• Жаңалықтар

            • 04.03.2023

            • ҚЫЗ ӨССЕ ЕЛДІҢ КӨРКІ

                   Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Колледж аруы- 2023» байқауы өтті.

              Байқауға қатысқан студенттер өз өнерлерін барынша жоғары деңгейде көрсете білді. Байқау соңында әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерлерін жеке-жеке талдап қорытынды бағаларын шығарды:

              1 орынды 1 курс «Агрономия» мамандығының студенті Жұмамұрат Амина,

              2 орынды 1 курс «Ветеринария» мамандығының студенті Бақытжан Мадина,

              3 орынды 2 курс «Аспазшы» мамандығының студенті Ешмұхан Аяла иеленді.

              «Өнерлі қыз» номинациясымен 1 курс Агрономия» мамандығының студенті Әбей Мадина, «Зерделі қыз» номинациясымен 2 курс «Агрономия» мамандығының студенті Досалы Аруна, «Инабатты қыз» номинациясымен 1 курс «Ветеринария» мамандығының студенті Нұралдина Анель марапатталды.

              Барлық қатысушы аруларға дипломдар және сыйлықтар табыс етілді.

            • 02.03.2023

            • СТУДЕНТТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

                   Құлан агротехникалық жоғары колледжінің білім алушылары Қ. Нұрғалиев атындағы жоғары колледжінің (Өскемен қаласы) ұйымдастыруымен өткізілген «Адами капитал - инновациялық даму негіздері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. 4 республиканың 11 колледжінен 25 студент қамтылған додада колледжіміздің студенттері Р.Мороз, Е.Камидулла І орынды жеңіп алса, А.Бакулин ІІ орын иеленді. Студенттердің жұмысын бағалағап эксперт мүшелері колледжіміздің жұмысына жоғары бағасын берді.

                   Жеңімпаздардың жетекшілері В.Майтанова, Г.Қойшыманова, А.Көпбаева сертификат иеленсе, директор орынбасары М.Багылбековаға студенттер мен педагогтерді ашық әдістемелік жұмысқа тартудағы белсенділігі үшін алғыс хат табысталды.

               

            • 02.03.2023

            • ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗІЛДІ

                  Құлан агротехниалық жоғары колледжі және М. Ибрагимов атындағы Қара-Балта техникалық-экономикалық колледжі (Қырғызстан Республикасы) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде «Сүт және сүт өнімдерін өндіру» мамандығы бойынша мастер-класс өткізілді. Іс-шара барысында мамандық бойынша екі колледждің арнайы пәндер оқытушылары Галина Бейшенбаевна Абдулдаева және Кулипа Копирбаевна Ерімбетованың жұмыс тәжірибесі таратылды. Студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында сүт өнімдерінің сапасын анықтауда қолданылатын түрлі зерттеу жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара педагогтердің және студенттердің тәжірибе алмасуына зор септігін тигізді.

            • 02.03.2023

            • ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

                   Құлан агротехникалық жоғары колледжінде студенттердің қазақстандық балуан, еркін күрестен 2000 жылғы Сиднейдегі Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері, жерлесіміз, Т.Рысқұлов ауданының тумасы - Ислам Байрамуковпен кездесуі өткізілді. Өткен кездесуде колледж студенттері палуанның жеке өмірімен және спорттық жетістіктерімен танысты. Ислам Байрамуков балаларға спортпен айналысудың қажеттілігін түсіндіріп, салауатты өмір салтын сақтаудың маңызына тоқталды.

            • 28.02.2023

            • СТУДЕНЧЕСКИЙ ПАРЛАМЕНТ В ДЕЙСТВИИ

                    28 февраля в Куланском агротехническом высшем колледже Студенческим парламентом было организовано празднование Масленицы, древнего славянского праздника прощания с зимой и встречи Весны.

              Студенты первых и вторых курсов с интересом отгадывали загадки, участвовали в конкурсах, спортивных состязаниях, ну и конечно были блины, частушки, поговорки.

              Знакомство с культурными традициями народов Казахстана способствует воспитанию уважения к ценностям народного и культурного наследия.

            • 23.02.2023

            • АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ

                  Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 2023 жылдың 23 ақпан күні индустриалдық және қамқоршылық кеңес мүшелері мен кәсіпорын басшыларының қатысуымен ашық диалог өткізіліп, келесі мәселелер талқыланды: колледж басшысының оқу орнында атқарылған жұмыстар туралы есебі беріліп, келесі оқу жылына мақсатты тапсырысты қалыптастыру, кәсіби бағдар беру, академиялық дербестік аясында жұмыс берушілермен бірлесіп оқу бағдарламаларын дайындау, дуальдық оқыту жүйесі, түлектердің жұмысқа орналасуы, демонстрациялық емтихан форматында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру. Ашық диалог білім мекемесінің серіктестікті дамытуда өзекті жолдарын айқындаудың алаңы ретінде өзінің тиімділігін көрсетті.

            • 22.02.2023

            • МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

                   Құлан агротехникалық жоғары колледжінің «Мансап және кәсіптік бағдар беру» орталығымен бітіруші топтардың студенттері арасында мансапты жоспарлау бойынша жұмыс жүргізілді. Түлектердің жұмысқа орналасуына бағыт көрсету мақсатында еңбек нарығын зерттеу және білім алушыларға нарықтың даму үрдістері, болжамдары және жұмыс берушілердің талаптары туралы ақпарат беріліп, мамандандыруды одан әрі жалғастыруға байланысты оқу траекториясын таңдауға көмек көрсетілді.