• Жаңалықтар

            • 16.02.2023

            • МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕДІ

                   Т.Рысқұлов ауданының 85 жылдығына орай «Мәдени ескерткіштер сыр шертеді» тақырыбында Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйіне қарасты тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекторлары З.Сарманбетова мен кіші ғылыми қызметкері Б.Толыбаев колледждің 1курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Мәдени ескерткіштер тарихтан сыр шертеді" тақырыбында ауданымыздың тарихи орындарымен таныстыру мақсатында видеороликтер, слайдтар көрсетілді. Ауданымызда орналасқан Ортағасырлық ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұра тізіміне енген Қулан, Өрнек қалашыктарының тарихымен, Әлиеатаның Қасиетті жерлеріне енген Ойранды жеріндегі Әулиебулақ, Әбілқайыр даласындағы Сұмқайтты орындарының, Дулат бабаның кесенесі ескерткіштерінің тарихымен, аңыз-әңгімелерімен таныстырып, музей қызметкерлері жылжымалы көрмеге қойылған заттарды таныстырды.

                  Өлкетану сағаты жастарды тарихи ағарту және тәрбиелеу, туған өлкесінің мәдениетін, тарихи ескерткіштерін танып білуге баулыды.

            • 15.02.2023

            • АУҒАННЫҢ ОТ-ЖАЛЫНЫ МӘҢГІ ЖАДЫМЫЗДА

                  Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Ауған асуында от кешкен, сұрапыл соғыстың ардагерлері Ноғайбаев Жанат Әбікұлы, Атабаев Ербұлан Рахметханұлы және Шабеев Ерлік Тоғанбайұлы қатысты. Іс-шара барысында кеш қонақтары жастарға жүректе жазылмайтын, тарих қоржынының бір басында жатқан Ауған соғысы туралы әңгімеледі. Арада жылдар өткенімен ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз

            • 10.02.2023

            • КӘСІПТІК БАҒДАР – БОЛАШАҚ ТАҢДАУҒА ЖОЛ

                   Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде мақсатты атқарылатын жұмыс.

                  Колледждің кәсіптік бағдар жұмысы жоспары шеңберінде 2023 жылдың 9-14 ақпан күндері аралығында Т.Рысқұлов ауданы мектептерінің 9 сынып оқушылары мен кәсіптік бағдар беру мамандарын қамтитын «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылуда. Аталған іс-шараның мақсаты - оқу орнының материалдық – техникалық базасымен, Халықаралық WorldSkills талаптарына сай жабдықталған құзыреттілік орталықтарымен, студенттерге жасалған жағдайлармен таныстыру.

                  Ашық есік күні аясында ауданның барлық жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары колледжішілік өткізіліп жатқан студенттердің кәсіби деңгейлерін айқындайтын «WorldSkills Kulan – 2023» чемпионатының барысын тамашалады. Нәтижесінде мамандығын саналы түрде таңдауға септігін тигізді деп санаймыз.

               

            • 09.02.2023

            • КӘСІБИ ДОДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

                  Құлан агротехникалық жоғары колледжінде екі күнге созылған "WorldSkills Qulan - 2023" чемпионаттың нәтижесін құзыретті сарапшылар тобы әділетті бағалап жария етті. Байқау қорытындысы бойынша:

                  І орын: «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша Байболатов Нұрхан (жет. Е.Тасжүреков), «Агрономия» құзыреттілігі бойынша Мәлік Диана (жет. Д.Табылды), «Пісіру технологиялары» құзыреттілігі бойынша Бекболатов Болат (жет. Г.Рахимов), «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша Бакулин Артем (жет. Е.Ержанов), «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Каден Фатима (жет. Г.Рахманова), «Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша Керимкулова Ардақ (жет. М.Аденов), «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Қайыпжан Ермахан (жет. Ә.Бекназарова), «Сүт өнімдерін өңдеу» құзыреттілігі бойынша Артықбаева Жібек (жет. К.Еримбетова), «Ет өнімдерін өңдеу» құзыреттілігі бойынша Алихан Елнура (жет. А.Келіскен);

                  ІІ орын: «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша Джуматаева Анастасия (жет. Ж.Байсақалова), Ишкараев Абдулло (жет. Б.Тұтқышбаев), «Агрономия» құзыреттілігі бойынша Устемиров Есжан (жетекшісі Ж.Даулетов), Әлтай Аяулым (жет. Д.Табылды), «Пісіру технологиялары» құзыреттілігі бойынша Хрукин Виктор (жет. Р.Орманалиев), Тоқтасын Дінислам (жет. Г.Рахимов), «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Әзірет Толғанай (жет. Г.Рахманова), «Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша Қыдырбай Ақмарал (жет. М.Аденов), «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша Фрей Данил (жет. М.Қарабалаев), «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Бақтығұл Мақсат (жет. Б.Рахметалиев), Айтқазиев Сұлтан (жет. Ә.Бекназарова), «Сүт өнімдерін өңдеу» құзыреттілігі бойынша Максатқызы Аделя, Бабурина Галина (жет. Н.Габдуллина), «Ет өнімдерін өңдеу» құзыреттілігі бойынша Рахмашова Арайлым (жет. А.Келіскен).

                  ІІІ орын: «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша Ілінбек Бексұлтан (жет. Б.Сраилов), Жантыкова Дилафруз (жет. Т.Қысық), «Агрономия» құзыреттілігі бойынша Асылхан Аймахан (жет. М.Ятаев), Несіпбай Шырайлым (жет. Ғ.Өмірбеков), «Пісіру технологиялары» құзыреттілігі бойынша Бегалиев Нұрсұлтан (жет. Г.Рахимов), «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Қайсарбай Айдана (жет. Г.Рахманова), «Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша Ешмұхан Аяла (жет. И.Саркулова), «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша Рсымбек Диас (жет. Е.Ержанов), «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Алмасбек Шыңғыс (жет. Б.Рахметалиев), «Сүт өнімдерін өңдеу» құзыреттілігі бойынша Ермолаева Вероника (жет. О. Нұрбеков).

                  Кәсіби доданың жүлдегерлері мен жетекшілерін марапаттарымен құттықтап, жеңімпаздарға облыстық WorldSkills чемпионатында сәттілік тілейміз!

               

               

            • 08.02.2023

            • «WORLDSKILLS QULAN -2023» ЧЕМПИОНАТЫ

                  Құлан агротехникалық жоғары колледжінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, жоғары білікті мамандардың дәрежесін көтеру мақсатында Worldskills чемпионатының 1-ші колледжішілік кезеңі өткізілуде. Кәсіби сайысқа қатысушы 59 үміткер өз шеберліктерін 9 құзыреттілік бойынша додаға салуда:

              - «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша – 14 студент;

              - «Агрономия» құзыреттілігі бойынша – 9 студент;

              - «Сүт өнімдерінің өндірісі» құзыреттілігі – 5 студент;

              - «Пісіру технолгиялары» құзыреттілігі – 5 студент;

              - «Электромонтаж» құзыреттілігі – 5 студент;

              - «Графикалық дизайн» құзыреттілігі – 6 студент;

              - «Аспаздық ісі» құзыреттілігі – 4 студент;

              - «Сән технологиясы» құзыреттілігі – 3 студент;

              - «Ет өнімдерінің өндірісі» құзыреттілігі – 2 студент.

                  Колледжішілік байқауда жеңіске жеткен жеңімпаздар облыстық «WorldSkills Zhambуl-2023» чемпионатына жолдама алады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз.

               

            • 04.02.2023

            • ДАНА ДИДАЙМЕН КЕЗДЕСУ

                   Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттерімен ауданымыздың Абай ауылының тумасы, қазақ елінің мақтанышы, жастар арасында бокстан Әлем чемпионатының алтын, күміс, қола жүлдегері Қазақстан чемпионатының төрт дүркін чемпионы Дана Дидаймен кездесу өтті. Кездесуге Т.Рысқұлов аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Әбіләшім Мырқасымов, ауданымыздың білікті бапкері, Дана Дидайдың алғашқы бапкері Бақытбек Толымбетов қатысты. Дана Дидай жастарға спортпен айналысатын болса салауатты өмір салтын ұстану қажеттігін және өзі барған әлем қалалары мен халқының ерекшелігі туралы, спорт саласының қызығы мен қиындықтарын айтып, «Жетістік кілті - табандылықта», - дей отырып, алға қойған мақсаттары Әлемдік олимпиада ойындарына қатысу екендігін де жасырмады. Алдағы жоспарымен бөлісіп, Әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде екендігін айтты.

            • 27.01.2023

            • МАҚСАТТЫ ТАПСЫРЫС – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

                  Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ауыл шаруашылығы саласының мамандары: қазіргі жағдайы, перспективалары» тақырыбында аудандық конференция өткізілді.

                  Бүгінгі күннің басты талабына айналған аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, шаруашылықтарға қажет мамандар тапшылығын жою, жұмыссыз жастар санын азайту мақсатында өткізілген іс-шарада ауылшаруашылығы саласын сапалы мамандармен қамтамасыз етуде мақсатты тапсырыс негізінде оқуға қабылдауды қалыптастыру мәселесі де көтерілді.

                  Іс-шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов бастаған бөлім басшылары, агросала қызметкерлері, ірі шаруа қожалық жетекшілері қатысты.

                 Жиынның нәтижесінде аудан әкімдігі, білім мекемесі және “Nomad”, “Луговой жылқы зауыты”, “Керең”, “Шәушен” шаруа қожалықтары мен аудандық ветеринариялық станциясы арасында үшжақты келісім жасалып, тараптар арнайы меморандумға қол қойды.

                Конференция соңында қатусышыларға колледждің заманауи талаптарға сай жабдықталған материалдық-техникалық базасы таныстырылып, сапалы да білікті мамандарды дайындауға толық мүмкіндіктері де бар екені жеткізілді.