• Жаңалықтар

            • БОС ЖҰМЫС ОРЫНА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

            • Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

              «Құлан агротехникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

              Мекен жайымыз: индекс 080900, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 318 үй 8(72631) 4-17-38, (E-mail) kulan1923@mail.kz

              Бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға алады:

              1. «Ветеринария» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы - 1 бірлік;
              2. «Дәнекерлеу ісі» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы - 1 бірлік;

              Лауазымдық еңбек жалақысы: біліміне, біліктілік санатына, сондай – ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

              Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

              Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ конкурсқа жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша бітірушілері (жас мамандар) қатыса алады.

              Қажетті құжаттардың тізбесі:

              - Конкурсқа қатысу туралы өтініш (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерінің лауазымға тағайындау, лауазымнен босату қағидаларының 10 қосымшасына сәйкес)

              - Жеке басын куәландыратын құжат

              - Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы

              - Білімі туралы құжаттардың көшірмесі

              - Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

              - «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

              - Психоневролиялық ұйымнан анықтама

              - Наркология ұйымнан анықтама

              - Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ педагогтар үшін) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)

              - Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы

              Ескерту: Конкурсқа қатысушысы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

              Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.09.2023 ж – 12.09.2023 ж.

               

            • БОС ЖҰМЫС ОРЫНА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

            • Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

              «Құлан агротехникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

              Мекен жайымыз: индекс 080900, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 318 үй 8(72631) 4-17-38, (E-mail) kulan1923@mail.kz

              Бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға алады:

              1.  «Аға шебері» лауазымына - 1 бірлік;

              2. «Электр жабдықтары» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы - 1 бірлік;

              Лауазымдық еңбек жалақысы: біліміне, біліктілік санатына, сондай – ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

              Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

              Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ конкурсқа жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша бітірушілері (жас мамандар) қатыса алады.

              Қажетті құжаттардың тізбесі:

              - Конкурсқа қатысу туралы өтініш (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерінің лауазымға тағайындау, лауазымнен босату қағидаларының 10 қосымшасына сәйкес)

              - Жеке басын куәландыратын құжат

              - Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы

              - Білімі туралы құжаттардың көшірмесі

              - Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

              - «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

              - Психоневролиялық ұйымнан анықтама

              - Наркология ұйымнан анықтама

              - Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ педагогтар үшін) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)

              - Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы

              Ескерту: Конкурсқа қатысушысы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

              Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.08.2023 ж – 07.09.2023 ж.

            • БОС ЖҰМЫС ОРЫНА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

            • Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

              «Құлан агротехникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

              Мекен жайымыз: индекс 080900, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 318 үй 8(72631) 4-17-38, (E-mail) kulan1923@mail.kz

              Бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға алады:

              1.  «Ара шаруашылығы» мамандығының өндірістік оқыту шебері - 1 бірлік;

              2.  «Балық шаруашылығы» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы - 1 бірлік;

              3.  «Орман шаруашылығы» мамандығының өндірістік оқыту шебері - 1 бірлік;

              4.  «Агрономия» мамандығының өндірістік оқыту шебері - 1 бірлік;

              5.  Математика пәнінің оқытушысы - 1 бірлік

              Лауазымдық еңбек жалақысы: біліміне, біліктілік санатына, сондай – ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

              Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

              Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ конкурсқа жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша бітірушілері (жас мамандар) қатыса алады.

              Қажетті құжаттардың тізбесі:

              - Конкурсқа қатысу туралы өтініш (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерінің лауазымға тағайындау, лауазымнен босату қағидаларының 10 қосымшасына сәйкес)

              - Жеке басын куәландыратын құжат

              - Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы

              - Білімі туралы құжаттардың көшірмесі

              - Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

              - «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

              - Психоневролиялық ұйымнан анықтама

              - Наркология ұйымнан анықтама

              - Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ педагогтар үшін) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)

              - Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы

              Ескерту: Конкурсқа қатысушысы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

              Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24.08.2023 ж – 02.09.2023 ж.

            • БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

            • Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

              «Құлан агротехникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

              Мекен жайымыз: индекс 080900, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 318 үй 8(72631) 4-17-38, (E-mail) kulan1923@mail.kz

              Бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға алады:

              1. 07150500 «Дәнекерлеу ісі» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы - 1 бірлік.

              Лауазымдық еңбек жалақысы: біліміне, біліктілік санатына, сондай – ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

              Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

              Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ конкурсқа жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша бітірушілері (жас мамандар) қатыса алады.

              Қажетті құжаттардың тізбесі:

              - Конкурсқа қатысу туралы өтініш (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерінің лауазымға тағайындау, лауазымнен босату қағидаларының 10 қосымшасына сәйкес)

              - Жеке басын куәландыратын құжат

              - Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы

              - Білімі туралы құжаттардың көшірмесі

              - Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

              - «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

              - Психоневролиялық ұйымнан анықтама

              - Наркология ұйымнан анықтама

              - Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ педагогтар үшін) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)

              - Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы

              Ескерту: Конкурсқа қатысушысы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

              Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.08.2023 ж – 02.09.2023 ж.

            • 20.06.2023

            • ТАЛАПКЕР – 2023!

              Құлан агротехникалық жоғары колледжіне 2023-2024 оқу жылына талапкерлерді қабылдау жұмысы ағымдағы жылдың 20 маусымынан басталды. Колледж 11 мамандық бойынша талапкерлерді қабылдайды.

              ӨЗ ТАҢДАУЫҢДЫ ЖАСА!

              БІЗГЕ ОҚУҒА КЕЛ!

            • 19.06.2023

            • ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА - САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің Ветеринария мамандығының педагогтері Р.Сарсенбиев, А.Көпбаева, Т.Қысық Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастырумен өткізілген «Өңір ерекшеліктеріне байланысты жиі кездесетін ауылшаруашылық жануарларының аурулары және оларды білім беру бағдарламаларына енгізу» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Колледж педагогтері, академиялық дербестік шеңберінде, оқу жұмыс бағдарламасының мазмұнын жұмыс берушілермен өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып анықтаудың маңыздылығына тоқталып, осы бағытта оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстар барысымен тәжірибе бөлісті.

            • 15.06.2023

            • ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының гинеколог дәрігері Ниязқұлова Гүлбақыт Керимхановна, «Жас ұрпақ» жастар денсаулық орталығының психолгы Тұрбекова Аяна Қайратқызы, және «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-нің Т.Рысқұлов ауданындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік-психологиялық кеңес беру кабинетінің психологы Амантай Жансая Жеңісбекқызының қатысуымен «Қыз баланың жыныстық жетілуі және гигиенасы» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

              «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, - деген сауал төңірегінде ой қозғап, колледж қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық, гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті.

              «Жас ұрпақ» жастар денсаулық орталығының психолгы Тұрбекова Аяна сөз алып, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Көптеген отбасында әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ, бұл дұрыс еместігін айтып өтті.

              Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында, қыз баланың тәрбиесіне де байланысты екенін, кез келген нәрсеге еліктемей қазақ қызына тән қасиетті бойына сіңіріп ибалы, инабатты, білімді қазақ қызына лайық болуы керек екені айтылды.

            • 04.06.2023

            • Мемлекеттік рәміздерхалқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілері. 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігінде Мемлекеттік Гимн шырқалды. Патриоттық іс-шараға Құлан агротехникалық жоғары колледжінің қызметкерлері өз үлестерін қосты.

            • 01.06.2023

            • ӘСКЕРИ ОҚУ-ДАЛА ЖИЫНЫ ӨТТІ

              2023 жылғы 25-31мамыр аралығында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің 1 курс студенттері бес күндік әскери оқу-далалық жиынын өтті. Әскери далалық жиын барысында студенттер Луговой әскери гарнизоның бір күндік тыныс-тіршілігімен танысты. Әскери бөлімде студенттер Отан алдында борышын өтеп жүрген сарбаздармен сұхбаттасып, әскери өмір туралы әңгімелесті және әскери бөлімнің қару-жарағы, әскери техникасы, казармалық үй-жайымен танысты. Сонымен қатар, колледж аумағында жатып атуға арналған окоп қазып алғашқы әскери дайындық пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдады.

            • 01.06.2023

            • «ҚАРМЕН ЖУЫЛҒАН ҚАН» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 30.05.23 ж. күні Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 1-2 курс студенттеріне қоюшы-режиссер Әнуар Райбаевпен продюсер Рашид Аманжоловтың халық жаулары аталған ел жайсаңдарының жұбайлары мен балаларының жер бетінің тозағы атанған «АЛЖИР» лагерінде ажалмен арпалысып өткен азапты тағдырлары баяндалатын «Қармен жуылған қан» көркем фильмі көрсетілді.

            • 31.05.2023

            • ВИКТОРИНАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 31 мамыр –Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қазақ зиялыларының тағдыры мен қасіреті» тақырыбында викториналық сайыс өткізілді. Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру мақсатында өткізілген іс-шараға 1 курс «Ветеринария» және «Агрономия» мамандықтарының студенттері қатысып өздерінің білім деңгейлерін сарапқа салды. І кезең «Таныстыру», ІІ кезең «Тарих әлемі», ІІІ кезең «Қазақ тарихы тереңде жатыр» өткенге көз жүгіртейік бейне баян сұрақтарына жауап беріп, 1 курс «Агрономия » мамандығының студенттері жеңімпаз атанды.

              Елі үшін жанын берген әрбір тұлғаның есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз екеніне, ерлерді елі ұмытпайтынына көз жеткізді.

            • 30.05.2023

            • 50 ЖЫЛ БҰРЫН БІТІРГЕН ТҮЛЕКТЕР БАС ҚОСТЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Жамбыл зоотехникалық малдәрігерлік техникумын 1973 жылы, яғни 50 жыл бұрын, бітірген түлектер бас қосты. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастырған түлектер колледжде салтанат кештің қадірлі қонақтары болды. Ән әуелеген, бұрала би билеген әсерлі кеште алдыңғы буын ағалар, студенттік өмірдің қызығы мен қиындығы қатар өткен жылдарын сағынышпен есеке алды. Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған колледж студенттеріне, бітірушілерге ақ тілектерін арнады. Жылдар бойы көріспеген қатарластар осылайша сыр шертісіп, әуелете ән де шырқады.

              Ұзақ жылдар бойы техникумда аянбай еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан ардагер ұстаз, 50 жыл бұрын осы түлектерді алтын ұя техникумынан ұшырған, Шілдебаев Айдынбек Шілдебаевич қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ашық жарқын ой бөлісті.

            • 25.05.2023

            • «ЖАСТАР - ҚОҒАМ АЙНАСЫ» АШЫҚ СҰХБАТ АЛАҢЫ

              «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Жамбыл облысы филиалының директоры Қасымхан Естемесұлы Төлендиевтың басшылығымен 25 мамыр күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру» жобасы аясында «Жастар - қоғам айнасы» тақырыбында ашық сұхбат алаңы өткізілді.

              Жастардың құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар болу, құқықтық қорғалу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, жастар ортасында құқық қорғау органдарының оң имиджін іске асырылуының барысы туралы хабардар ету, кеңес, нақты көмек беру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жанындағы "ЖАҢАРУ" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының "Жас Қыран" жастар қанаты және Т.Рысқұлов ауданы Қорғаныс бөлімі мен құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын арттыру міндеті жүзеге асырылды.

              Ашық сұхбат алаңының спикерлері, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Жамбыл облысы филиалының директоры Қасымхан Төлендиев, Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, подполковник Болат Ауелбаев, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Қайсар Сулейменов және Құлан агротехникалық жоғары колледжінің директоры Олжас Мусакулов, бүгінгі күннің талабы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жастардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру қажеттілігі, Отан алдындағы парызды өтеу – әрбір азаматтың міндеті, студенттердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, іс-шараның қонақтары, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Алибек Терликбаев, «АМАНАТ» партиясы облыстық филиалының

              «Жастар Рухы» жастар қанаты басшысы Уалихан Болатбеков, Тараз сервис колледжінің директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Бекбол Маймышев, Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының хатшысы Ербол Абуталипов, Т.Рысқұлов аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Шорабек Атабаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығының директоры Әбіләшім Мырқасымов студенттермен пікіралмасуға қатысты.

              Кездесу соңында колледж студенттерінен сауалнама алынды.

            • 22.05.2023

            • ПЕДАГОГТАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

              18-20 мамыр күндері аралығында Тараз қаласы Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде Жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында облыстық спартакиада өтті. Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ерлер командасы волейболдан жүлделі І орынды иеленіп, облыстық аламанда алдыңғы қатардан көрінген волейбол ойынынан ерлер командасының спортшылары алда Семей қаласында өтетін республикалық спартакиадаға жолдама алды. Футболдан жүлделі ІІ орынды, жалпы командалық есеп бойынша жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Облыстық спартакиадада Волейбол ойыны түрінен жеңіс тұғырынан көрінген әріптестеріміз кең көлемде өтетін республикалық тартыста Жамбыл облысының намысын қорғайды. Сондай-ақ, жеңіске жеткен командалар Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» арнайы кубоктарымен және дипломдармен марапатталды.

            • 19.05.2023

            • БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ

              2023 жылдың 19 мамыры күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог және әлеуметтік педагог "Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу жолдары" тақырыбында 1 курс студенттеріне дәріс өткізді. Дәрісте бопсалау дегеніміз не екенін және оның артында қылмыстық жаза тұрғанын түсіндірді. Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс екенін айтты. Бопсалау мен буллингке тап болған жағдайда кімнен көмек сұрау керектігі туралы студенттерге түсіндірілді.

            • 18.05.2023

            • КӨКЕЙТЕСТІ КЕЗДЕСУ

              Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің Т.Рысқұлов ауданындағы көшпелі іс-шараларының бағдарламасы негізінде Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ұжымы мен студенттерімен 2023 жылдың 18 мамыр күні Жамбыл облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің уәкілі Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Терлікбаев Әлібек Мамытжанұлының қатысуымен, еркін форматта кездесу өткізді. Махметғали Нұрғалиұлы сөз кезегінде жастар саясатына қатысты өзекті мәселелелерді қозғап, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларды, грантпен оқу, «Әулие Ата жастары» бағдарламасы, кітап оқу мәдениеті туралы ойын ортаға салды.

              Жастармен тілдескен әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі колледж кітапханасына «Киелі Әулиеата келбеті» авторлық еңбегін табыстады. Колледж студенттері кездесу барысында көкейде жүрген сауалдарын қойып, түрлі бастамалардан туындаған идеяларын ортаға салды.

            • 15.05.2023

            • «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СТАРТ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жас маманы, «Электромонтер» мамандығының өндірістік оқыту шебері Ержанов Ерсұлтан «Педагогикалық старт-2023» байқауына қатысып, ІІ орын иеленді.

              Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген байқау жас мамандардың біліктілігін арттырып, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарап, креативті ойлауға септігін тигізді.

              Колледж ұжымы Ержанов Ерсұлтанға ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ тәрбиелеу жолында шығармашылық табыс тілейді.

            • 12.05.2023

            • ЖІГІТ СҰЛТАНЫ – 2023

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Отан қорғаушылар күніне орай «Жігіт сұлтаны – 2023» байқауы өтті. 5-кезеңнен тұрған сайыс барысында қатысушылар өздерін таныстырудан бастап, бойларындағы шеберлік, қолөнерлік, тапқырлық өнерлерін ортаға салды.

              Сайыс қорытындысы бойынша :

              1 дәрежелі дипломмен – Мейірхан Ерасыл 1 курс «Агрономия» мамандығының студенті;

              2 дәрежелі дипломмен - Жадыра Нұрсұлтан 2 курс «Ветеринария» мамандығының студенті;

              3 дәрежелі дипломмен - Төлеу Нұртай 1 курс "Ветеринария" мамандығының студенті жеңіп алды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

            • 10.05.2023

            • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжі директорының кәсіптік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Ертаев Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Кәсіби құзыреттер мен дағдылар: болашақ синергиясы» атты республикалық форумға қатысты. Жиында Е.Ертаев «Демонстрациялық емтихан алу тәртібі» тақырыбында баяндама оқып, қорытынды аттестацияны демонстрациялық емтихан форматында ұйымдастыру, өткізу, құжаттарын рәсімдеу бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті.

            • 05.05.2023

            • АЙБЫНДЫ ӘСКЕР – ЕЛ ТІРЕГІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжі, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы және Луговой әскери гарнизоны барлау полкінің қызметкерлерімен бірлесіп мемлекетіміздің айбынды мерекесі, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай, «Айбынды әскер – ел тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді Отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді дәріптеу, студенттерді Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада әскери қызметкерлер студенттерді әскери оқу-материалдық базасымен, қоян-қолтық айқас түрлерімен таныстырса, ауданымыздың мәдениет саласының қызметкерлері патриоттық әндермен көпшіліктің көңілін көтерді.