КӨҢІЛ АЙТУ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ардагер ұстазы, ветеринариялық ғылымының кандидаты Орынбаев Бармақ Орынбайұлы 86 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Құлан агротехникалық жоғары колледжі ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл білдіреді.
Бармақ Орынбайұлының есімі елдің есінде мәңгі сақталады. Жаны жәннатта болып, пейіште нұры шалқысын!
Бармақ Орынбайұлы 1939 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов (бұрынғы Луговой) ауданы, Сұлутөр ауылдық кеңесіне қарасты Әбжаппар (бұрынғы Қызыл ту) ауылында өмірге келген.
Алматы қаласындағы зоотехникалық малдәрігерлік институтының малдәрігерлігі факультетін бітірген. Бірнеше жылдар колхоз басшысы, аудандық малдәрігерлік зертхана директоры, ауданның бас малдәрігері, инспекторы қызметтерін атқарған. Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 20 жылдай жас ұрпақты, болашақ мамандарды дайярлауда еңбегін сіңірген оқытушы, ардагер-ұстаз.
Б.Орынбаев, ветеринариялық ғылымының кандидаты, бірнеше кітап, кітапша, және малдәрігерлік саласындағы нұсқама, ғылыми мақалалардың авторы.