• Жаңалықтар

            • 17.11.2023

            • СЕН ӨЗ ҚҰҚЫҒЫНДЫ БІЛЕСІҢ БЕ?

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің құқықтық тәрбие беру жоспарына сәйкес студенттер арасында «Сен өз құқығыңды білесің бе?» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.

              Студенттердің адам құқықтары мен бостандықтары туралы түсінігін арттыру, құқықтық білімдерін толықтыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру, саяси санасы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып өмірде қолдана білуге баулу міндеттері жүзеге асырылды.

            • 17.11.2023

            • СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ АЙНАСЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «SAMRUK» дебат клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз қоғамды қалай құруға болады?» тақырыбында дебат өтті. Адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір сүруі басты құндылық болғандықтан, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізудің тиімді жолдыры, кеңінен талқыланды.

              Нәтижесінде нақты дәлел, өткір пікірлерін жеткізе білген 1курс 1топ Агрономия мамандығынан құралған «Алғыр» тобының студенттері бірінші орынды иеленді.

            • 16.11.2023

            • ҚҰЛАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНЕ 100 ЖЫЛ

              ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

              1963 жылы 23 сәуірде Қазақ ССР-ның Ауылшаруашылығы министрлігінің № 93 Бұйрығымен техникум Ақкөлден Луговой ауылына (қазіргі Т.Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы) көшірілді. Осыдан бері техникум өзінің тұрақты мекеніне ие болды.

              1963 жылы Луговой ауданының таралуына байланысты Луговой аулында біраз әкімшілік ғимараттар мен пәтерлер босатылды. Олар техникумның қарамағына беріліп, білім беру орны оқу корпустарымен, оқушылар жатақханамен, оқытушылар пәтерлермен қамтамасыз етілді.

              Луговой селосының маңында, Шөңгер аймағынан, алғашқы кезде 360 га жер бөлініп, техникумның оқу-тәжірибе шаруашылығының негізі қаланды. Онда әкімшілік және шаруашылық нысандары, үй құрылысы, мал-қоралары салынды. Техникум сапалы кадрлармен жасақталып, оқу-өндірістік шаруашылығы дамып, жылдан-жылға материалдық-техникалық базасы нығайды.

              1965 жылы техникумда бухгалтерлік бөлімі ашылып, «Ауылшаруашылығы өндірісін жоспарлау», «Ауылшаруашылығы өндірісінің бухгалтері» мамандықтары бойынша студенттер қабылданды.

              1970 жылы 650 орындық жаңа типтік оқу корпусы пайдалануға берілді. Оқу ғимаратында 19 оқу бөлмесі, 18 зертхана, кітапхана, оқу, мәжіліс, спорт залдары және тир орналасты. 1973 жылы 632 орындық жатақхана, 110 орындық асхана салынып пайдалануға берілді. Осы жылдары техникумның күндізгі оқу бөлімінде 1200-ге жуық, сырттай оқу бөлімінде 800-ден астам студенттер білім алды.

              Ауылшаруашылығына қажетті білікті мамандар даярлауда техникум педагог кадрлардың кәсіби өсуіне күнделікті қамқорлық жасап отырды. Сондықтан, оқытушылар өндірістен қол үзбей Мәскеудегі К.И.Скрябин атындағы малдәрігерлік және К.А.Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академияларындағы педагогикалық факультеттерде, сонымен қатар Ленинград, Киев, Новосибирск, Харьков, Алматы қалаларындағы ауылшаруашылық жоғарғы оқу орындарында педагогтық білімдерін көтерді.

              Техникум ұстаздары Оңтүстік өңірлік ауылшаруашылғы техникумдарының семинар-кеңестері жұмысына үнемі белсене қатысып отырды. Осындай семинар-кеңестер Жамбыл зоотехникалық ветеринарлық техникумның базасында да бірнеше рет ұйымдастырылды.

              Білікті мамандарды дайындаудың негізгі кезеңдерінің бірі өндірістік тәжірибе болғандықтан, 1985 жылы малдәрігерлігі мамандығының тәжірибелік алаңын кеңейту мақсатында 100 орынға арналған типтік малдәрігерлік клиника салынып пайдалануға берілді.

              Техникумда жастар тәрбиесіне, саясатына ерекше көңіл бөлінді. Жазғы демалыс айларында техникумның студенттік құрылыс отрядтары (ССО) еліміздің көптеген шаруашылықтарында құрылыс жұмыстарын жүргізді.

              1984 жылы техникумның «Сұлутөр» көркем өнерпаздар ансамблі Луговой ауданы делегациясы құрамында Моңғол Халық республикасындағы қазақ мәдіниетінің онкүндігіне қатысты.

              1991 жылы егемендігін алған тәуелсіз Қазақстандағы көптеген өзгерістер мен реформалар білім саласына да ықпалын тигізді. Еліміздегі орта кәсіби оқу орындарын қайта құру, оңтайландыру мәселесі техникумның алдында да қиындықтарды туындатты. Соған қарамастан техникумның педагогикалық ұжымы қиыншылықтарға төзеп, оқу орнының бір қалыпты жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етті.

              1991 жылы 35 арнайы пәндер дәрісханалары мен зертханалары бар, 920 орындық техникумның жаңа типтік оқу-лабораториялық корпусы пайдалануға берілді. Заман ағысына сай колледжде «Зооветеринария», «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану», «Ауышаруашылық өнімін өндіру технологиясын ұйымдастыру», «Салық ісі», «Құқықтану», «Фермер шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу», «Әлеуметтік педагогика», «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу», «Кәсіптік оқыту», «Агрономия», «Зоотехния» сияқты жаңа мамандықтыр ашылды.

              1995 жылы 12 желтоқсанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің

              № 311 бұйрығына сәйкес Жамбыл зоотехникалық ветеринарлық техникумы «Құлан ауылшаруашылығы колледжі» болып атауын өзгертті.

              1998 жылы колледж ісі жалғасын табу үшін үзіліссіз даярлап оқыту мақсатымен колледж жанынан лицей ашылды (2010 жылға дейін қызмет етті).

              Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылдың 29 сәуіріндегі №83 қаулысына сәйкес Құлан ауылшаруашылығы колледжі, оған №4 Құлан колледжін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

              Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 қазан №203 қаулысына сәйкес Құлан агротехникалық колледжі болып ауыстырылды.

              Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылдың 20 тамызындағы №173 қаулысына сәйкес Құлан агротехникалық колледжі, оған №18 Ақыртөбе колледжін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

              Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №12 қаулысына сәйкес Құлан агротехникалық колледжіне «Жоғары колледж» статусы беріліп, аталуы Құлан агротехникалық жоғары колледжі болып ауыстырылды.

               

            • 16.11.2023

            • ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚЫРМАНЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы бойынша студенттер арасында «Жылдың үздік оқырманы» байқауы ұйымдастырылды. 3 кезеңнен тұрған іс-шара барысында қатысушылар қазақ әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларынан монолог, туған өлке ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқу және өздерінің оқыған сүйікті кітаптарын видеоролик түрінде жарнамалап көркем туындыларды насихаттады. Байқау қорытындысы бойынша 1 курс «Аспазшы» мамандығының студенті Серік Назерке жеңіске жетіп облыстық кезеңге жолдама алды.

            • 16.11.2023

            • ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттеріне құқықтық тәрбие беру жоспарына сәйкес «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Студенттердің адам құқықтары, зорлық-зомбылық және оның түрлері туралы білімдерін бекіту және тереңдету, заңды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілген іс-шарада білім алушылардың өз бетінше шешім қабылдау, өз пікірін қорғау, коммуникативтік қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту, адамдарға қатысты толеранттылықты тәрбиелеу міндеттері жүзеге асырылды.

            • 16.11.2023

            • ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жасөспірімдер құқығын қорғау, зорлық-зомбылық мәселесіне көңіл аудару, қатігездікке жол бермеу, бопсалау, әлімжеттіктің алдын алу, мейірімді, ізетті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Т.Рысқұлов аудандық прокуратурасының прокуроры Бейсенбаев Бексұлтан Нұржанұлының, Т.Рысқұлов АПБ-нің ювеналды полиция тобының аумақтық инспекторы полиция капитаны Егембердиев Жасулан Канатұлының қатысуымен «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықтың алдын - алу» тақырыбында кездесу өтті.

              Кездесу барысында буллинг, қысым көрсету және кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың басқа да түрлерінің алдын алу бойынша студенттерге арналған бейнероликтер көрсетіліп, жасөспірімдер арасындағы буллинг пен зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелерді талқылап, әлімжеттікке тап болған жағдайда кімге көмекке жүгіну керектігі және де құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндіріліп мағлұмат берілді. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді жазалаудың ерекшеліктері туралы айтылды.

            • 15.11.2023

            • МЕН БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНККЕ ҚАРСЫМЫН

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде колледж психологы Л.Кадирсизова студенттерге буллинг және кибербуллинг туралы мәлімет беру, жастар арасында зорлық-зомбылыққа жол бермеу және одан қорғану жолдарын түсіндіру мақсатында «Мен буллинг және кибербуллинкке қарсымын» тақырыбында 1 курс студенттеріне психологиялық тренинг жүргізді. Тренинг барысында студенттер буллинг және кибербуллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін, оның салдары немен аяқталады, деген сұрақтың төңірегінде пікір алмасты. Іс-шара соңында «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы жүргізіліп, студенттер бір-біріне деген тілектерін түрлі түсті стикерлерге жазу арқылы білдірді.

            • 13.11.2023

            • ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жасөспірмдер және жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында «Қылмыс және жасөспірім» тақырыбында дәріс өткізілді.

            • 13.112023

            • ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ XIX ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ

              9 қараша күні Қостанай қаласында Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық "Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі" ынтымақтастық форумы өткізілді. Форум жұмысына 500-ден астам адам, атап айтқанда, Ресей Федерациясының 12 облысы және Қазақстанның 8 облысының өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Астанаға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты.

              Форумның аясында Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің отырысы және үш бағыт бойынша пленарлық сессиялар өткізілді:

              - Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

              - Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологиялар;

              - Жастар және ауыл шаруашылығы: білім берудегі жаңа трендтер.

              Форум жұмысына қатысқан ауылшаруашылығы саласына қатысты өкілдер қатарында техникалық және кәсіптік білім беру бойынша баяндама ұсынған Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құлан агротехникалық жоғары колледжінің директоры Олжас Мұсақұлов. Ол «Жастар және ауыл шаруашылығы: білім берудегі жаңа трендтер» атты форумның №3 панельдік сессиясының жұмысына қатысып «Техникалық және кәсіптік білім беру Қазақстанның ауыл шаруашылығы дамуының өсу факторы ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

              О.Мұсақұлов баяндамасында ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан жүргізіліп жатқан реформалардың колледжді басқаруға оңды ықпалына тоқталып: колледждерге берілген академиялық дербестік шеңберінде жұмыс берушілермен бірлесіп 10-нан астам оқу бағдарламасы жаңартылды; «Жас маман» жобасы аясында алынған заманауи техника мен жабдықтар даярланатын мамандардың сапасын арттыруға үлкен мүмкіндіктер туғызды; ақылы қызметпен айналысуға заң жүзінде берілген мүмкіндік колледж өнімдерін сатудан түскен пайданы оқу орнының қажеттіліктерін өзін-өзі қаржыландыру үшін пайдаланады деп, атап өтті. Оның мысалы ретінде колледж аумағында жоспарланған студенттік кампус құрудың алғашқы қадамдардың бірі колледждің өз қаражатына жазғы спорт алаңын салу болды.

              Сонымен қатар О.Мұсақұлов форумда бірқатар ТжКБ жүйесін жақсартуға ықпал ететін ұсыныстармен бөлісті:

              - Қазақстан мен Ресей арасындағы студенттер арасында академиялық ұтқырлық үшін нормативтік база құру;

              - Ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша екі ел арасындағы AgroSkills аралық чемпионатын жыл сайын өткізу;

              - Екі елдің колледж директорлары үшін озық тәжірибемен алмасу бойынша іс-шаралар спектірін кеңейту.