• Жаңалықтар

            • 02.07.2023

            • БІЛІМ ӘЛЕМІНЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА!

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 2023 жылғы түлектерге диплом тапсыру салтанаты өтті. Салтанатты жиында «Ветеринария», «Агрономия», «Аспазшы», «Тігінші», «Электромонтер», «Дәнекерлеу ісі», «Сүт өнімдерінің өндірісі», «Ет және ет өнімдері», «Орман шаруашылығы» мамандықтары бойынша 182 түлек диплом алып, үлкен өмірге қадам басты.

              Колледж тарихындағы айтулы күні колледж директоры Мусакулов Олжас Нұрланұлы сөз сөйлеп түлектерді, ата-аналарды және салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтап, түлектердің алған білімдері, кәсіби құзыреттері жаңа Қазақстанның құрылысына қызмет ететініндігіне сенімді екенін білдіріп, жас мамандарға ақ жол тіледі.

            • БОС ЖҰМЫС ОРЫНА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

            • Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

              «Құлан агротехникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

              Мекен жайымыз: индекс 080900, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 318 үй 8(72631) 4-17-38, (E-mail) kulan1923@mail.kz

              Бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға алады:

              1. «Ветеринария» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы - 1 бірлік;
              2. «Дәнекерлеу ісі» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы - 1 бірлік;

              Лауазымдық еңбек жалақысы: біліміне, біліктілік санатына, сондай – ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

              Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

              Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ конкурсқа жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша бітірушілері (жас мамандар) қатыса алады.

              Қажетті құжаттардың тізбесі:

              - Конкурсқа қатысу туралы өтініш (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерінің лауазымға тағайындау, лауазымнен босату қағидаларының 10 қосымшасына сәйкес)

              - Жеке басын куәландыратын құжат

              - Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы

              - Білімі туралы құжаттардың көшірмесі

              - Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

              - «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

              - Психоневролиялық ұйымнан анықтама

              - Наркология ұйымнан анықтама

              - Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ педагогтар үшін) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)

              - Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы

              Ескерту: Конкурсқа қатысушысы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

              Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.09.2023 ж – 12.09.2023 ж.