Жер дүниені жаңартып, көктемді ерте келетін Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын!
21.03.2024
19.03.2024
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында өткізілген «Қош келдің – Әз Наурыз!» атты мерекелік думанның мақсаты - жастарға «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында халықтың кең тараған салт-дәстүрлері - тұсаукесер, босаға майлау, сияқты түрлі жоралғылар жасалып, әсем ән мен мың бұралған бишілер биіне ұласты.
19.03.2024
КОЛЛЕДЖДЕГІ «БАУЫРСАҚ PARTY»
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде ұлттық салт-дәстүрімізбен қатар, ұлттық тағамдарымызды насихаттау мақсатында «Бауырсақ party» ұйымдастырылып, оқытушылар мен студенттерге дәмі тіл үйірер бауырсақ пісіріліп, үлестірілді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық мерекенің жалпы рухын қолдау, колледж оқытушылары мен студенттеріне жағымды көңіл-күй сыйлау.
18.03.2024
МАСЛЕНИЦА МЕРЕКЕСІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 18 Наурызда «Халықтар Достығы» үйірмесінің ұйымдастыруымен қыс мезгілімен қоштасудың және шуақты көктемді қарсы алуға арналған ежелгі славян мерекесі Масленица мерекесі өтті. Мерекеде бірінші және екінші курс студенттері Орыс халық билерін билеп, частушки ән айтты, жұмбақтарды қызығушылықпен шешіп, түрлі конкурстарға, спорттық жарыстарға қатысты. Мереке дәстүр бойынша көпшілікке құймақ, пирог, тәтті тоқаштар таратумен аяқталды. Қазақстан Халықтарының мәдени дәстүрлерімен танысу халықтық және мәдени мұра құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етеді.
18.03.2024
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Наурызнама мерекесі аясында «Ұлттық спорт күні» ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлері ұлықталды. Колледж студенттері арқан тартыс, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, бес тас, қол күрес пен асық атудан бақ сынасты.
18.03.2024
ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ АРДАГЕРЛЕРГЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жас еріктілер тобы колледждің ардагер ұстаздары, қария Қабаев Нұрбек Абдыкалыкович, Шілдебаев Айдынбек Шілдебаевичтердің үйлерінде болып, көктемгі дала жұмыстары мен ауладағы тазалық жұмыстарына, көмек көрсетті. Колледж жастары арасында мұқтаж жандарға көмек қолын созудан аянбайтын жас еріктілер қатары көбеюде.
18.03.2024
ОТБАСЫЛЫҚ ЖАРЫС
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 17 наурыз - Шаңырақ күніне орай отбасылық құндылықтар мен халық дәстүрін дәріптеуге бағытталған «Отбасылық құндылықтар - ұлттық тәрбие негізі» атты жарыс өтті. Жарыста ата-аналар мен студенттер бақ сынады. Қатысушылар өз қолдарынан «Отбасы бақыты» тақырыбына сурет салып, ұлттық дәстүріміз бен әдеп-ғұрпымыз туралы сұрақтарға жауап беріп, отбасылық өнерлерін ортаға салды.
18.03.2024
КЕҢЕС БЕРУ АЛАҢДАРЫ АЯСЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ басшылығымен ауылдық округтарда кеңес беру алаңдары жұмысы ұйымдастырылуда.
15 наурыз күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Марат Дуйсенханұлы Ятаев Құмарық, Жаңатұрмыс және Луговой ауылдық округтерінде өткізілген кеңес беру алаңында ауыл тұрғындарына оқу орны даярлайтын мамандықтар туралы мәлімет беріп, бүгінгі таңда орта буын және жұмысшы мамандарының өңір экономикасын дамытуда рөлін көрсетіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс - шара алдағы уақытта жалғасын табатынына сенімдеміз.
15.03.2024
НАУРЫЗ – МЕЙІРІМ МЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІ
15 наурызда Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушылары «Қайырымдылық» күніне орай, еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақыру, мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет екенін көрсетіп, көп балалы, аз қамтылған отбасындағы тәрбиеленіп жатқан студенттердің отбасыларына көмек көрсетті. Дана халқымыздың «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген сөзі бекер айтылмаса керек. Қайырымдылық жасау - әрбірі азаматтың міндеті, сондықтан да мұндай игі шара біздің ұжымда жалғасын табады.
14.03.2024
«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРЫ»
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМДАР КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ VІІІ ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ұлағатты ұстаздары Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының құрылғанына 100 жыл толуына орай «БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫ: 100 ЖЫЛ – БІР БАҒЫТ, БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ» тақырыбы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының VІІІ облыстық фестиваліне өз үлестерін қосты. Фестивальға Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Біріккен комитетінің төрағасы Орынбеков Жанболат Тұңғышбекұлы және өнер саласында қызмет етіп жүрген арнайы мамандар төрелік етті.
Колледж ұстаздары белгіленген бағдарлама бойынша, яғни хормен ән салу, ансамбльдің өнер көрсетуі, көркем сөз оқу, драма өнері, хореография, вокал бағыттары бойынша өнерлерін көрсетіп қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді.
14.03.2024
14 НАУРЫЗ – КӨРІСУ КҮНІ
Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды, Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланады.
Бұл мереке — күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күн. Үлкен кіші бір-біріне, сәлем беріп, көрісіп, "жас құтты болсын" деп амандасып, кәде-сыйларын тапсырады. Ал "Жас құтты болсын" деген не сөз? Этнограф ғалым Досымбек Қатранұлының айтуынша, бұл - көшпелілердің туған күн тойламайтынын анықтап отыр. Бәрі жасына жас қосқандықтан, осы күні ғана "жас құтты болсын" деген тілекті айтады.
Бұл күн қол алысып, көрісумен ғана өлшенбейді. Адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, жақын адамдар бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу — ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін, жаңа жылда, жаңа күнде, жаңа өмір бастауға ниет етеді.
14.03.2024
Құлан Агротехникалық жоғары колледжінің оқытушылары 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құрмет грамотасымен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Разалья Шихова, Алғыс хатымен арнайы пәндер оқытушысы Айсулу Көпбаева, Т.Рысқұлов аудан әкімінің Алғыс хатымен шет тілі пәнінің оқытушысы Венера Майтанова марапатталды. Сонымен қатар оқу орнының бір топ қызметкерлері: Бейсекүл Алимова, Асел Омарова, Ақбота Кульчикова, Нұрсауле Жунисалиева, Алтыншаш Қуанышева «Аманат» партиясының Т.Рысқұлов аудандық филиалының Алғыс хатына ие болды.
13.03.2024
КӨКТЕМ АРУЫ – 2024!
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Көктем аруы- 2024» байқауы өтті.
Байқау барысында бойжеткен арулар өздерін өлеңменен таныстырып, өнерлерін, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бойынша білімдерін, аспаздық шеберліктерін, тапқырлықтарын ортаға салды. Байқау соңында әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерлерін жеке-жеке талдап қорытынды бағаларын шығарды:
1 орынды - 2 курс «Агрономия» мамандығының студенті Жұмамұрат Амина,
2 орынды -1 курс «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Есіркеп Жанерке,
3 орынды 1 курс «Сүт өнімдерінің өндірісі» мамандығының студенті Төлеген Толғанай иеленді.
«Өнерлі ару» номинациясымен 1 курс «Аспазшы» мамандығының студенті Серік Назерке, «Зерделі ару» номинациясымен 2 курс «Ет және ет өнімдерінің өндірісі» мамандығының студенті Құрымбаева Медина, «Инабатты ару» номинациясымен 1 курс «Модельер-конструктор» мамандығының студенті Алдаберген Балнұр марапатталды.
Барлық қатысушы аруларға дипломдар және сыйлықтар табыс етілді.
13.03.2024
ШЕБЕР ҰСТАЗ - ТАБЫСТЫ СТУДЕНТ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының әдіскері Утеулиева Ләззат Шакуалиевна Құлан агротехникалық жоғары колледжі педагогтеріне 2024 жылдың 13 наурыз күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» №83 бұйрығына енгізілетін өзгерістерді талқылау және ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша оқыту семинарын өткізді.
Іс-шара аясында жобадағы өзгерістер, алдағы уақытта атқарылатын шаралар, аттестаттау философиясы мен «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы туралы жан- жақты талқыланып, сауалдарға жауап берілді. Педагогтердің ұсыныс-пікірлері ескеріліп, ақпарат жинақталды.
06.03.2024
АЯУЛЫ, АСЫЛ ЖАНДАР!
Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде таңертеңнен студенттердің құттықтауымен басталды. Бұл күні ерлер қауымы аяулы аналар мен қыз-келіншектерді ерекше құрметке бөледі. Мереке студенттердің ұйымдастыруымен «Аяулы, асыл жандар!» атты мерекелік кешке ұласып, айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы қыздарға арналды.
05.03.2024
«ІЗДЕНІМПАЗ ПЕДАГОГ» НОМИНАЦИЯСЫ ЖЕҢІМПАЗЫ
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «БІЛІМ БЕРУ» саласы бойынша кәсіби шеберлік республикалық конкурсы Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Жоғары педагогикалық колледжі базасында өткізілді. Конкурсқа республиканың әр облысынан келген 18 жалпы білім беретін пән педагогтері қатысты.
Байқау 3 модуль бойынша өткізілді:
1 модуль – «Мен және қоғам»;
2 модуль – «Әдістемелік жоба»;
3 модуль – «Мультимедиялық технологиялар».
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Р.Шихова конкурсқа қатысып, «Ізденімпаз педагог» номинациясына ие болды.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
04.03.2024
КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттері Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжінің (Шығыс Қазақстан облысы) ұйымдастыруымен «Шығармашылық ақпараттық қоғамның маңызды белгісі ретінде» тақырыбында өткізілген колледж студенттерінің халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясына қатысты. Адамгершілік, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және кәсіби қызметте зерттеу және жобалау дағдыларын сапалы колдана білу мақсатында өткізілген іс-шарада Мейірхан Ерасыл ІІ орын (жетекшісі М.Ятаев), Талапты Ернұр ІІІ орын (жетекшісі А.Копбаева) жеңіп алып, Нұрланұлы Ернұр (жетекшісі Т.Қысық) сертификат иеленді.
Колледж директоры О.Мусакулов пен директор орынбасары М.Багылбековаға іскерлік ынтымақтастығы үшін алғыс хат берілді.
01.03.2024
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
01.03.24 ж Құлан агротехникалық жоғары колледжінде көктемнің алғашқы күніндегі әдемі мереке азаматтығына, ұлтына және діни сенімдеріне қарамастан, бір-бірімізге "рахмет" айтуды үйрететін студенттердің бойында патриотизм мен азаматтықты, Қазақстан тарихын құрметтеуге және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталған «Алғыс айту-парызым!» атты іс-шара өтті.
29.02.2024
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Әдебиетке балалықты әкелген» атты оқырмандар конференциясы өткізілді. Іс-шара барысында жазушының өмір жолы мен артына қалдырған туындылары негізгі тақырыпқа айналып, «Менің атым Қожа» повесі ойын түрінде талқыланды. Сонымен қатар «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
27.02.2024
СТУДЕНТТЕРДІҢ ДІН БАСҚАРМАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ
27.02.24 ж. Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бас маманы Карибаева Айгүл Бергенқызы мен Жамбыл облысы дін басқармасы Дін проблемаларын зерттеу орталығының испекторы, дінтанушы, исламтанушы Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлының қатысуымен студент жастар арасында «Дәстүрлі құндылықтар және тарихи тұлғалар» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында жастарды толғандыратын дін саласындағы мәселелер қозғалып, сұрақтарына жауап берді. Кері діни ағымның жетегінде кетпеу үшін жастар қалай қорғану керек? Дінге деген сүйіспеншілікті арттыру жолдары, діни ағымдардың дұрыс бағыттан қалай ерекшеленетіні жайында толыққанды ақпаратқа қол жеткізді. Деструктивті діни ағымдардың белгілері мен дәстүрлі дін туралы ақпараттар түсіндірілді.