• Жаңалықтар

            • 26.04.2024

            • «ЖАҢАША ОҚЫТУ - ЖЕТІСТІК КӨЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КОУЧИНГ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Жаңаша оқыту - жетістік көзі» тақырыбында коучинг өткізілді. Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында өткізілген іс-шарада оқытушылардың педагогикалық іс - әрекеттерін жүзеге асыру, инновациялық технологияларды игеру бағытында әдістемелік көмек көрсетіліп, математика пәнінің оқытушысы Бозшалова Айпаш Тажибаевнаның тәжірибесі таратылды. Педагогтер өз кезегінде студенттердің білімін бақылау және бағалау әдістерін жүзеге асыру бойынша өздерінің пікірлерімен бөлісті.

            • 24.04.2024

            • АНА – ОТБАСЫНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Аналар күніне» орай аналар мен колледж арасындағы қарым-қатынасты ұлғайту мақсатында колледждің «Анаға тағзым» орталығында «Ана-отбасының ұйтқысы» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг барысында аналар «Ащы пияз» аңызын тыңдап, отбасы құндылықтары туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар аналар «Аяқталмаған сөйлем», «Кедергілер» психологиялық жаттығуларын орындады, «Отбасы бақыты» әңгімесін тыңдап, бір-бірлеріне жақсы тілектерін білдіріп, пікір алмасты.

            • 19.04.2024

            • «WORLDSKILLS QULAN -2023» ЧЕМПИОНАТЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, жоғары білікті мамандардың дәрежесін көтеру мақсатында Worldskills чемпионатының 1-ші колледжішілік кезеңі өткізілуд. Кәсіби сайысқа қатысушы 48 үміткер өз шеберліктерін 9 құзыреттілік бойынша додаға салды.

              Байқау эксперттерінің шешімімен келесі жеңімпаздар анықталды:

              1. «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша

              І орын - Джуматаева Анастасия, жетекшісі Байсақалова Жанар

              ІІ орын - Ілімбек Бексұлтан, жетекшісі Қысық Тілек

              ІІІ орын - Бетай Ерсұлтан, жетекшісі Байсеитов Ерболат

              2. «Агрономия» құзыреттілігі бойынша

              І орын - Несіпбай Шырайлым, жетекшісі Өмірбеков Ғани

              ІІ орын - Жайғарбек Зарина, жетекшісі Даулетов Жандарбек

              ІІІ орын - Сейталы Жамиля, жетекшісі Болатханова Айгерим

              3. «Пісіру технологиялары» құзыреттілігі бойынша

              І орын - Хрюкин Виктор, жетекшісі Орманалиев Рахат

              ІІ орын - Рахметалы Серік, жетекшісі Рахимов Газиз

              ІІІ орын - Кесін Айбар, жетекшісі Рахимов Газиз

              4. «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша

              І орын - Жарылқасын Айгерім, жетекшісі Рахманова Гүлмайра

              ІІ орын - Шадыхан Әлия, жетекшісі Рахманова Гүлмайра

              ІІІ орын - Кузнецова Милана , жетекшісі Рахманова Гүлмайра

              5. «Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша

              І орын - Ешмұқан Аяла, жетекшісі Аденов Мақсат

              ІІ-орын - Смағұл иАяулым, жетекшісі Аденов Мақсат

              ІІІ-орын - Оңарбай Әділет, жетекшісі Әлдибай Сымбат

              6. «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша

              І орын - Пономорев Илья, жетекшісі Көлбаев Тұрсынбек

              ІІ орын - Фрей Данил, жетекшісі Ержанов Ерсұлтан

              ІІІ орын - Скачко Денис, жетекшісі Көлбаев Тұрсынбек

              7. «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша

              І орын - Қайыпжан Ермахан, жетекшісі Рахметалиев Берік

              ІІ орын - Бақтығұл Мақсат, жетекшісі Рахметалиев Берік

              ІІІ орын - Алмасбек Шыңғыс, жетекшісі Рахметалиев Берік

              8. «Сүт өнімдерін өңдіру» құзыреттілігі бойынша

              І орын - Ермолаева Вероника, жетекшісі Еримбетова Кулипа

              ІІ орын - Сембі Әділет, жетекшісі Еримбетова Кулипа

              ІІІ орын - Әлім Дәулет, жетекшісі Еримбетова Кулипа

              9. «Ет өнімдерін өңдіру» құзыреттілігі бойынша

              І орын - Черный Вадим, жетекшісі Келіскен Арнат

              ІІ орын - Қиынбай Алжан, жетекшісі Габдуллина Набира

              ІІІ орын - Құрымбаева Мадина, жетекшісі Келіскен Арнат

              Кәсіби доданың жүлдегерлері мен жетекшілерін марапаттарымен құттықтап, жеңімпаздарға облыстық WorldSkills чемпионатында сәттілік тілейміз!

            • 19.04.2024

            • КОЛЛЕДЖДІ КӨГАЛДАНДЫРУ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде республикалық "Таза Қазақстан" акциясы аясында мекеме ауласын абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда. Колледж педагогтері оқу орнының ауласындағы гүлзарларға 30 түп гүл ағаштарының көшеттерін отырғызып тазалық жұмыстарын жүргізді.

               

            • 19.04.2024

            • СТУДЕНТТЕР ОЛИМПИАДАСЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес қазақ тілі, математика, физика, Қазақстан тарихы пәндерінен облыстық олимпиаданың колледжішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға қатысушылар, тест тапсырмаларын орындап додаға түсті. Жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды. Студенттерімізге сәттілік тілейміз.

               

            • 18.04.2024

            • «ҰЛ БАЛАҰЛТ ҚОРҒАНЫ»

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 2024 жылдың 18 сәуір күні ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында колледждің 1 курс ұлдарымен және "Әкелер кеңесі" мүшелерімен «Ұл бала - ұлт қорғаны» атты ұлдар жиналысы өтті.

            • 18.04.2024

            • ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ - СЫРДА ТУҒАН СҰҢҚАР АҚЫН

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамаcы аясында «Әбділда Тәжібаев - сырда туған сұңқар ақын» тақырыбында жатақхана студенттерімен әдеби кейс өткізілді. Халық айнасы болған қаламгердің өрісті ой, өшпес көркем мұрасын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында студенттер жазушының өмірі туралы деректі фильм көріп, шығармаларын мәнерлеп оқыды, сонымен қатар ұяшықтарға жасырылған викториналық сұрақтарға жауап берді.

               

            • 17.04.2024

            • КӘСІПТІК БАҒДАР – БОЛАШАҚ ТАҢДАУҒА ЖОЛ

              Колледждің кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспары шеңберінде 2024 жылдың 2-5 сәуір күндері аралығында Т.Рысқұлов ауданы мектептерінің 9 сынып оқушылары мен кәсіптік бағдар беру мамандарын қамтитын «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты - оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, Халықаралық WorldSkills талаптарына сай жабдықталған құзыреттілік орталықтарымен, студенттерге жасалған жағдайлармен таныстыру арқылы қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу.

            • 13.04.2024

            • БАЛА ТӘРБИЕСІ - ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

              2024 жылдың 13 сәуір күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Бала тәрбиесі - өзекті мәселе» тақырыбында жалпы колледждік ата-аналарымен жиналысы өтті. Жиналысқа Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің басшысы Сатылғанов Байжан Жақсылықұлы, Т.Рысқұлов ауданы прокурорының көмекшісі Бейсенбаев Бексұлтан Нұржанұлы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Байдаулетова Тұрғын Турсыналиевна, Т.Рысқұлов аудандық аналар кеңесінің мүшесі Утеулиева Ғалия Майлыбайқызы, колледждің ата-аналар комитетінің төрайымы Махамбеталиева Ақжарқын Алиевна шақырылды.

              Жиналысқа 422 ата-ана, колледж әкімшілігі, топ жетекшілер мен педагогтер қатысты.

              Отбасы мен колледждің күш-жігерін біріктіру, колледж бен студенттердің ата-аналарының ынтымақтастығын арттыру, колледж оқытушылары мен ата-аналардың өзара әрекеттесуі мен талаптарының бірлігі білім беру және тәрбие процесінде қажетті нәтиже беретініне көз жеткізу мақсатында өткізілген ата-аналар жиналысында құқық бұзушылықтың, ерте жүктіліктің, алаяқтық пен интернет алаяқтықтың, лудоманияның, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері сөз болып, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Байдаулетова Тұрғын Турсыналиевна ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты психологиялық кеңес берді. Жиналыс соңында ата-аналар колледж әкімшілігі мен құқық қорғау органдары мамандарына өздерін алаңдатқан сұрақтарына жауап алды.

            • 17.04.2024

            • БОС ЖҰМЫС ОРЫНҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

              ХАБАРЛАНДЫРУ

               

              Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

              «Құлан агротехникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

              Мекен жайымыз: индекс 080900, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 318 үй 8(72631) 4-17-38, (E-mail) kulan1923@mail.kz

              Бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға алады:

              1. «Педагог- психолог»   лауазымына - 1 бірлік;
              2. «Әлеуметтік - педагог» лауазымына - 1 бірлік.

              Лауазымдық еңбек жалақысы: біліміне, біліктілік санатына, сондай – ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

              Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

              Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ конкурсқа жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша бітірушілері (жас мамандар) қатыса алады.

              Қажетті құжаттардың тізбесі:

              - Конкурсқа қатысу туралы өтініш (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші

                басшылары мен педагогтерінің лауазымға тағайындау, лауазымнен босату

                қағидаларының 10 қосымшасына сәйкес)

              - Жеке басын куәландыратын құжат

              - Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы

              - Білімі туралы құжаттардың көшірмесі

              - Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

              - «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

              - Психоневролиялық ұйымнан анықтама

              - Наркология ұйымнан анықтама

              - Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ педагогтар үшін) немесе педагог-

                модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)

              - Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау

                парағы

              Ескерту: Конкурсқа қатысушысы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

              Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.04.2024 ж – 26.04.2024 ж

            • 13.04.2024

            • "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕНБІЛІК

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің педагогтері, қызметкерлері және студенттері республикалық "Таза Қазақстан" акциясының аясында колледж ауласында эстетикалық және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатымен көктемгі сенбілік жұмыстарын атқарды: талдардың түбін қопсытылып, әктелді, көгалдандыруға 20 түп шырша ағашы және 50 түп раушан гүлдері отырғызылды. Алдағы уақытта бұл акция оқу орнында жалғасын табады.

            • 12.04.2024

            • ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жасөспірімдерді төтенше жағдай туындаған жағдайда қорғану нормаларымен таныстыру мақсатында Т.Рысқұлов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері полковник Н.М.Кадырхановпен кездесу өтті. Кездесу барысында құтқару қызметкері су тасқыны, жер сілкінісі кезінде атқарылатын іс-қимылдар туралы әңгімелеп, студенттерге адам өмірінің қауіпсіздігі басты мәселе екендігін түсіндірді.

            • 11.04.2024

            • Қарияға қамқорлық

              Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «85 игі іс» жобасы аясында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің волонтерлары ардагерлерімізді ардақтап, оларды қашанда, қамқорлық аясынан тыс қалдырмау мақсатында Қабаев Нұрбек, Шілдебаев Айдынбек сынды колледждің ардагер ұстаздары мен ауыл қариясы Қадырқұлов Өмір ақсақалдың үйінде болып, үй ауласын, қора жайын тазалап «Қарияға қамқорлық» қызметін көрсетті. Ардагер ұстаздар көмек қолын созып, игілікті іс жасаған волонтерлер мен колледж белсенділеріне шынайы ризашылығын білдірді.

            • 10.04.2024

            • «ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДЫҢ ҮЗДІК ШЕБЕРІ -2024» ЖЕҢІМПАЗЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің Агрономия мамандығының өндірістік оқыту шебері Ж.Даулетов облыстық «Өндірістік оқытудың үздік шебері -2024» кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңіне қатысты.

              Байқауға педагог инновациялық портфелін ұсынып, «Шебердің қолы ортақ...» тақырыбында шығармашылық жұмысын қорғап, комиссия шешімімен І орынға ие болды.

            • 09.04.2024

            • Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігінің «Кәмелетке толмаған құқық бұзушының әлеуметтік бейімделу бағдарламасы» жобасы бойынша Құлан агротехникалық жоғары колледжінде іс –шаралар жоспары әзірленіп, жасөспірімнің жеке басын дамыту, әлеуметтік – психологиялық бейімсіздіктің алдын алу және түзету үшін жағдайлар жасау арқылы, құндылық –семантикалық саланы және өз өмірі үшін жауапкершілікті қабылдау және іс –әрекеттің салдарын болдырмау мақсатында түрлі іс-шаралар жүргізілді.

              Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру бағытында тренингтер, дәрістер, әңгімелер, дебат өткізілді. Бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мұражайға саяхат жасау, кинотеатрларға бару, спорттық секциялар, үйірмелерге қатысуын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

            • 08.04.2024

            • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі.

              Құрметті отандастар!

              Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.

              Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.

              Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда.

              Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда.

              Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр.

              Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.

              Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі.

              Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес.

              Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет.

              Менің бұйрығыммен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды. Халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырамын. Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет.

              Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырамын. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады. Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс.

              Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге айтарым, жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет. Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын.

              Құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді.

               

            • 02.04.2024

            • БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

              Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапары барысында Құлан агротехникалық жоғары колледжінде болып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты. Білім мекемесінің басшысы Олжас Мұсақұлов, басқарма басшысына оқу орнының ауыл шаруашылығы саласына кадрлар даярлаудағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, колледждің даму перспективалары және мәселерімен ой бөлісті.

            • 29.03.2024

            • 29.03.2024 жылы Жамбыл облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары А. Дайрабаев, Жамбыл облысы жеке сот орындаушы палатасының басшысының орынбасары М. Абдуллаұлы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Б. Байғожаев , Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің сот орындаушысы М. Маратбек, Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттері мен жасөспірімдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды сақтау мен құрметтеудің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз етуге ықпал ету мақсатында кездесу өткізді.