• Жаңалықтар

            • 12.03.2022

            • КӘСІБИ ДОДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде екі күнге созылған "WorldSkills Qulan - 2022"  чемпионаттың нәтижесін құзыретті сарапшылар тобы әділетті бағалап жария етті. Байқау қорытындысы бойынша:

              І орын:  Мадияров Нұржігіт 4курс «Ветеринария» (жет Т.Қысық), Байболатова Сезім 4курс «Агрономия» (жет. М.Ятаев), Кырманчиев Рустам 3 курс «Аспаздық ісі» (жет. С.Әлдибай), Бакулин Артем 2курс «Электромонтер» (жет Б.Ауғанбаев),  Кузнецова Алина 2 курс «Сән технологиясы» (жет. Г.Рахманова), Татыбаев Нұрдаулет 3 курс «Пісіру технологиялары» (жет. Ғ.Рахимов), Мақсатқызы Аделя 3 курс «Сүт өнімдерін өңдеу» (жет. Н.Габдуллина), Қайыпжан Ермахан 2 курс «Ақпараттық жүйелер» (жет. Ә.Бекназарова).

              ІІ орын: Естай Достай 4курс «Ветеринария», Әбдықалық Сымбат 4 курс «Агрономия», Қыдырбай Ақмарал 2 курс «Аспаздық ісі», Амангелді Жандос 2курс «Электромонтер», Кәден Фатима 2 курс «Сән технологиясы», Абденбай Қуаныш 3 курс «Пісіру технологиялары», Дарханұлы Дәулет 3 курс «Сүт өнімдерін өңдеу», Жұмабаев Ерасыл 2 курс «Ақпараттық жүйелер».  

              ІІІ орын: Әшімқұл Жамбыл 4 курс «Ветеринария», Сейсен Аяулым 4 курс «Агрономия», Керімқұлова Ардақ 2 курс «Аспаздық ісі», Скачко Денис 2курс «Электромонтер», Бекбулатов Болат 2 курс «Пісіру технологиялары», Ермолаева Вероника 2 курс «Сүт өнімдерін өңдеу», Бақтығұл Мақсат 2 курс «Ақпараттық жүйелер».

              Сертификат: Санболған Еламан 4 курс «Ветеринария», Аймахан Асылхан 2 курс «Агрономия», Мәлік Диана 2 курс «Агрономия», Жолдас Асхат 3 курс «Агрономия»,  Сағындықов Арман 3 курс «Аспаздық ісі», Фрей Данил 2курс «Электромонтер», Әзірет Толғанай 2 курс «Сән технологиясы», Штоль Андрей 2 курс «Пісіру технологиялары», Хрюкин Виктор 1 курс «Пісіру технологиялары», Омаров Абзал 1 курс «Пісіру технологиялары», Мырзақұлов Қуанышбек 3 курс «Сүт өнімдерін өңдеу». 

              Кәсіби додаңың жүлдегерлері мен жетекшілерін марапаттарымен құттықтап, жеңімпаздарға облыстық WorldSkills чемпионатында сәттілік тілейміз!

            • 10.03.2022

            • БІРІККЕН САБАҚ

               Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ветеринарлық пәндер оқытушылары, педагог-сарапшы Ж.Байсақалова және педагог – модератор  Т. Қысық, Талдықорған агротехникалық колледжінің оқытушыларымен бірге Ветеринария мамандығының студенттеріне  Zoom платформасы арқылы үш біріккен ашық сабақтар өткізді. Сабақ барысында педагогтар мамандық бойынша оқу үрдісінде пайдаланып жүрген озық технология тәжірибелерін көрсете білді.  Студенттер оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сай әзірленген тапсырмаларды толық орындады. Zoom платформасы арқылы іс-шараға көрермен ретінде қатысқан Алматы облысының кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің педагогтері  біріккен сабақтарға оң бағасын берді.

            • 10.03.2022

            • «WORLDSKILLS  QULAN -2022»  ЧЕМПИОНАТЫ

              Құлан агротехникалық жоғары  колледжінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерді арттыру, жоғары білікті мамандардың дәрежесін көтеру мақсатында WorldSkills чемпионатының І колледжішілік кезеңі  өткізілуде. Кәсіби сайысқа қатысушы 35 үміткер  өз шеберліктерін 8 құзыреттілік бойынша додаға салуда:

              • «Ветеринария» құзыреттілігі;
              • «Агрономия» құзыреттілігі;
              • «Сүт өнімдерінің өндірісі» құзыреттілігі;
              • «Пісіру технолгиялары» құзыреттілігі;
              • «Электромонтаж» құзыреттілігі;
              • «Киімдерді үлгілеу және дизайн» құзыреттілігі;
              • «Вебдизайн» құзыреттілігі;
              • «Аспаздық ісі» құзыреттілігі.
            • 04.03.2022

            • АНАЛАР - АСЫЛ ЖАНДАР

              Құлан агротехникалық жоғары колледжі жатақханасында 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай «Аналар – асыл жандар» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Мерекелік іс-шараға жатақхана студенттері аналарын және колледж оқытушыларын шақырып, өз өнерлерін ортаға салды. Іс шара соңында жатақхана студенттері мерекелік кешке келген қонақтарға гүл шоқтарын сыйлады.

            • 02.03.2022

            • ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ ФЕСТИВАЛІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде еліміздегі ұлттар ұлыстарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты, әр ұлттың салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында «Қазақстан бірлік пен татулықтың мекені» тақырыбында ұлттар достығы фестивалі өтті. Іс-шара барысында өзге ұлт өкілдері өз ұлтының салт- дәстүрі мен ұлттық өнерін көрсетті.

            • 01.03.2022

            • АЗАМАТТЫҚ КОРҒАНЫС

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күніне орай теориялық және оқу-жаттығу жиыны өтті. Жергілікті халықты төтенше жағдайлардан және табиғи апаттардан сақтануға дайындық жүргізу мақсатында өткізілген теориялық сабақтар барысында колледж студенттеріне азаматтық қорғаныс ұғымы туралы түсінік берілді. Оқу-жаттығу бөлімінде дабыл қағылып, барлық студенттермен колледж қызметкерлеріне табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғануға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.   

            • 25.02.2022

            • ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ 2022

               

               Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында «Заң алдында кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігі» тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен дәріс өткізілді. Іс-шар барысынд Құқықтана пәнінің оқытушысы Е.Бошқаев студенттерге кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғайтын заң актілерімен таныстырып , оларды Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзбауға шақырды. Сонимен қатар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, құқықтық жауапкергшілік туралы түсіндіру жұіздіздір ж.

            • 24.02.2022

            • ДӘНЕКЕРЛЕУШІЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің Дәнекерлеу шеберханасында 3 курс «Дәнекерлеу ісі» мамандығының  студенттері өндірістік технологиялық тәжірибеден өтуде. Тәжірибеден өту барысында студенттер қол доғасымен пісіру, металдарды газ жалынымен пісіру, металдарды жылумен кесу технологияларын қолданып, 3D дәнекерлеу тренажері арқылы жік жүргізудің әдіс-тәсілдерін игеріп кәсіби дағдыларын арттыруда.

            • 24.02.2022

            • ҚАРАЛЫ ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Қаңтар оқиғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жастар арасында құқық бұзушылықтың, діни экстремизммен терроризмнің алдын алу мақсатында өткізілген іс-шара барысында елімізде жыл басында орын алған келеңсіз оқиға туралы айтылып, видеофильмдер көрсетілді. Сонымен қатар студенттерге жасөспірімдер арасында топтық жасалған қылмыстарды, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз, үйден тыс және ойын сауық орындарда болуы, алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну жайттарының зияны туралы түсіндіріп, анықталған жағдайда қолданылатын жазалары туралы да айтылды.

               

            • 22.02.2022

            • КӘСІПТІК БАҒДАР – МАҢЫЗДЫ ІС

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жұмыс жоспарына сәйкес және оқушыларға қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында Т.Рысқұлов ауданы мектептерінде кәсіптік бағдар жұмыстары жүргізілуде. Колледж оқытушыларынан жасақталған топ аудан мектептерін аралап, бітіруші 9-11сынып түлектермен кездесті. Кәсіптік бағдар беру барысында колледж оқытушылары колледждің материалдық-техникалық базасы, колледжде негізгі білім, орта білім негізінде оқытылатын мамандықтар туралы толық мағлұмат беріп, оқушылар мен ата-аналардың сауалдарына жауап берді.

            • 18.02.2022

            • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің педагогтері мен студенті Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан: Қажымұқан Мұңайтпасұлы»

              атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы А. Катеков «Күш атасы Қажымұқан» атты баяндамасын ұсынса, Ғ.Бисенбаевтың студенті Э.Алиханға жетекшілік жасап, «Үлгі тұтарлықтaй ұлы тұлға» атты тақырып аясында өз жұмыстарын ұсынды. Педагогтер мен студент алғыс хат иеленді.

               

            • 12.02.2022

            • КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

              Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Б.Т. Жамангөзов Құлан агротехникалық жоғары колледжіне іс-сапары барысында оқу орны ұжымымен елдегі ахуал, білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, ұжым мүшелерін колледж директоры лауазымына О.Мұсақұловты тағайындау туралы шешімімен таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

               

            • 10.02.2022

            • АУҒАННЫҢ ОТ-ЖАЛЫНЫ МӘҢГІ ЖАДЫМЫЗДА

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында тарихи танымдық кеш өткізілді. Іс-шара барысында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы М.Исақұлов студенттерге «Ауған соғысының ақиқаты» тақырыбында баяндама оқып, ауданымыздағы Ауған соғысының ардагерлерін презентация арқылы таныстырып өтті. Сонымен қатар сұрапыл соғыс туралы бейнефильм көрсетіліп, «Ауғанның отты жалыны» атты тақырыптық көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

            • 09.02.2022

            • Қысқы педагогикалық оқулар

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Қазіргі сабақ:дәстүр мен инновация» тақырыбында қысқы педагогикалық оқулар өткізілді. 3 бағыт бойынша ұйымдастырылған іс-шарада арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері оқыту үрдісінде заманауи техника мен технологияны қолданудағы тәжірибелерін, ал жалпы пәндер оқытушылары оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін, күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесін қалыптастыру үшін сабақты тиімді ұйымдастыру әдістемесін көрсетті

            • 04.02.2022

            • ТЕМІР ЖОЛ – ҚАУІПТІ АЙМАҚ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 03-04.02.2022 жылы темір жол аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу, балалардың өмірі мен денсаулығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Темір жол жанындағы қауіпсіздік» тақырыбында интерактивті сабақтар өткізілді. Сабақ барысында студенттерге темір жол бойындағы қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Осы қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда орын алатын келеңсіз жағдайлар слайдтар мен бейнероликтер арқылы көрсетіліп, жадынамалар таратылды

            • 28.01.2022

            • ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

              2022 жылдың 28 қаңтар күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінің базасында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ауылшаруашылығы саласындағы инновациялық бағыттар және оны жүзеге асыру жолдары» тақырыбында тәжірибелік семинары өткізілді.

                          Семинар аралас,  оффлайн  және онлайн форматта,  2 бөлім: сараптамалық және тәжірибе алаңы жұмысы бойынша ұйымдастырылды.

              Семинар жұмысының барысында кредиттік-модульдік оқыту технологиясы негізінде жасалған оқу жұмыс  жоспарлары мен бағдарламаларының бірізділігінің сақталуы; «Жас маман» жобасы аясында жасалған оқу бағдарламаларының мазмұны мен құрылымы; қорытынды аттестацияны демонстрациялық емтихан форматында ұйымдастыруды әдістемелік қамтамасыз ету және ұйымдастыру; озық педагогикалық тәжірибені оқу-өндірістік жұмысында тиімді пайдалану; республикалық кәсіби шеберлік конкурсын  ұйымдастыру және оған қатысу  тәжірибесін тарату мәселелері қамтылып, қатысушылар ой-пікірлерімен алмасып, талдау жүргізді.

              Қатысушылар семинардың тәжірибелік бөлімінде Агрономия мамандығы оқытушыларының «Жас маман» жобасы аясында алынған құрал жабдықтарды пайдалануымен атқарылған түрлі аграралық сараптама жүргізудің инновациялық жолдарымен, Ветеринарлық клиникасында жануарларды емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдіс-тәсілдерімен танысты.

               

               

            • 24.01.2022

            • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ЕСЕП ТЫҢДАДЫ

              2022 жылдың 24 қаңтар күні Құлан агротехникалық жоғары колледжі директорының міндетін уақытша атқарушы О.Мусакулов колледждің Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің алдында 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жылдық есеп беруде  білім мекемесінің оқу –тәрбие, тәжірибе жұмыстарын ұйымдастырудағы жетістіктерге және жұмсалған қаражаттың есебіне тоқталды. Қамқоршылық кеңес мүшелері колледжде атқарылған жұмыстарға оң бағаларын беріп, перспективтік жоспарлардың жүзеге асырылуына сенім білдірді.

            • 18.01.2022

            • ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Студенттердің ғылыми жұмысын ұйымдастыру тәжірибесінен» тақырыбында семинар өтті.  Іс-шара барысында  ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар, зерттеудің құрылымы және қисыны қарастырылды.        

            • 17.01.2022

            • ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТФОЛИО БАЙҚАУЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледждінің ақпараттық қызметінің жоспарына сәйкес педагог қызметкерлер арасында «Үздік электронды портфолио» байқауы өткізілді. Байқауға 10 электронды портфолио ұсынылды. Әділқазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары болып арнайы пәндер оқытушылары М.Рахманова (1 орын), Т.Қысық, А.Сугирбекова (2 орын), А.Сраилова  және А.Адильбекова (3 орын) анықталды.

            • 30.12.2021

            • СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ

              М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген  «Болашақ жастардың қолында» атты пікірталаста Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенті Байбулатова Сезім (жетекшісі Ж.Даулетов) І  орын иеленді. Сонымен қатар  «Бүгінгі жастардың экологиялық тәрбиесі, болашақ  ұрпақтың  экологиялық мәдениетін қалыптастырудың кепілі» тақырыбындағы шағын - конференцияға Өсербаева Аяужан (жеткекшісі Э.Биғонысова)  Алғыс хатпен және  «Жастардың  денсаулығын нығайту үшін дене шынықтыру және спорт» атты шағын конференцияға  Алихан Эльнура қатысып ( жетекшісі Ғ. Бейсенбаев) Дипломмен  марапатталды.