• Жаңалықтар

            • 30.06.2024

            • Талапкер-2024!

              Құлан агротехникалық жоғары колледжіне 2024-2025 оқу жылына талапкерлер қабылдау маусым айының 25 нен бастап жүргізілуде. 8 мамандық бойынша колледжге талапкерлер қабылдау жалғасуда.

              Талапкер-2024, бізге кел Құлан агротехникалық жоғары колледжін таңда!

            • 29.06.2024

            • БІЛІМ ӘЛЕМІНЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА!

              Құлан агротехникалық жоғары то колледжінде 2024 жылғы түлектерге диплом тапсыру салтанаты өтті. Салтанатты жиында «Ветеринария», «Агрономия», «Аспазшы», «Ақпараттық жүйелер», «Электромонтер», «Дәнекерлеу ісі», «Сүт өнімдерінің өндірісі», «Балық шаруашылығы», «Орман шаруашылығы» мамандықтары бойынша 218 түлек диплом алып, үлкен өмірге қадам басты.

              Колледж тарихындағы айтулы күні колледж директоры Мусакулов Олжас Нұрланұлы сөз сөйлеп түлектерді, ата-аналарды және салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтап, жас мамандардың еліміздің өсіп өркендеуіне , ауылшаруашылығы саласының дамуына лайықты үлес қосатынына үміт артатындығын жеткізді. Колледж ұжымы өз түлектеріне табыс тілейді. Ақ жол!

            • 21.06.2024

            • ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ӨТКІЗІЛДІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Ветеринария», «Агрономия», «Сүт және сүт өнімдерін өндіру» мамандығының студенттері қорытынды мемлекеттік аттестаттауды WorldSkills кәсіби стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтихан форматында тапсырды. Студенттердің орындаған жұмыстары CIS бағалау жүйесі арқылы бағаланды.

            • 21.06.2024

            • КӨҢІЛ АЙТУ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ардагер ұстазы, ветеринариялық ғылымының кандидаты Орынбаев Бармақ Орынбайұлы 86 жасқа қараған шағында өмірден озды.

              Құлан агротехникалық жоғары колледжі ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл білдіреді.

              Бармақ Орынбайұлының есімі елдің есінде мәңгі сақталады. Жаны жәннатта болып, пейіште нұры шалқысын!

              Бармақ Орынбайұлы 1939 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов (бұрынғы Луговой) ауданы, Сұлутөр ауылдық кеңесіне қарасты Әбжаппар (бұрынғы Қызыл ту) ауылында өмірге келген.

              Алматы қаласындағы зоотехникалық малдәрігерлік институтының малдәрігерлігі факультетін бітірген. Бірнеше жылдар колхоз басшысы, аудандық малдәрігерлік зертхана директоры, ауданның бас малдәрігері, инспекторы қызметтерін атқарған. Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 20 жылдай жас ұрпақты, болашақ мамандарды дайярлауда еңбегін сіңірген оқытушы, ардагер-ұстаз.

              Б.Орынбаев, ветеринариялық ғылымының кандидаты, бірнеше кітап, кітапша, және малдәрігерлік саласындағы нұсқама, ғылыми мақалалардың авторы.

            • 04.06.2024

            • ЕЛ РӘМІЗДЕРІ - ЕРКІНДІК НЫШАНЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай студенттердің Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, білімдерін кеңейту және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталып, студенттер «Алға Қазақстан» флешмоб биледі, «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнімен жалғасын тапты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.М.Акишева бұл қазақстандықтардың ұлттық салт-санасын нығайта түсетін маңызды мереке екенін, бұл мерекенің мәні, тарихы, оны өткізу дәстүрлері туралы айтты.

            • 03.06.2024

            • СЕЙСМИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 2024 жылдың 03 маусым күні сағат 10.00де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы 2 шілдедегі №494 бұйрығын орындау және Республика көлемінде өткізілген оқу-жаттығуға байланысты колледж қызметкерлері және студенттері арасында профилактикалық оқу-жаттығу мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

            • 31.05.2024

            • ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 31 мамыр қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Өзекті өртер шындық» тақырыбында топ сағаттары өткізіліп, білім алушыларға «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» тақырыбында лекция оқылды. Жыл сайын аталып өтетінін бұл қаралы датаға арналған іс-шаралар барысында еліміздің тарихындағы қасіретті кезеңде қуғынға ұшыраған ата бабаларымыздың басынан өткізген қайғы қасіреттері, сталиндік-голощекиндік реформа салдарынан туындаған ашаршылық, солақай саясаттың құрбаны болған алаш зиялыларының өмір жолы және еңбектері туралы айтылып, Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерлерінің тарихына шолу жасалынды.

            • 28.06.2024

            • ҚЫЗ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС

              2024 жылдың 28 мамыр күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру мақсатында “Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны” тақырыбында қыздар жиналысы ұйымдастырылды.

              Кездесу барысында колледж психологы А.Б.Шайлаева қатысушылармен “Қиындықты жеңу жолы” тренингін өткізсе, колледждің медбикесі А.А.Ержигитова “Қыз баланың бойындағы тазалығы” тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

              Кездесуге Жастар ресурстық орталығының психологы С.С.Тастанбек, аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына әлеуметтік кеңес беру кабинетінің психологы Ж.Ж.Амантай, социологы А.А.Құдайберген, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау аға инспекторы, полиция майоры Г.І.Ақшабаева студенттер арасында топтық жұмыс, тренингтер, ойын жаттығулар жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.

            • 28.06.2024

            • ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛАТЫН ТАРИХИ КҮН

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің кітапханасында 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Т.Рысқұлов аудандық кітапханасымен бірлескен «Тарихи жылдар шежіресі» тақырыбында танымдық сағат өтті. Іс-шара саяси репрессия құрбандарын бір сәт үнсіздікпен еске алумен басталып, ұлт зиялыларының үлгі болар өмірі мен шығармашылығы, ерліктері, ұрпаққа ой салар тарихи оқиғаларды насихаттаумен жалғасын тапты. Сонымен қатар «Қасіретті жылдар жұрт жадында» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, ашаршылықтың зардаптары туралы бейнефильм көрсетілді.

            • 24.05.2024

            • 🔰БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕН ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

              🔹Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы мен Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректордың Бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы университет пен білім басқармасының арасында ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері бойынша Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

              🖇️Сонымен қатар аталған Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Құлан агротехникалық жоғары колледжі арасында академиялық ұтқырлықты, педагогтер арасында тәжірибе мен білім алмасуды, студенттерді қолдауға бағытталған іс-шаралар қарастырылып, ынтымақтастық және өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы Шарт жасалды.

               

            • 17.05.2024

            • «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде студент пен педагогтар арасында «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Екі кезең бойынша өткен бәсекеде 7 жұп патриоттық әндермен еркін тақырыптағы әндер айтып додаға түсті. Байқауда төрелік еткен әділ қазылар шешімімен 1 ші орынды оқытушы Эльвира Биғонысовамен студенті Қалдыбай Ақжүрек, 2 ші орынды оқытушы Мадина Мүсірәлімен студенті Серік Жансерік, 3 ші орын оқытушы Айнұр Серікбаевамен студенті Ағаділ Әділ жеңіп алды. Сондай-ақ оқытушы Ахмет Абдимен студенті Жанаберді Мақсат «Талантты жұп», оқытушы Гаухар Солтаналиевамен студенті Мырзабай Нұргелді «Лирикалық жұп», студенттер Смағұл Гұлнұр мен Қырғызалы Қуаныш «Ең әдемі жұп», оқытушы Гүлмайра Рахмановамен студенті Шадыхан Әлия «Жарасымды жұп» номинацияларымен марапатталды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

            • 14.05.2024

            • ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ, ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫН ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН -АЛУ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Құқықтық сауаттылықты арттыру, есірткі заттарын тұтынудың алдын-алу» тақырыбында Т.Рысқұлов АПБ ЖПК ЮПТ аға инспекторы, полиция майоры Д.Жанасов, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының инспекторы Ж.Егембердиев, Т.Рысқұлов АПБ-нің ювеналды полиция тобының аумақтық инспекторы полиция лейтененанты Ахмет Нартай Мұратұлының қатысуымен жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту, есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру мақсатында дәріс өтті.

              Сондай-ақ, «Есірткінің зияны» тақырыбында видео көрсетілді. Мамандар тарапынан зиянды әдеттердің алдын алудың жолдары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, спортпен шұғылдану, жауапкершілік сезімінің жоғары болуы, студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, сияқты кеңестер берілді. Әр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Ал заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі екенін айтты. Сондықтан да студенттермен өткізілген мұндай дәрістердің маңызы зор, берер пайдасы мол.

            • 14.05.2024

            • ӘРБІР ОТБАСЫ БАҚЫТТЫ БОЛСЫН

              Отбасы - тіршіліктің тірегі, балалары баға жетпес байлығы екенін дәріптей отырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты, ынтымақты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру, ата- ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілікті мейлінше арттыру мақсатында колледж психологы А.Б.Шайлаева 1 курс студенттерінің ата- аналарымен “Әрбір отбасы бақытты болсын” тренинг-семинар өткізді. Тренинг барысында түсіндіру, топтық жұмыстар, эксперименттер жүргізіліп, ортада ой бөлісіп, пікір алмасты.

            • 13.05.2024

            • АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН БАТЫР

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Кеңес Одағының батыры, әскери қайраткер, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына орай «Аты аңызға айналған батыр» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолы, ұмытылмас батырлығы, қазақ халқына сіңірген еңбегі, дүниеден өткенше әскери салаға өмірін арнаған ұлт мақтанышы болғаны туралы айтылды.

            • 10.05.2024

            • ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАДІРЛІ ҰЛДАРЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында кітап көрмесі жасалды. Көрмеге Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев және Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов туралы деректер оқырмандарға ұсынылды.

            • 06.05.2024

            • 7 МАЯ ДЕНЬ ЗАЩИТНИКОВ РОДИНЫ

              Сотрудник Лугового военного гарнизона No42062 3-го разряда сержант Р, по случаю "7 мая, Дня защитников Родины" в Агротехническом высшем колледже Кулан. А. Состоялась встреча студентов колледжа с Исмамбетовым. В ходе учебного совещания студенты-военнослужащие обсудили долг каждого мужчины перед родиной и статус военнослужащих.

            • 06.05.2024

            • "ТОҚТА, ВАНДАЛ» ТОП САҒАТЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде "вандализм" ұғымы туралы түсінік беру, мәдени, материалдық құндылықтарды сақтауға мотивация қалыптастыру, патриотизм сезіміне тәрбиелеу мақсатында"Тоқта, вандал"тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Топ сағатында студенттерді тазалыққа үндеп, аулымызды күтіп ұстауға,спортпен айналысуға, қоғам мүлкін бүлдірмеуге, әр адам туған ауылына құрметпен қарау қажеттігі , вандализм жасағаны үшін, заң бойынша жазалануы мүмкіндігі туралы айтылды.

            • 06.05.2024

            • Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенті Афанасенко Надежда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Живое слово» студенттік ғылыми үйірмесі ұйымдастырған «Человек в коммуникации: категория вежливости и речевая агрессия» тақырыбы аясында өткізілген конференцияға қатысты.

              Студенттің «Конфликтная коммуникация в сетевом и публичном пространстве» тақырыбында ұсынған жұмысы үздік деп танылып, І дәрежелі дипломмен марапатталып, жетекшісі орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Шихова Разальяға алғыс хат табысталды.

            • 06.05.2024

            • «АҚЫРТАС ҚАЛАШЫҒЫНА ЭКСКУРСИЯ»

              БЕЙНЕРОЛИГІ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенті Қалдыбай Ақжүрек М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының «Сервис» студенттік ғылыми үйірмесі ұйымдастырған «Қазақстанның оңтүстік өнірінің туристік көрікті жерлері» тақырыбында өткен үздік экскурсиялық бейнеролик байқауына қатысты.

              Студенттің география пәнінің оқытушысы Эльвира Бигонысованың жетекшілігімен «Ақыртас қалашығына экскурсия» тақырыбында ұсынған бейнеролигі І орын иеленді.

              Әріптесімізге студенттердің туған өлкеге деген сүйіспеншілігі мен құрметін тәрбиелеу жұмысына сәттілік тілейміз.

            • 06.05.2024

            • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

              Президентіміздің жарлығымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» акциясы Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жалғасын табуда. Оқу орнының ауласында негізі қаланған «ҰРПАҚ сабақтастығы» аллеясына бүгін Т.Рысқұлов ауданының әкімі Е.Есіркепов басқарған ауданның және Құлан ауылының мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, колледж ардагерлері, педагогтері және студенттерінің атсалысуымен 58 түп көк шырша ағаштары отырғызылды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған шаралар легі алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

              Іс-шара соңында колледж қонақтары өзін-өзі қаржыландыру көзімен салынған жазғы спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімін өткізіп, оқу орнының игі бастамаларына ризашылығын, өркендеу жолында табыстарға жетуге тілегін білдірді.