Бүгін, 24 қыркүйекте Қазақстанда "Еңбек күні" аталып өтіледі. "Еңбек - өмір мәні" десек, бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршамызға деген құрметтің көрінісі. Қай заман болмасын, кез келген адам мен қоғам өркендеуіне кепіл болатын қасиет - еңбекқорлық пен жасампаздық. Қадірменді коледждің еңбек ардагерлері, ұжым мүшелері, әркімнің еңбегі лайықты бағаланып, қуаныш пен береке әкелсін! Отбасыларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!
24.09.2023
21.09.2023
СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ АЙНАСЫ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің Студенттік Парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен, колледж жатақханасына орналасқан, бірінші курс студенттері мен кездесу болып өтті, жиналыс барысында белгіленген әкімшілік ережелері мен тәртібін таныстыру, құқық бұзушылықтың алдын-алу, жаңа оқу жылына дарынды студенттерді анықтау және белсенділер қатарына шақыру мақсатында, студенттік өзін – өзі басқару ұйымының мүшелерімен таныстырып, пайдалы кеңестермен ақпараттандырды.
21.09.2023
СТУДЕНТТІК ӨМІР, АРМЫСЫҢ!
Құлан агротехникалық жоғары колледжі жатақханасында жаңа келген студенттерді жатақханаға бейімдеу, өзара таныстыру, мәдениеттілікке, көпшілікке, ұйымшылдыққа баулу мақсатында жыл сайынғы дәстүрлі танысу кеші өтті. «Студенттік өмір, армысың!» тақырыбында өткен танысу кеші жарыс түрінде өтіп, студент жастар өздерінің өнерлерін, білімдерін ортаға салып бақ сынасты. Іс-шара соңында жеңімпаз топтар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Танысу кеші бимен жалғасын тапты.
15.09.2023
Жамбыл облысының әкімі Т.Рысқұлов ауданындағы іс-сапарында Құлан агротехникалық жоғары колледжінде болды. Ербол Шырақбайұлы колледжің материалдық - техникалық базасымен, жетістіктері мен перспективалық даму жоспарымен танысып, оқу орнының жұмысына оң бағасын берді. Сонымен қатар өңірдің экономикасына қажетті мамандар даярлау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
14.09.2023
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 165 ЖЫЛ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында дана Абайдың дәстүрін жалғастырушы Ұлы ғұлама, ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Ұлттың ұлылығы ұлы тұлғалармен танылады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Т.Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен өткен іс-шарада кітапханашылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп, білім алушыларға «Тұлғаға тағзым» кітап көрмесін таныстырды. Өз кезегінде студенттер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, дана бабамыздың ғұламалық сөздерімен, ұлағатты өлеңдері туралы ойларын ортаға салды.
13.09.2023
КІТАПХАНА – ТАБЫС МЕКЕНІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапхана – табыс мекені» тақырыбында бірінші курс студенттерін колледж кітапханасымен таныстыру акциясы өтті. Кітапханашы студенттерді кітапхананың ресурстары мен қызметтерін пайдалану ережелерімен, кітапхана қорымен, кітапханада өткізілетін мәдени іс-шаралармен, электронды оқу залымен таныстырды.
13.09.2023
«ҚЫЗ СҰЛУ КӨРІНЕДІ ҚЫЛЫҒЫМЕН»
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде қыз балаларға рухани – адамгершілік тәрбие беру, қыздардың жеке бас гигиенасы, ерте жүктіліктің, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Қыз сұлу көрінеді қылығымен» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиналыс барысында колледж қыздарына және колледжге жаңа келген қыз балаларға киім кию үлгісі, жасөспірім қыз балалар арасында жиі кездесетін келеңсіз жағдайлары туралы мәселелер айтылды. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қыз балаларға қыз тәрбиесі туралы кеңес бере отырып қыздар арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы айтты. Колледж психологы ерте жүктіліктің қаупі және оның алдын алу жолдарын түсіндірді. Іс-шара соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп пікір алмасты.
12.09.2023
ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ
Бала дүниеге келгеннен бастап білім беру, саналы азамат етіп тəрбиелеу ата-ананың міндеті екендігі аян. Құлан агротехникалық жоғары колледжінде ата-аналарға рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында колледж инспекторының қатысуымен «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиынды колледж директоры О.Мусакулов ашып ата-аналармен бала тәрбиесі туралы ой-пікір алмасты. Іс-шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.Акишева «Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – маңызды мәселе» тақырыбында баяндама жасап бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, ата-аналар комитетінің төрайымы А.Мұханбеталиева күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ойын білдірсе, колледж психологы Л.Кадирсизова ата-аналарға жасөспірімдердің суицидке бару әрекеттері және оның алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
11.09.2023
БОС ЖҰМЫС ОРЫНА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ
Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының
«Құлан агротехникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мекен жайымыз: индекс 080900, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 318 үй 8(72631) 4-17-38, (E-mail) kulan1923@mail.kz
Бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға алады:
1. «Ет өнімдерін өндіру желісінің операторы» біліктілігінің өндірістік оқыту шебері лауазымына - 1 бірлік.
2. «Ара шаруашылығы» мамандығының өндірістік оқыту шебері - 1 бірлік;
3. «Балық шаруашылығы» мамандығының өндірістік оқыту шебері - 1 бірлік;
4. «Орман шаруашылығы» мамандығының өндірістік оқыту шебері - 1 бірлік;
5. «Агрономия» мамандығының өндірістік оқыту шебері - 1 бірлік;
6. «Электр жабдықтары» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы - 1 бірлік;
Лауазымдық еңбек жалақысы: біліміне, біліктілік санатына, сондай – ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ конкурсқа жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша бітірушілері (жас мамандар) қатыса алады.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерінің лауазымға тағайындау, лауазымнен босату қағидаларының 10 қосымшасына сәйкес)
- Жеке басын куәландыратын құжат
- Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы
- Білімі туралы құжаттардың көшірмесі
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
- Психоневролиялық ұйымнан анықтама
- Наркология ұйымнан анықтама
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ педагогтар үшін) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
- Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы
Ескерту: Конкурсқа қатысушысы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.09.2023 ж – 19.09.2023 ж.
11.09.2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ветеринарлық пәндер оқытушысы, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ магистранты Қысық Тілек Тұрсыналыұлы
ғылыми-зерттеу тобының мүшесі ретінде «Разработка и оценка ИФА для обнаружения антител к вирусу ящура типа АЗИЯ-1» жобасының тезистері 6-8 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өткен «Биотехнология және биологиялық қауіпсіздік: жетістіктер мен даму перспективалары» тақырыбындағы ҚР ДСМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары мен ғылыми-зерттеу институтының 65-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағында жарияланды.
07.09.2023
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 07.09.2023 жылы құқықтық тәрбиенің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіріп құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету мақсатында Т.Рысқұлов ауданының аға прокуроры Е.О.Жолдасов, колледж директоры О.Н.Мусакулов, колледж инспекторы Ж.Егембердиев және І курс топ жетекшілерінің қатысуымен «Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында жиналыс өткізілді. І курс студенттерін колледждің ішкі тәртіп ережесімен таныстыра отырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, олардың құқықтарын қорғау, қылмысты болдырмау құқықтық сауаттылықтарын арттыру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа 1 курстың 231 студенті қатысты.
05.09.2023
ТІЛ ДОСТЫҚТЫҢ ТІРЕГІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні мен қазақ әліпбиінің реформаторы, Алаш арысы әрі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланыстыра тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Тіл достықтың тірегі » атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кеш барысында тіл құдыретімен бірге қазақ тілінің жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы ана тілі туралы өлеңдермен викториналық сұрақтар арқылы насихатталды.
05.09.2023
ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 2023 жылдың 5 қыркүйек күні сағат 11:00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3.-тармағына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында мемлекеттік тілде жалпықазақстандық «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында ашық диктант өткізілді. Жалпықазақстандық ашық диктантқа колледжден 31 оқытушы, 294 студент қатысты.
05.09.2023
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес "САБАҚТЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ - САПАЛЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ" тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілігін арттырған педагогтер оқу үрдісін ұйымдастыру мен жоспарлау бойынша тәжірибе алмасты.
01.09.2023
БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ БІЛІМ КҮНІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 1 қыркүйек – Білім күні салтанатты жиынмен басталып, барлық курстардың білім алушыларына «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: АДАЛ ҰРПАҚ, САПАЛЫ БІЛІМ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
11.08.2023
Болашақ үшін мүмкіндіктер осында! Еліміздің колледждеріне құжаттар қабылдау жалғасуда!
Егер сен сапалы білім, маңызды дағдылар мен қызықты кәсіби перспективалар алуды армандайтын болсаң, онда бұл сенің мүмкіндігің! Ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін колледж студенті болуға ұмтылатын талапкерлерден құжаттарды қабылдау жалғасуда.
Бұл оқу жылы - ерекше жыл. Мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға артты, яғни 130 мыңнан астам талапкер тегін оқитын болады.
Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес, мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтардың пайдасына қайта бағдарланды. Геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия, ІТ, көлік, құрылыс - бұл қарастырылып жатқан облыстардың бір бөлігі ғана.
Маңызды қадам - бұл кәсіпорындардың сұраныстары бойынша кадрларды мақсатты даярлау. Біз жастарымызды өзекті біліммен қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Компаниялар өз қажеттіліктерін білдіреді, ал колледждер оларға сәйкес оқуды қамтамасыз етеді.
*****
Если ты мечтаешь о получении качественного образования, важных навыков и интересных профессиональных перспектив, то это твой шанс! До 20 августа текущего года открыт прием документов от абитуриентов, которые стремятся стать студентами колледжей.
Этот учебный год – особенный.
Государственный образовательный заказ вырос на 50 тысяч мест, а это значит, что более 130 тысяч мальчишек и девчонок будут учиться бесплатно.
Согласно решению Главы государства, госзаказ был переориентирован в пользу технических специальностей. Геология, горнодобывающая промышленность, энергетика, металлургия, IT, транспорт, строительство – это лишь часть областей, которые рассматриваются.
Важный шаг – это целевая подготовка кадров по запросам предприятий. Мы понимаем, как важно обеспечить нашу молодежь актуальными знаниями. Компании высказывают свои потребности, а колледжи обеспечивают обучение, соответствуя им. И помни, работодатель готов взять на себя ответственность за твою практику и будущее трудоустройство!
05.08.2023
Жамбыл облысы әкімдігінің аппарат басшысы Мәтен Мади Мейірбекұлы Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапары барысында ғасырға жуық тарихы бар Құлан агротехникалық жоғары колледжінің тыныс-тіршілігімен, материалдық-техникалық базасымен танысып оң бағасын берді. Колледж қабырғасында өткен ардагер ұстаздар және мектеп директорларымен кездесуде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі өзекті мәселелер қозғалды.
31.07.2023
«ҮЗДІК ТОП» СТУДЕНТТЕРІ ТУРИСТІК САЯХАТҚА БАРЫП ҚАЙТТЫ
2022-2023 оқу жылында Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Үздік студенттік топ» байқауының стратегиялық жоспары құрылып, білімді, дарынды, белсенді жастардың мәртебесін арттыру, әр салада колледждің қоғамдық өміріне белсене араласып, зор үлесін қосқан көшбасшы топты анықтау және марапаттау мақсатында байқау жарияланған болатын.
«Үздік студенттік топ» байқауының Ережесіне сәйкес оқу жылы бойы біренеше критерийлер бойынша (білім сапасы, студенттердің өзін-өзі басқаруы, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі белсенділігі) колледждің 29 оқу топтары көрсеткіштерінің мониторингі жүргізілді. Нәтижесінде 1 курс 1топ «Ветеринария» тобы байқау жеңімпазы аталып, Көлсай, Қайынды көлдері мен Шарын шатқалдарына туристік саяхатқа жолдамамен марапатталды.
Колледж директоры Мұсақұлов Олжас Нұрланұлының және колледж педагогтарының демеушілігімен шілде айының 28-30 күндері аралығында, топ жетекшісі Қысық Тілек Тұрсыналыұлы басқарған Үздік топ студенттері ата-аналармен бірге қазақстандықтардың сүйіп баратын, ең танымал көрікті орындарының бірі Көлсай, Қайынды көлдері мен Шарын шатқалдарының әсем табиғатын тамашалап қайтты.
Биылғы жылдан бастап дәстүрге айналатын «Үздік студенттік топ» байқауы коллежіміздің ең үздік жобасына айналмақ.
11.07.2023
КӨКЕЙТЕСТІ ЖИЫН
2023 жылдың 11 шілде күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде облыс аумағындағы «Балық шаруашылығы», «Ара өсіру және жібек шаруашылығы», «Орман шаруашылығы» , «Сүт және сүт өнімдерін өндіру» мекемелерінің мамандарға қажеттілігін анықтау мақсатында «Ауыл шарушылығы мамандарын даярлаудың өзекті мәселелері: қазіргі жағдайы және шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Жиының алғы сөзінде колледж директоры О.Мұсақұлов ауыл шаруашылығы мамандарын даярлаудың перспективаларымен таныстырып, ортақ мәселені шешуде қатысушыларды атсалысуға шақырды. Директордың орынбасары Р.Ташыбаева өз кезегінде мамандардың құзыреттілігін қалыптастырудағы оқу орнының материалдық-техникалық базаның алатын орнына сипаттапма берді.
Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Д.Айдарова облыстағы орман шаруашылығының жай-күйін, сапалы мамандарға қажеттілігі және оларға қойылатын талаптар туралы баяндаса, Жамбыл облысының ара өсірушілер қауымдастығының басшысы В.Ф. Ромащенко өңірдегі ара шаруашылығының мәселелері, шешу жолдары мен болашағына тоқталды.
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Аквакультура» ғылыми-зерттеу орталығының директоры В.Арыстаналиева өңірде балық шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері және оларды шешу жолдарын ұсынды.
Дөңгелек үстелдің басында Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Т.Рысқұлов, Жуалы, Меркі, Байзақ аудандарының ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелерінің, "NOMAD AQUA INVEST», «Fishing industry» ЖШС басшылары мен мамандары өзекті мәселе төңірегінде ой бөлісті.
03.07.2023
АСТАНА – ЕЛІМІЗДІҢ ЖҮРЕГІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 6 шілде – Астана күніне орай колледж кітапханасында «Тәуелсіздік тірегі – Астана» тақырыбында кітап көрмесі жасалды. Көрмеге бас қаламыздың қысқаша тарихы мен Астана туралы фотосурет, елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын мол әдебиеттер
қойылып оқырмандарға таныстырылды.