• Жаңалықтар

            • 19.11.2021

            • ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ – КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕТІГІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің конференция залында «Технологиялық тәжірибе – кәсіптік құзыреттілікке қалыптастыру тетігі» тақырыбында технологиялық кәсіби тәжірибенің қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға колледжің әлеметтік серіктес тәлімгерлері «Дүйсеналы » шаруа қожалығы, «Алдабай» шаруа қожалығы, «Сұлтан би» шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Технологиялық тәжірибеден өткен 3 курс студенттері өздерінің практика барысында игерген тәжірибелік білімдерін презентация арқылы қорғады.

            • 18.11.2021

            • ҚЫЗЫҚТЫ КӨҢІЛ, СТУДЕНТТІК ӨМІР

              Құлан агротехникалық жоғары колледждінде 17 қараша – Студенттер күніне арналған  жастар комитетінің және «Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттердің   ұйымдастыруымен «Қызықты көңіл, студенттік өмір» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.  Іс-шара  барысында 1 курс студенттеріне  сынақ кітапшалары тапсырылды.  Колледждің қоғамдық өмірін жақсартып және оны қызықты етіп өткізуге ынталы студенттерді белсенділікке шақыра алатын көшбасшыны таңдау мақсатында колледж Президенті сайлауы ұйымдастырылды. Сайлау нәтижесінде 4 курс «Агрономия» мамандығының студенті Аяулым Өсербаева басым дауыспен колледж Президенті болып сайланды.  Колледж директоры жастарды айтулы мерекелерімен құттықтап болашақта білімді де білікті маман болуларына тілектес екендігін білдірді.  Мерекелі кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

            • 17.11.2021

            • КӘСІПТІК, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ПЦК ДЕКАДАСЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Кәсіптік, өндірістік оқыту  ПЦК онкүндік іс-шаралары жалғасын табуда. 18.11.2021 ж. күні «Дәнекерлеу ісі» мамандығының өндірістік оқыту шебері  Ғ.Рахимов 3 курс студенттерімен колледждің дәнекерлеу шеберханасында  «Көп қабатты балқытып түйістіріп дәнекерлеу» тақырыбында өндірістік тәжірибе сабағын өтті. Өндірістік тәжірибе барысында студенттер 3D дәнекерлеу тренажері арқылы жік жүргізудің әдіс-тәсілдерін игеріп кәсіби дағдыларын арттырды.

            • 16.11.2021

            • КӘСІПТІК ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ПЦК ДЕКАДАСЫ

              Кәсіптік, өндірістік оқыту пәндік циклдік коммиссиясының онкүндігі аясында «Тамақтану кәсіпорындарындағы өндірісті ұйымдастыру» пәнінің оқытушысы А.Сраилова  «Ас мәзірі түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер берілген материалдарды игере отырып өз беттерінше банкеттік мәзір, балалар мәзірі, еркін таңдау мәзірі тақырыбында презентацияларын қорғады.

            • 15.11.2021

            • КОЛЛЕДЖДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ДЕКАДАСЫ БАСТАЛДЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде қараша айының  15 мен 25 күндері  аралығында өтілетін «Кәсіптік, өндірістік оқыту» ПЦК–сының «Жұмысшы – келешегі  зор мамандық» атты декадасының ашылу салтанаты өтті. Колледж фойесінде студенттердің мамандықтар бойынша жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып декаданың мақсаты, міндеті, онкүндік барысында өтетін іс-шаралар жоспары таныстырылды.

            • 15.11.2021

            • БОЛАШАҚ МАЛДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің   Ветеринарлық клиникасында Жамбыл облысы әкімдігі Ветеринария басқармасының «Меркі аудандық ветеринарлық станция» директоры Бердыбаев Серік Сьездбекұлы «Ветеринария» мамандығының студенттеріне «Қарасан ауруының алдын алу іс-шаралары»  тақырыбында семинар өткізді. Малдәрігер маманы студенттерге қapacaн індетінің қoздыpушыcы, ауpудың клиникaлық белгілеpі, індеттің aлдын aлу және жoю шapaлapы туралы айтып, білімдерін жетілдірді.

            • 13.11.2021

            • КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР ШЫНДАЛУДА

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқу шаруашылығының ветеринарлық клиникасы базасында Ветеринария мамандығының студенттері оқу тәжірибе сабақтарында ірі қара малды ұрықтандыру әдістерімен, жылқы малынан қан алу тәртібі және технологиясымен, микроскоппен жасаушылардың құрылысы, қызметі, ерекшеліктерін анықтау  әдістерімен танысып, кәсіби дағдыларды игеруде.

            • 12.11.2021

            • САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ  ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Саналы ұрпақ – жемқорлықсыз жарқын болашақ» тақырыбында ашық сұхбат бағдарламасы өтті. Іс-шараға Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары, Т.Рысқұлов аудандық мәслихат депутаты Р.К.Жұманқұлова, Жамбыл облыстық «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Н.Д.Жұбандықова, «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы филиалының басшысы Е.Ж.Батырғалиев және колледждің «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері қатысты.

              Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған игі шара колледж студенттерінің сыбайлас жемқорлық мазмұнындағы көркем шығармашылық көрмесімен танысудан басталды. Колледжің үлкен акт залында студент жастар кеш қонақтарымен танысып пікір алмасты. Аудандық маслихан депутаты Раушан Күшербекқызы студент жастарға өзінің өмірбаяны, қызмет жолы туралы баяндады. Дәрігер маман студенттердің сауалдары бойынша коронавирусқа қарсы вакцинациялау туралы айтып, қауіпті індеттен қорғану және оның алдын алу жолдарын түсіндіріп өтті.

              Колледжің конференция залында жалғасын тапқан «Жемқорлыққа жол жоқ!» бөлімінде «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Назима Дәрменқызы қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттерін, жастар арасында парақорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдарына тоқталды.

              РҚБ «Әділдік жолы» Жамбыл облысы филиалының басшысы Ерік Жолбасұлы халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру – сыбайлас жемқорлықпен күрестің ең бір тиімді құралы екендігін және қоғамдық бірлестіктің осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жобаларына тоқталып өтті. Студенттер кеш қонақтарына өздерінің көкелерінде жүрген сауалдарын қойып

              жасөспірімдер арасында жемқорлық фактілерін болдырмау бағытында өз ойларын ортаға салып пікір алмасты.

              Сонымен қатар іс-шара барысында колледжішілік «Мен Тәуелсіздік құрдасымын» тақырыбында ұйымдастырылған эссе байқауы да қорытындыланды. Байқау нәтижесі бойынша үздік эссе жазған 4 курс «Агрономия» мамандығының студенті А.Өсербаева 1 орын, ос топ студенті С.Абдықалық 2 орын, 2 курс «Агрономия» мамандығының студенті Аймахан Асылхан 3 орын және 4 курс «Агрономия» мамандығының студенті А.Сисен және 4 курс «Ветеринария» мамандығының студенті Б.Әсет  Алғыс хаттармен марапатталды. 

              Іс-шара соңында кеш қонақтары жастарды  адал еңбекті, әділ ара қатынасты өмірлік ұстаным етуге шақырды.

            • 12.11.2021

            • СТУДЕНТТЕР ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқу жұмыс жоспарына сәйкес «Ветеринария» мамандығының 4 курс студенттері Абай ауылдық округінде технологиялық тәжірибеден өтті.  Тәжірибе барысында студенттер ұсақ малдар арасында  бруцеллез ауруын анықтау және оның алдын алу үшін  сынама алу, оларға сырға салу,  ірі қара малдардарға емдеу жұмыстарын жүргізіп,  тауықтарға оба ауруына қарсы екпе егу жұмыстарын жүргізді. 

               

            • 07.11.2021

            • БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ

                    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 204 бұйрығына сәйкес Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 2-6 қараша аралығында    жалпы білім беру пәндері бойынша 2 курс студенттерінің білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілді. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім беру ұйымдарынан тәуелсіз ҚР БҒМ 31.10.2018 жылғы № 604 бұйрығымен бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады.

                      Сонымен қатар колледж әкімшілігінен және жалпы білім беру пәндері оқытушыларынан сауалнама алынды.

            • 30.10.2021

            • КӘСІБИ ДОДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

                      Екі күнге созылған Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы мәресіне жетті.  Қазақстанның әр өңірінен келген өз мамандығының майталмандарына және жюри мүшелеріне Жамбыл облысы әкімдігі  білім басқармасының ТжКБ дамыту орталығының басшысы Д.Есжанов облыстық білім басқармасының алғыс хаттарын тапсырды.

                       Кәсіби дода барысын саралай келе әділқазылар алқасы конкурс нәтижесін шығарды:

                     Агрономия мамандығы бойынша Бас жүлдені - Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қапланбек  жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Орынбекова Динара Утегеновна; І орынды - Қарағанды облысының білім басқармасының Абай көпсалалы колледжінің оқытушысы Қанат Марғұлан Ғабитұлы; 

              ІІ орынды - Ақмола облысы білім басқармасының Шағалы ауылының жоғары агротехникалық колледжінің оқытушысы Туребеков Мадияр Оралович; ІІІ орынды - Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауылшаруашылық колледжінің  оқытушысы  Джунисова Бейбитгул Авганбаевна иеленді.

                       Ветеринария мамандығы бойынша  Бас жүлдеге - Жамбыл облысы әкімдігі білім  басқармасының Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы  Сарсенбиев Рашид Махталиевич; І орынға - Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту  басқармасының Капланбек жоғары аграрлық  техникалық колледжінің оқытушысы Жанаев Жалғасбек  Илесұлы; ІІ орынға - И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің оқытушысы Сматов Бақытжан Сәкенұлы

              ІІІ орынға -  Жамбыл облысы Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің оқытушысы

              Қуанышбекова Дана Рашидкызы лайықты деп табылды.

                       Әділқазылар алқасының мүшелері  және байқау қатысушылары ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ауылшаруашылығы саласы бағытындағы  оқу орындарына көрсеткен сенімі мен қолдауын жоғары бағалап, Құлан агротехникалық жоғары колледжі ұжымының республикалық конкурсты ұйымдастыру деңгейіне ризашылығын білдірді.

               

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ұжымы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша өткен  Республикалық конкурсында биік шыңынан көрінген колледж оқытушылары  Рашид Сарсенбиевпен Асель Абишованы жетістіктерімен құттықтап, әріптестеріміздің еңбектеріне толағай  табыстар, отбасыларына ортаймас бақ – ырыс тілейміз. Мерейлеріңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

            • 28.10.2021

            • КОНКУРСТЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында өтіп жатқан Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының практикалық кезеңі әрбір модуль бойынша бір немесе бірнеше тапсырмадан тұрады. Конкурс маманның өз бейіні бойынша кәсіби құзыреттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Практикалық кезеңнің байқалатын аспектілері: іс-қимылдардың дәйектілігі, орындаудың дұрыстығы, сала стандарттарының талаптарының сақталуы, орындалу уақыты, өз іс-қимылдарының негіздемесі.

            • 28.10.2021

            • КӘСІБИ ДОДА БАСТАУЫН АЛДЫ

              Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша кәсіби шеберліктің Республикалық конкурсы басталды. 28-29 қазан аралығында өтетін конкурсқа еліміздің 10 өңірінен 16 колледжден ветеринария және агрономия мамандықтары бойынша 25 педагог қатысуда. Педагогтердің кәсіби шеберліктерін құзыретті әділқазылар алқасы саралауда, олар Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Е.Е.Кулкеев, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылыми қызметкерлері А.М.Мусоев, профессор Р.Ж.Мыктыбаева, профессор Г.А.Мырзабаева, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценты К.Қ.Шилібек, Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының бас маманы Т.К.Алтынбек, Т.Рысқұлов аудандық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының басшысы М.А.Абдыкаликов.

            • 27.10.2021

            • СТУДЕНТТЕР ӨНІМДЕРІ - КӨРМЕДЕ

              Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде Т.Рысқұлов ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесінде Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқу шаруашылығында өндірілген өнімдермен танысты.

            • 23.10.2021

            • ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ.

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында педагогтар оқу үрдісін жүзеге асыруда студенттердің кәсіби құзырлығын қалыптастыру бағытындағы жұмыстары бойынша тәжірибе алмасты.

            • 22.10.2021

            • «ДӘНЕКЕРЛЕУ ІСІ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің 3 курс «Дәнекерлеу ісі» мамандығының студенттері өңіріміздегі ірі өндірістердің бірі Луговой Рельс дәнекерлеу кәсіпорнында технологиялық тәжірибеден өтуде.  Тәжірибеден өту барысында студенттер білікті мамандардан дәнекерлеудің қыр-сырын тәжірибе жүзінде меңгеріп,  еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелерімен және заманауи үлгідегі рельс дәнекерлеу аппараттарының  жұмыстарымен танысуда.

            • 15.10.2021

            • КОЛЛЕДЖДЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

              Орман шаруашылығы күніне орай Құлан агротехникалық жоғары колледжінің үлкен акт залында «Орман шаруашылығы» мамандығы оқуытушыларының ұйымдастыруымен  «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында мерекелік шара өтті. Іс-шараға Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме директоры Т.Төлегенов, осы мекеменің инжинерлері Н.Қошанов және Н.Қасымқұлов қатысты. Іс-шара барысында орманшыларға құрмет көрсетіліп студенттер өздерінің дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар білім алушылар кеш қонақтарына мамандыққа байланысты сауалдар қойып пікір алмасты. Іс-шара колледждің оқу шаруашылығының ауласына сәндік ағаштарды отырғызу рәсімімен жалғасын тапты.                                                                      

            • 13.10.2021

            • ЕРІКТІ БОЛУ –  ІЗГІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттерінен жасақталған волонтер жастары қоғамға өз пайдаларын тигізіп игі істердің бастамашысы болып жүр. Осындай қайырымдылық шараларының ұйтқысы болған еріктілер тобы колледждің ардагер ұстазы Нұрбек Кабаевтың үйіне арнайы барып үй ауласындағы талдарды бұтап, қоқыстан тазалап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Волонтер жастардың тындырымды істеріне риза болған ардагер ұстаз колледж басшылығы мен студенттерге алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

            • 08.10.2021

            • СТУДЕНТТЕР  ТӘЖІРИБЕЛІК ТАНЫСУДАН ӨТУДЕ

              Құлан агротехникалық  жоғары колледжінің 2 курс «Сүт өнімдерінің өндірісі» мамандығының  студенттері колледждің әлеуметтік серіктесі «Меркі ірімшік зауыты» АҚ-да сүт  өнімдерін өндіру  цехтарында тәжірибелік танысудан өтті. Аталған кәсіпорында  студенттер  сүт өнімдерін өндіру цехтарындағы техникалық құрал-жабдықтармен, сүт өнімдерін өндіру процесімен және дайын өнімді ораумен танысты.

            • 07.10.2021

            • «ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжіне Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-бабына сәйкес өңірлерде "Жас маман" жобасының іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатымен «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жобалар және әлеуметтік әріптестік басқармасының бас менеджері Э.Бекташов бастаған топ колледж базасындағы «Жас маман» жобасы бойынша сатып алынған құрал-жабдықтарына  талдау жасады.