ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ – ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Құлан агротехникалық жоғары колледжінің 1 курс «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері тарих пәнінің оқытушысы Г.Маханбетованың, топ жетекшісі А.Әшімбекованың жетекшілігімен, Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйіне қарасты тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік іс-шараға қатысты.
Іс-шараның ашылу сәтінде студенттерге Мэлс Өзбеков атындағы аудандық Мәдениет үйіне қарасты тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекторы З.Сарманбетова Рухани жаңғыру залында «Мәдени ескерткіштер тарихтан сыр шертеді» атты Т.Рысқұлов ауданының аумағында орналасқан тарихи орындарының презентациясы ұсынылып бейнефильм көрсетілді.
Жас ұрпаққа ескерткіштерді қорғау елдің, барша халықтың баға жетпес асыл қазынасы екенін түсіндіріп, насихаттау мақсатында аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Е.Утембаев, кіші ғылыми қызметкері Б.Толыбаев, экскурсоводы М.Бошқаев Т.Рысқүлов аудандық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық, тарихи, этнографиялық бөлімдерімен таныстырып, археология қазба жұмыстары жүргізілген, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени Мұра тізіміне енген Құлан қалашығына, Дулат баба кесенесіне экскурсия жасады.
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғап, сақтау және болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыру – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз екенін, колледж жастары бойына сіңірді.