдардың дәйектілігі, орындаудың дұрыстығы, сала стандарттарының талаптарының сақталуы, орындалу уақыты, өз іс-қимылдарының негіздемесі.

               

            • 26.10.2023

            • КӘСІБИ ДОДА БАСТАУЫН АЛДЫ

              Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы басталды. 26-27 қазан аралығында өтетін конкурсқа еліміздің 13 өңірінің 20 колледжінен ветеринария және агрономия мамандықтары бойынша 24 педагог қатысуда.

              Республикадағы ауыл шаруашылығы секторын дамыту жағдайында ауыл шаруашылығы саласындағы ТжКОБ ұйымдарының неғұрлым талантты педагогтерін анықтау және қолдау мақсатын көздейтін конкурстың барысында қатысушы педагогтер 6 модульді қамтитын теориялық және практикалық тапсырмаларды орындауда.

              Конкурстың теориялық кезінде арнайы пәндер бойынша мазмұнды қамтитын тест сұрақтарына жауап берілді және тәжірибелік жұмысты орындау кезіндегі іс-қимылдардың бірізділігін құрастыру тапсырмалары орындалды.

              Конкурстың практикалық кезеңі әрбір модуль бойынша бір немесе бірнеше тапсырмадан тұрды және жұмыстарды бағалауда келесі аспектілер ескерілді: іс-қимылдардың дәйектілігі, орындаудың дұрыстығы, сала стандарттарының талаптарының сақталуы, орындалу уақыты, өз іс-қимылдарының негіздемесі.

              Әділқазылар алқасының байқауға қатысушылардың кәсіби шеберлігін бағалау электронды түрде жүргізілуде.

               

            • 26.10.2023

            • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫ

              Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 31.01.2023 жылғы №13-05-04/564-И хатына сәйкес және ҚР БжҒ министрінің «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» 07.12.2011 жылғы № 514 бұйрығы негізінде 2023 жылдың 26-27 қазан күндері аралығында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құлан агротехникалық жоғары колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша ІІІ-ші Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өткізіледі.

              Ветеринария және агрономия саласы бойынша байқауға қатысуға Қазақстанның 13 облысының 20 колледжінен 26 педагог қызметкер қатысуға ниет білдірді.

               

            • 23.10.2023

            • 25 ҚАЗАН - РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС ШАРА

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 23.10.2023 ж студенттерді туған жерін, туған елін ардақтап өтуге үйрету, бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі — туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру және Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Ұлттық мереке 25 қазан – Республика күніне арналған «Республика! Ерікті ел – Қазақстан!» атты салтанатты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеште Мемлекеттік Әнұран орындалып, патриоттық әндер айтылды және отансүйгіштік сезімдерінің жандануына септігін тигізетін бейнероликтер көрсетілді. Дарынды студенттер өткенге тағзым ете отырып, болашаққа жарқын көзқараспен ой жүгіртті, тәуелсіздік, отан, туған ел, жер туралы ән айтып, би билеп, іс шарадан рухани мол азық алды.

            • 19.10.2023

            • СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ АЙНАСЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжі Студенттік Парламентінің ұйымдастыруымен «Күзгі бал» өткізілді. «Таныстыру», «Өнерің өрге жүзсің», «Сән үлгісі», «Сұрақ - жауап», «Күз композициясы» атты бес кезең бойынша өткізілген сайыста Ханшайым мен Ханзадалардың шеберлігі мен тапқырлығын сынға салып, әділқазылар алқасының шешімімен келесі жұптар жүлделі орындарға ие болды:

              - Бас жүлде - «Нұр жұбы» (Агрономия ),

              - 1 орын - «Шрек и Фиона» (Ветеринария),

              - 2 орын - «Мистер и Миссис Смит» (Ақпараттық жүйелер)

              - 3 орын - «Алтын Дуэт» (Сүт өнімдерінің өндірісі).

            • 18.10.2023

            • БІЗ АБАЙДЫ БІЛЕМІЗ, ОҚИМЫЗ, БАҒАЛАЙМЫЗ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамаcы аясында кітапхана меңгерушісі Г.Исабаева және қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушысы Г.Солтаналиеваның ұйымдастыруымен «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» тақырыбында әдеби аукцион өткізілді. Үш кезеңнен тұрған іс-шара барысында студенттер еліміздің ұлы ғұламасы Абай Құнанбаеватың өмірі мен шығармашылығынан сиқырлы ұяшықтарға жасырылған викториналық және тест сұрақтарына жауап беріп, ақынның өлеңдерімен қара сөздерін мәнерлеп оқып бақ сынасты. Әдеби іс-шара соңында жеңімпаз анықталып дипломмен және арнайы сыйлықпен, ал белсене қатысқан студенттер Алғыс хаттармен марапатталды.

               

            • 16.10.2023

            • ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ МІНДЕТ

              2023 жылдың 16 қазан күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Т.Рысқұлов АПБ бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Шалғынбаев Алмаз Құлбекұлының, Т.Рысқұлов АПБ кадр саясаты тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Арысбек Ильяс Дәулетұлының қатысуымен балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында колледж студенттерімен «Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет» тақырыбында кездесу өткізілді. Студенттерге қылмыс жайлы – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық ақпарат берілді.

            • 13.10.2023

            • СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ АЙНАСЫ

              Студенттік парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен Құлан агротехникалық жоғары колледжінде білім алушылар арасында шығармашылық, достық қарым-қатынасты күшейту мақсатында «Студенттік көңіл» атты Жайдарман сайысы өткізілді. Ойын барысында студенттер актерлік шеберлігі, ұтымды қалжындары арқылы көрерменнің көңілінен шықты.

              Көңілді тапқырлар клубының сайысына 7 команда қатысып, нәтижесінде «Аборигендер» командасы 2к 1т «Орман шаруашылығы»мамандығы бірінші орынды, «Позитив» командасы 2к 1т «Электрмонтер» мамандығы екінші орынды, «Антипладиат» командасы 1к 1т «Ақпараттық жүйелер» мамандығы үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушылар грамота және алғыс хаттармен марапатталды.

            • 09.10.2023

            • Т.Рысқұлов ауданының 85 жылдыгына орай, аудандық тарихи-өлкетану музейі, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру инспекторымен бірлесе отырып, ҚАЖК 1 курс білімгерлеріне "Өз өлкеңді таны !" атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білімгерлерге тарихи орындармен таныстыру мақсатында слайд, видеороликтер көрсетіліп, музей қызметкерлері көрмеге қойылған жәдігерлермен таныстырды.

            • 06.10.2023

            • СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ АЙНАСЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжі Студенттік Парламенттің ұйымдастыруымен 5 қазан Ұстаздар күніне арналған өзін-өзі басқару күні аясында колледж студенттерінің әлеуметтік-құзіретті тұлғасын дамытуға жағдай жасау, оқытушылар мен студенттердің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында «Дублер күні» өтті".

              Студенттерді белсенді қоғамдық өмірге және колледжді басқаруға тарту, сонымен қатар студенттердің бойында жауапкершілік сезімін, бір-

              біріне деген дұрыс көзқарасты, қарым-қатынастың іскерлік стилін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін байланыстырып, сөйлеу дағдыларын дамытқан ерекше әсерлі күн болды.

            • 06.10.2023

            • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ ӨТТІ

              Құлан агроттехникалық жоғары колледжінің педагогикалық қауымы білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай 5 қазан күні елордада республикалық педагогтер съезі өтуін қуанышпен қарсы алды.

              Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде жасаған баяндамасында Ахмет Байтұрсынұлының «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген сөзін келтіріп, «Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет. Сондықтан ұстаздар қауымына, яғни сіздерге зор жауапкершілік жүктеледі», – деген сөзін толық қолдайды.

              Мемлекет басшысының Республикалық педагогтер съезінде атап өткен көкейтесті мәселелер: мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талаптардың күшеюі, заманауи тәсілдер мен технологияны енгізе отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау, жаңғырту қажет екені, білім ошақтарында қылмыстық психологияның таралуы секілді келеңсіздікті түбірімен жою керектігі, білім беру үдерісін цифрландыру қарқынын жеделдету қажет екені, сондай-ақ қоғамда қызу пікірталасқа ұласқан дін мәселесіне байланысты білдірген пікірі бүгінгі күні ұрпақ тәрбиесінде өзекті деп түсінеді.

              Педагогтін негізгі міндеті ізгі ниеті, мәдениеті, дүниетанымы жоғары ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін педагогтің мемлекет саясатымен үндескен ұстанымы болуы керек. Сондықтан өзіміздің тұлғалық мәдениетімізді қоғамда дұрыс ұстанып, бар күш-жігерімізді ұрпақ тәрбиесіне арнауға тиіспіз.

               

            • 06.10.2023

            • ҰСТАЗЫМ САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!

              Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған.

              Дәстүр бойынша Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Ұстаздар мерекесі студенттердің өз ізеттерін білдіріп ұстаздарды қошеметпен қарсы алумен басталды. Бұл күні білім алушылар ұлағатты ұстаздарға арнап мерекелік концерт ұйымдастырса, колледж әкімшілігі шығармашылық жетістіктерімен ерекшеленген оқытушыларды білім саласына қосқан үлесі және кәсіподақ қозғалысын дамытуға белсене қатысқандары үшін облыстық кәсіподақ комитеті және колледж директорының тарапынан Алғыс хаттармен және Грамоталармен марапаттады.

            • 03.10.2023

            • ҚҰЛАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНЕ 100 ЖЫЛ КОЛЛЕДЖДІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

              Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармысының Құлан агротехникалық жоғары колледжі Қазақстандағы ең алғашқы білім ордасының бірі. Орынбор қаласында өлкелік ветеринарлық және зоотехникалық техникумды ашу мәселесі Қазақ АССР-ның Егіншілік халық комиссариаты коллегиясының 1923 жылғы 18 шілдедегі отырысында қаралып, сол жерде техникумды ашу қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Сол шешімнің негізінде 1923 жылдың 3-ші тамызында Қазақ АССР-ның Халық комиссарлар кеңесінің жарлығымен Орынбор қаласында Өлкелік ветеринарлық және зоотехникалық техникумы ашылды. Техникумда алғашқыда ветеринарлық және зоотехникалық бөлімдері болды, кейін жерқатынастары бөлімі ашылды.

              1926 жылғы 24 маусымдағы Қазақ АССР-ның Халық комиссарлар кеңесі отырысының шешімімен техникум Орынбор қаласынан Алматы қаласына көшіріліп, 1926-1929 жылдар аралығында Алматы ветеринарлық жерқатынастары техникумы болып аталды. 1930 жылы техникум Алматы қаласынан Әулиеата (Жамбыл) қаласына ауыстырылып, Әулиеата ветеринарлық-зоотехникалық техникумы деп атала бастады. Осы кезде техникумда қызмет еткен О.О.Жук, Ф.Ф.Томан, А.Т.Ралдугин, К.Просин, Г.З.Цой, У.Ступникова, И.А.Соколов, И.Ю.Селейко, Ф.А.Снисаренко, Т.Гольдман, т.б. оқытушылар мамандар даярлауда белсенді жұмыс атқарды.

              1932 жылы техникум Әулиеата қаласының маңындағы 5 шақырымда орналасқан № 49 Жылқы зауытының орталығы Седовка ауылына көшіріліп, Әулиеата жылқы техникумы болып атауын өзгертті. Седовка ауылында оқу бөлмелерінің және жатақхана тапшылығынан техникум 1935 жылы Әулиеатаға қайта көшіріліп жалданған ғимаратта орналасты. 1938 жылы техникумда түйе шаруашылығы мамандығының ашылуына байланысты 1941 жылға дейін техникум Зоотехникум деп аталып жүрді. 1941 жылы техникумда ветеринарлық бөлім құрылып, осыдан бері Жамбыл зоотехникалық ветеринарлық техникумы (ЖЗВТ) деп атала бастады. Техникумның Жамбыл қаласының маңында ірі оқу шаруашылығы болды. Оқуды практикалық істермен тығыз байланыста жүргізу мақсатында, техникумның өндірістік базасы ұлғайтылды. Техникумның оқу шаруашылығына сол замандағы алдынғы қатарлы егіншілік технологиясы, ауыспалы егіс жүйесі енгізіліп, ол тәжірибе облыс көлемінде таратылды. Техникум жанында егіншілік жүйесі кеңейтілді, жеміс ағаштары отырғызылды. Сонымен қатар мал басы көбейтіліп, 92 бас ірі қара мен 50 бас бұзауға, 100 шошқаға арналған қора-жай салынды. Студенттер барлық тәжірибелі жұмыстарды техникумның оқу шаруашылығында жүргізді. Оқу шаруашылығы егіншілікке қажетті техника мен құрал-саймандармен толық қамтамасыз етілді.

              ХХ ғасырдың 50-шы жылдарының басында Жамбыл қаласында техникумның жаңа оқу корпусының құрылысы басталды. 1958 жылдың қазан айында техникум жаңа ғимаратқа көшті (кейін ол ғимарат Жамбылда құрылған гидромелиоративтік-құрылыстық институтына берілді).

              1961 жылы Қазақ ССР-ның Ауылшаруашылығы министрлігінің № 277 Бұйрығына сәйкес техникум Талас ауданының Ақкөл ауылына қоныс аударды. Ақкөлде техникумның оқу-тәжірибе шаруашылығының болмауына байланысты оқушылар оқу тәжірибесін Жамбыл қаласының ет комбинатында, ПОШ фабрикасында, сүт зауытында және басқа да шаруашылықтарда өтетін болды. Сонымен қатар оқушыларды тұрақты азық-түлікпен қамтамасыз ете алмау мәселесі де орын тапты.

              1963 жылы 23 сәуірде Қазақ ССР-ның Ауылшаруашылығы министрлігінің № 93 Бұйрығымен техникум Ақкөлден Луговой ауылына (қазіргі Т.Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы) көшірілді. Осыдан бері техникум өзінің тұрақты мекеніне ие болды.

               

            • 02.10.2023

            • 1 ҚАЗАН ҚАРТТАР КҮНІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің "ЖасStar" ерікті жастар тобы 1 қазан Қарттар күніне орай "Жақсылық пен мейірім" ұранын ұстана отырып колледжіміздің ардагер ұстазы Нұрбек Абдугалиұлы Кабаевқа көмек қолын көрсетті. Еріктілер тобы барынша ауласын тазалап, әңгімелесіп, ардагер ұстазымыздың ризашылығына бөленді.

            • 02.10.2023

            • ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Қарттар күні» мерекесіне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты құттықтау кеші ұйымдастырылды. Дәстүр бойынша өткізілетін іс шарада оқу орнында көп жылдар еңбек етіп, зейнетке шыққан аға буын еңбек ардагерлеріне сый – сыяпат көрсетіліп, колледж студенттері концерттік бағдарлама ұсынды.
              ​​​​