КӘСІБИ ДОДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Екі күнге созылған ауылшаруашылығы саласындағы ТжКБ педагогтері арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы мәресіне жетті. Қазақстанның әр өңірінен келген өз мамандығының майталмандарына және жюри мүшелеріне Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ дамыту орталығының басшысы Д.Есжанов және Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Бигазиев облыстық білім басқармасының алғыс хаттарын тапсырды.
Кәсіби дода барысын саралай келе әділқазылар алқасы конкурс нәтижесін шығарды:
Агрономия саласы бойынша Бас жүлдені - Түркістан облысы Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің оқытушысы Мәмбет Бейбіт Тәуіржанұлы; І орынды - Түркістан облысы Қапланбек жоғары аграрлық -техникалық колледжінің оқытушысы Қалдасов Азамат Тенжалиевич;
ІІ орынды - Жамбыл облысы Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Ятаев Марат Дуйсенханович; ІІІ орынды - Павлодар облысы Ертіс жоғары инновациялық аграрлық колледжінің оқытушысы Абдинов Нұржан Сабитович иеленді.
Ветеринария саласы бойынша Бас жүлдеге - Түркістан облысы Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Назиева Гульжан Зулпакаровна; І орынға - Жамбыл облысы Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Байсакалова Жанар Болатовна; ІІ орынға - Алматы қаласы Еуразия аграрлық колледжінің оқытушысы Мұхаметқалиев Айдар Қайратұлы;
ІІІ орынға - Жамбыл облысы Қордай ауылшаруашылығы колледжінің оқытушысы Нуриев Талғат Нуриевич лайықты деп табылды.
Әділқазылар алқасының мүшелері және конкурстың қатысушылары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ауылшаруашылығы саласы бағытындағы оқу орындарына көрсеткен сенімі мен қолдауын жоғары бағалап, Құлан агротехникалық жоғары колледжі ұжымының республикалық конкурсты ұйымдастыру деңгейіне ризашылығын білдірді.