ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Т.Рысқұлов аудандық прокурорының орынбасары Олжас Көшербаев, Т.Рысқұлов аудандық прокурорының аға көмекшісі Арман Султан, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының инспекторы Ж.Егембердиев жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында Олжас Көшербаев жастар арасындағы қылмыстың көбейіп бара жатқанын, тәлім-тәрбие жөнінде, қылмыс туралы, жасөспірімдердің өз қатарластарымен қарым-қатынасының дұрыс болмауы, әлімжеттік көрсетуі көптеген жағайларда қатты күйзеліске әкелетінін, сол себептен жасөспірімдер арасында күшпен беделге ие болудың, бопсалаудың арты құқық бұзушылыққа, қылмысқа апаратынын түсіндіре келе, үлкен-кішіге сыйластық танытып, бір-біріне қамқор болып, үлгі көрсетіп, шешуі қиын мәселелерді топ жетекшісімен не өзіне жақын мұғалімдерімен шешуге тырысса ешқандай құқық бұзушылықтың орын алмайтынын айтып өтті.