ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ-БАСТЫ МІНДЕТ!
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің базасында ауданның ірі шаруашылықтарымен ұйымдастырылған бас қосуда бірқатар өзекті мәселе қаралып, негізгі бағыт айқындалды.
Атап айтсақ, аудан әкімдігі, жұмыс беруші мен 100 жылдық тарихы бар білім ордасы арасында келісімге келіп, келісімшарт нәтижесінде аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, шаруашылықтарға қажет мамандар тапшылығын жою, жұмыссыз жастар санын азайту сынды мәселелер қамтылмақ.
Яғни, жергілікті атқарушы орган мен колледж бірлесе отырып қажетті де білікті мамандарды даярлауды қолға алса, жұмыс беруші ол азаматтарды жұмыспен қамтуға міндеттеме алып, “Nomad”, “Луговой жылқы зауыты”, “Керең”, “Шәушен” шаруа қожалықтары мен аудандық ветеринариялық станциясы меморандумға қол қойып отыр.
Сонымен қатар, білім беру мекемесінің мүмкіндіктері мен заманауи қондырғылары жұмыс берушілерге арнайы, көрнекі түрде таныстырылып, сапалы да білікті мамандарды дайындауға толық мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді.
Осынау маңызды да мағыналы өткен жиынның қорытындысымен тараптар бірлесіп жұмыс атқаруға ниетті болып тарқасты. Демек, келелі кездесу нәтижелі өттіп, алдағы уақытта өз шешімін табады деп айтуға толық негіз бар.
Біздің басты міндетіміз - халықтың әл ауқатын арттыру үшін жұмыс орындарын құрып, жұмыссыздар санын азайту. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыстарға бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.