ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМ МІНДЕТІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам міндеті» тақырыбында Т.Рысқұлов аудандық кеңес жанынан құрылған сыбайлас жемқорлық комитет төрағасы Тұғылшиев Ертіс Армиябекұлының, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айнакулов Мереке Ержанұлының, «Құлан-Дән» несие серіктестігінің заңгері Сулейменова Элла Асқарқызының қатысуымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.М.Акишева адалдық, парасаттылық және адамгершілік туралы баяндама жасап, әр адам еліне адал қызмет етсе ғана жемқорлық дертінің тамырына балта шабуға болатынын айтып өтті. Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің төрағасы Е.А.Тұғылшиев парақорлықтың алдын алуға бағытталған Қазақстан Республикасының Заңнамаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.