ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Қыз баланы жыныстық тәрбиелеу» тақырыбында Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының кеңес беру кабинетінің әлеуметтік маманы Қожаберген Айгүл Алдабергенқызы, СӨСҚ дәрігері Пойызбай Айгерім Есжанқызы, Т.Рысқұлов ауданы Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ психологы Тастанбек Сымбат Сұлтанғалиқызының қатысуымен қыздар жиналысы өтті.
Бойжеткен жасөспірімдерімізге ұлттық менталитетімізді, салт-дәстүрлерімізді құрметтеуге, бойларына тазалық, ұқыптылық, инабаттылық сияқты жақсы қасиеттерді дарыту мақсатында ұйымдастырылған жиналыс барысында колледж директоры О.Н.Мұсақұлов қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар, қыз баланың тәрбиесіне байланысты екендігін айтса колледж психологы Л.Кадирсизова "Қыз баланың жыныстық жетілуі және гигиенасы" тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар жиналысқа қатысқан дәрігер мамандар студенттерге "Ерте жүктілік, жыныстық жолмен жұғатын аурулардың түрлері және алдын-алу шаралары" тақырыбында әңгіме қозғап, алдын алу шараларын ұсынып, қыз балаларға пайдалы көптеген мағлұматтар берді.