БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының
«Құлан агротехникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мекен жайымыз: индекс 080900, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 318 үй 8(72631) 4-17-38, (E-mail) kulan1923@mail.kz
Бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға алады:
1. Математика пәнінің оқытушысы - 1 бірлік.
2. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы – 1 бірлік.
3. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы - 1 бірлік.
Лауазымдық еңбек жалақысы: біліміне, біліктілік санатына, сондай – ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ конкурсқа жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша бітірушілері (жас мамандар) қатыса алады.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерінің лауазымға тағайындау, лауазымнен босату қағидаларына 10 қосымша сәйкес)
- Жеке басын куәландыратын құжат
- Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы
- Білімі туралы құжаттардың көшірмесі
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
- Психоневролиялық ұйымнан анықтама
- Наркология ұйымнан анықтама
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ педагогтар үшін) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
- Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы
Ескерту: Конкурсқа қатысушысы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 31.08.2022 ж – 09.09.2022 ж.