• Жаңалықтар

            • 19.01.2024

            • КОЛЛЕДЖДЕГІ СПОРТ КҮНІ

              2024 жылдың 19 қаңтар күні колледжде педагогтері мен қызметкерлердің дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Спорт – денсаулық кепілі» айдарымен спорт күні өткізілді. Спорт мерекесі колледж директоры О.Мұсақұловтың бастауымен және кәсіподақ комитетінің демеушілігімен ұйымдастырылып, ұжым мүшелерінің ынтымақтастығы мен командалық белсенділігін арттырды.

               

            • 18.01.2024

            • БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

              Жамбыл облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі және "Сенімен Болашақ" РҚБ Жамбыл облысындағы филиалының директоры

              Даурен Бағжанов Құлан агротехникалық жоғары колледжінің педагогикалық ұжымы және ата-аналарымен өткізген кездесуде жасөспірімдер тәрбиесі, бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

            • 18.01.2024

            • ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СЕМИНАР

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Ашық әңгіме» ток-шоу форматында «Педагогикалық жүйедегі сараланған оқыту деңгейлері» тақырыбында іс-шара өтті. Озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында өткізілген семинарда қоғамдық- гуманитарлық ПЦК құрамындағы шығармашыл топ оқытушылары колледж педагогтерімен өздерінің шеберлігін жетілдіру жолындағы көкейтесті ой-пікірлерімен бөлісті.

            • 16.01.2024

            • ҚЫСҚЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес

              «Цифрлық дәуірдегі білімнің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері» тақырыбында қысқы педагогикалық оқулар өткізілді. Колледж оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында өткізілген іс-шарада педагогтердің үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелері жалпыланып, таратылды.

            • 29.12.2023

            • КОЛЛЕДЖДЕГІ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕ

              Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Құлан агротехникалық жоғары колледжінде студенттердің ұйымдастыруымен жаңа жылдық Бал маскарад өтті. Әсем безендірілген колледждің акт залында студенттер әр түрлі кейіпкерлердің киімдерін киіп тамаша ән айтып, би билеп өз өнерлерін паш етті. Мерекеге келген Аяз ата мен Ақшақар түрлі ойындар ойнатып, білім алушыларға керемет көңіл күй сыйлады.

              Біздің жаңа жылдан күтетін үмітіміз өте көп. Жаңа 2024 Ұлу жылы елімізге құт-береке, ынтымақ пен бірлік әкелетініне сенімдіміз.

            • 22.12.2023

            • АУДАНДЫҚ МЕКТЕПАРАЛЫҚ АЙТМАТОВ ОҚУЛАРЫ

              Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен Ұлы жазушы, ойшыл-гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, оқу орнының түлегі - Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына орай Т.Рысқұлов ауданының мектеп оқушылары арасында жазушының шығармашылығын насихаттау арқылы әлем әдебиеті, мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында «Шыңғыс Айтматов әлемі» атты аудандық мектепаралық Айтматов оқулары өткізілді.

              Шыңғыс Айтматовтың шығармаларынан жатқа көркемсөз оқу және сахналық көрініс көрсету бағытында екі кезең бойынша өткізілген байқауға ауданның 21 мектебінен 85 оқушы қатысты.

              Әділқазылар алқасының шешімімен Ш.Айтматовтың шығармаларынан көркемсөз оқу кезеңі бойынша:

              Бас жүлде - Шөңгербай Ақбибі - «Ғасырдан да ұзақ күн», Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебі;

              І орын - Қашқынбай Кәусар «Ғасырдан да ұзақ күн», №2 шағын орталықты орта мектебі;

              ІІ орын

              - Сәлімбай Нұрсұлтан – «Қиямат» Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебі;

              - Бекенқызы Мөлдір - «Шыңғысханның ақ бұлты» Ә.Бөкейханов орта мектебі.

              ІІІ орын -

              - Бердалы Алима - «Ғасырдан да ұзақ күн», Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебі;

              - Жанболат Алина - «Атадан қалған тұяқ», Малдыбай орта мектебі;

              -Тәжібек Ердәулет - «Ерте келген тырналар», Р.Смаилов атындағы орта мектебі.

              Ш.Айтматов шығармаларынан сахналық көрініс көрсету кезеңі бойынша:

              Бас жүлде - «Жәмилә» қойылымы, Жамбыл атындағы орта мектебі;

              І орын - «Көктөбедегі кездесу» қойылымы, Құлан мектеп-гимназиясы;

              ІІ орын -

              - «Алғашқы ұстаз» қойылымы, Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебі;

              - «Найман Ана» қойылымы, №1 мектеп-лицейі;

              ІІІ орын -

              - «Найман -Ана» қойылымы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі;

              - «Боранды бекет» қойылымы , Тұрар Рысқұлов ат. мектеп-лицейі;

              - «Найман -Ана» қойылымы, Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебі.

              Байқау қатысушылары Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімі мен Құлан агротехникалық жоғары колледжінің бірлескен дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды. Айтматов оқуларының қатысушылары байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын бағалап, Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ұжымына, әділқазылар алқасына ризашылығын білдірді.

            • 22.12.2023

            • ШЫҒАРМАШЫЛ ПЕДАГОГ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ветеринарлық пәндер оқытушысы, Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының Бас жүлде иегері, Байсакалова Жанар Болатовна облыстық «Үздік педагог-2023» байқауына қатысып, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласындағы шығармашылық шеберлігі мен кәсіби жетістіктері үшін «Шығармашыл педагог» номинациясына ие болды.

              Колледж ұжымы Жанар Болатовнаға кәсіби шеберлігін арттыруда зор табыстар тілейді.

            • 19.12.2023

            • КІТАП ОҚУ - РУХАНИ ӘЛЕМГЕ БАСТАР ЖОЛ

              Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұйымдастырған «Жылдың үздік оқырманы» облыстық байқауына Құлан агротехникалық жоғары колледжінің 1 курс студенті Досан Айгерім (жетекшісі Г.Исабаева) қатысып жүлделі 3 орынды иеленді.

              Сонымен қатар, колледж кітапханашысы Г.Исабаева «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында өткен қазақ жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларына арналған челенджге қатысып 2-ші дәрежелі дипломмен және алғыс хатпен марапатталды.

            • 19.12.2023

            • ХИМИЯ ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

              Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығымен ұйымдастырылған «Проблемалық-интегративті тәсіл және биология мен химияны оқытуда іске асыру әдістемесі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумда Құлан агротехникалық жоғары колледжінің химия пәнінің оқытушылары Г.Сарқұлова және А.Серикбаева тәжірибесімен бөлісті.

            • 14.12.2023

            • Құлан агротехникалық жоғары колледжінің педагогтері Р.Шихова мен Г.Сабдраимова «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы», «Бөбек» колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген «Білім беру технологиялары шеңберінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігі және техникалық және кәсіптік білім беру саласына ұлттық құндылықтарды енгізу» тақырыбында өткен халықаралық ғылымипрактикалық семинарға қатысты. Олар «Білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар» секция жұмысына баяндамаларын ұсынып, сертификат иеленді.

            • 12.12.2023

            • ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВҚА – 95 ЖЫЛ

              Тарихы мен тағылымы мол оқу ордасы, Құлан агротехникалық жоғары колледжінің қабырғасынан көптеген тұлғалар, майталман мамандар, ғылымдар білім нәрімен сусындап шығып, еліміздің түпкір-түпкіріне танымал болды.

              Солардың бірі ойшыл, гуманист, данагөй, аса көрнекті қаламгер, қазақ-қырғызға ортақ Халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов техникумның ең атақты түлектерінің бірі болып табылады.

              Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген. Ол 1945-1948 жылдар аралығында Жамбыл зооветеринариялық техникумында білім алып, зоотехник мамандығын үздік бітірген (казіргі Құлан агротехникалық жоғары колледжі, 1930-1961 жылдар аралығында Жамбыл қаласында орналасқан).

              2023 жылы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына орай колледжде арнайы жоспар әзірленіп, іс-шаралар жүргізілді: Айтматов шығармаларына арналған көрме, топ сағаттары, мәнерлеп оқу байқауы, фильмдеріне саяхат жасалды. Сонымен қатар тұңғыш рет техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында республикалық «Шыңғыс Айтматов әлемі» атты Айтматов оқулары өткізілді.

            • 11.12.2023

            • КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ - 2023

              Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен өткен облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағына қарасты білім мекемелерінің қызметкерлері арасында қазақ күресінен «Кәсіподақ барысы - 2023» турниріне Құлан агротехникалық жоғары колледжінің педагог қызметкерлері «Электромонтер» мамандығының оқытушысы Ерсұлтан Ержанов, «Орман шаруашылығы» мамандығының өндірістік оқыту шебері Мырзауәли Бораншы, «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ахмет Әбди, «Агрономия» мамандығының арнайы пән оқытушысы Диас Табылды қатысып бақ сынасты. Нәтижесінде 70-90 кг салмақта сайысқа түскен Ерсұлтан Ержанов және Мырзауәли Бораншы жүлделі 3-ші орынды иеленіп, колледжіміздің мерейін үстем қылды. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

            • 08.12.2023

            • 2023 жылдың 8-қарашасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен №3 Байзақ колледжінің базасында «Сыбайлас жемқорлықсыз - Қазақстан» атты колледж студенттерінің «Саналы ұрпақ» клуб мүшелерімен облыстық слеті өтті.

              Слет аясында «Сыбайлас жемқорлықсыз - Қазақстан» тақырыбында өткен челлендж байқауына қатысқан колледжіміздің Студенттік Парламент мүшелері ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

            • 08.12.2023

            • КУРСАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

              «Talap» КЕАҚ тарапынан өткізілген «Білім берудегі менеджмент: колледждің оқу процесінің сапасын басқарудың инновациялық стилі» және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыптарындағы біліктілікті арттыру курстарының материалдары негізінде колледждің инженер-педагогтеріне «ЖАҢА ТАЛАПТАРДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ» атты оқыту семинары өткізілді.

            • 07.12.2023

            • КІТАП ОҚУ САЙЫСЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің 1 курс «Аспазшы» мамандығының студенті Серік Назерке жас ұрпақты кітап оқуға тарта отырып рухани дүниесін байыту, шығармашылығын қолдау және туған өңірінің тарихын таныту мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Шерхан Мұртаза» атындағы баспа үйінің ұйымдастыруымен өткен «Тамыры терең - Таразым» облыстық байқауына қатысып Алғыс хатпен марапатталды.

            • 07.12.2023

            • БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚАТЫГЕЗДІК НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 07.12.2023 ж. күні жасөспірімдер және жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Балаларға қатысты қатыгездік нысандары және оның зардаптары» тақырыбында кездесу өтті.

              Кездесуге Т.Рысқұлов АПБ бастығының кадр саясат жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Шалғынбаев Алмаз Құлбекұлы, Т.Рысқұлов АПБ – нің ювеналды полиция тобының аумақтық инспекторы полиция капитаны Егембердиев Жасулан Канатович қатысты. Кездесу барысында жасөспірімдерге қалай зорлық-зомбылыққа душар болмау, қауіпті жағдайлардың алдын-алуға үйрету, балаларға қатысты зорлық көрсету түрлері туралы мәлімет берілді.

               

            • 06.12.2023

            • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

              Қайырымдылық – қазақ халқының ең ізгі де асыл қасиеттерінің бірі. Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жас ұрпақтың санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, жасөспірімдерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу мақсатында қайырымдылық акциясы өткізілді. Жиналған қаржыға көп балалы аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан студенттерге әлеуметтік көмек көрсетіліп, азық түлікпен және сырт киімдермен қамтылды. Колледж студенттері алдағы уақытта осы сияқты игі шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

            • 05.12.2023

            • ӨМІРДІҢ ҚАУІПТІ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ОДАН ӨТУ ЖОЛДАРЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған іс-шаралар онкүндігі аясында «Өмірдің қауіпті жағдайлары және одан өту жолдары» тақырыбында топ сағаттары өтті.

              Топ сағатарында студенттерге зорлық–зомбылықтың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсау, дәрілік препараттарды жауапты қолдану, әлеуметтік желідегі орынсыз контентті бұғаттау туралы айтылып, жастар арасындағы зорлық-зомбылықтың зардаптары туралы презентациялар мен бейне роликтер көрсетілді.

            • 05.12.2023

            • МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОРТАМ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатындағы өтіп жатқан онкүндік аясында студенттерге «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің мақсаты жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің алдын-алу, суицидтік мінез-құлықтың себеп-салдарын түсіндіру және оған жол бермеу. Іс-шара барысында психолог маман «Аяқталмаған портрет» жаттығуы, «Өткел» тренингі арқылы студенттерге қиын жағдайлардан шығу жолдары туралы түсіндірді. Тренинг соңында балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

            • 05.12.2023

            • ҚАТЫГЕЗДІКСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатындағы өтіп жатқан онкүндік аясында 1 курс студенттері арасында «Қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Эссе байқауына белсенді қатысып, ойын ашық жеткізген студенттер дипломдармен марапатталды.