• Жаңалықтар

            • 09.04.2022

            • КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ-2022

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің кәсіби бағдар беру тобы мектеп түлектері арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Колледжде құрылған үгіт-насихаттау топтары Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Кеңес ауылы №2 орта мектебі, Биназар ауылы О.Жандосов атындағы орта мектебі, Бірлік ауылы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі, Ә.Молдағұлова атындағы шағын орталықты негізгі мектебі, Б.Момышұлы атындағы орта мектебі, Мойынқұм ауылы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы), Абай атындағы орта мектебі және А.Төлепбергенов атындағы орта мектептерінің 9 сынып түлектері арасында, оқуға түсу ережесі, колледждегі мамандықтар, материалдық-техникалық база, студенттерге оқу орнында жасалған жағдайлар туралы мәліметтер беріп, колледжге оқуға түсуге шақырды.

            • 08.04.2022

            • АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - КЕМЕҢГЕР ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде кемеңгер қоғам қайраткері  Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған топ сағаттар өткізілді. Іс-шаралардың мақсаты Ақын өмірін жастарға үлгі ете отырып Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектерімен таныстыру. Іс-шара барысында ғалым-ағартушының өмірі мен шығармашылығына презентация, бенефильмдер арқылы шолу жасалды.

            • 08.04.2022

            • КӨГАЛДАНДЫРУ АПТАЛЫҒЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде  көктемгі  сенбіліктер аясында көгалдандыру апталығы басталды. Колледж ауласын аббаттандыру, көгалдандыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен, колледж ауласында эстетикалық және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатымен талдардың түбін қопсыту, гүл отырғызатын гүлзарлардың топырағын құнарландыру, ауласын реттеу жұмыстары жүргізілді.

            • 08.04.2022

            •  ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ  ЕМТИХАНДЫ  ӨТКІЗУ  ТӘЖІРИБЕСІ

                          Құлан агротехникалық жоғары колледжі директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары  Е.Ертаев   «Talap» КЕАҚ - ның қолдауымен                         Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауылшаруашылығы колледжі, республикалық  оқу әдістемелік бірлестігі  «Демонстрациялық емтиханды өткізуді  ұйымдастырудың ерекшеліктері:  әдістеме және тәжірибе» тақырыбында өткізген республикалық семинарға  қатысты.

                          Семинар  барысында  Е.Ертаев  «Студенттер білімін қорытынды аттестаттауды демонстрациялық емтихан түрінде өткізудің әдістемелік қамтамасыз етілуі, өткізілу барысы, нәтижесі» тақырыбындағы баяндамасында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің Ветеринария мамандығын бітіруші студенттері соңғы 2 оқу жылында қорытынды аттестацияны демонстрациялық емтихан түрінде тапсырып,  Skills Passport иелену тәжірибесімен бөлісті.

            • 08.04.2022

            • АГРОНОМДАР АРПА ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСУДА

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің «Агрономия» мамандығының 3 курс студенттері оқу тәжірибелік сабақтарда көктемгі арпа егу жұмыстарымен танысты. Олар колледж үлесіндегі жер теліміне көктемгі арпаның «Бәйшешек» сұрыпын максималды өнім алу үшін жай қатарлап егу технологиясын меңгеруде.

            • 07.04.2022

            • АЛТЫ АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің үлкен акт залында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоспары бойынша «Алты алаштың ардағы» тақырыбында әдеби кеш өтті. Әдеби кеш барысында студенттер ғұлама ақынның заңғар туындыларын мәнерлеп оқып, қазақ елі үшін жанын құрбан еткен Алаш ұлының ерліктерін көрініс арқылы көрсетті.

            • 06.04.2022

            • ДӘНЕКЕРЛЕУШІЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің Дәнекерлеу шеберханасында «Дәнекерлеу ісі» мамандығының 2 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде. Тәжірибе барысында білім алушылар «Жас маман» республикалық жобасы аясында алынған Ажур 1-М станогымен болат арматураларды ию арқылы өрнектер жасау, Virtual Welding 2.0 дәнекерлеу тренажері арқылы пісіру жүмыстарын үйренуде.

            • 05.04.2022

            • ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Алашқа әйгілі, қазақ елінің азаттығының туын көтерген, қазақ елінің рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған  «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараның мақсаты А.Байтұрсынұлының өмір жолы мен құнды еңбектеріне талдау жасау арқылы жастардың білімдерін толықтыру.  Конференция барысында Ұлы ұстаздың өмір жолы туралы бейнефильм көрсетіліп, студенттер тұлғаның қоғамдық - саяси қызметі туралы баяндамалар оқыды.

            • 05.04.2022

            • МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ

                         Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттері  «Mahataev.kz” - Мұқағали Мақатаев әлемі» білім порталының  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып өткізген  Республикалық "Мұқағали оқулары" конкурсына қатысты. Конкурс нәтижесі бойынша Тұрсынбай Жанерке, Өсербаева Аяужан, Нұрбай Айжамал І орын, Бетай Ерсұлтан, Әлі Елжан,Тоқсанбай Білімбек, Камидулла Ернар ІІ орын иеленіп, дипломмен марапатталды.             Студенттердің жетекшілері  Г.Қойшыманова, Г.Мәділбаева, Г.Солтаналиева "Мұқағали оқулары" конкурсында жеңімпаз тәрбиелеп, белсенділік танытқаны үшін алғыс хат иеленді.

            • 04.04.2022

            • АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНА - 150 ЖЫЛ
              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде студенттердің бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту және ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында 1 курс студенттері арасында интелектуалды "Жүзден жүйрік"  ойыны өтті.

            • 04.04.2022

            • КІТАП ОҚУ – МӘДЕНИЕТТІҢ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ҮЛГІСІ

              Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбие құралы. Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқуға бағытталған «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылуда. Оқырмандар арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру және оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдеби кештер, үздік оқырманмен кездесу, заманауи кітап көрмелері, ата-аналармен және колледж қызметкерлермен кітап оқу шаралары өтуде.

            • 02.04.2022

            • МӘДЕНИ МҰРА - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

                      Құлан агротехникалық жоғары колледжінің 1 курс Ветеринария мамандығының студенттері жастарды тарихи ағарту және тәрбиелеу, туған өлкесінің  мәдениетінің, тарихының тамырларын танып білуге баулу мақсатында,  тарих және география пәнінің оқытушылары Г.Маханбетова, М.Бағылбекова ұйымдастырды. Студенттер Т.Рысқүлов аудандық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық, тарихи, этнографиялық бөлімдерімен танысып,  археология қазба жұмыстары жүргізілген, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени Мұра тізіміне енген Құлан қалашығына, Хан Сарайына экскурсия жасады. 

                      "Мәдени мұра - ұлт қазынасы" атты тақырыптағы экскурсияны Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйіне қарасты тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекторы З.Сарманбетова жүргізді. 

            • 01.04.2022

            • ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ НАСИХАТТАЛДЫ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы білім алушылар арасында талқыланды. Іс-шара барысында колледж студенттеріне биылғы Жолдауда көрсетілген Жаңа реформаларды жүзеге асыруға айқындалған нақты 10 қадам ұлттық жоспары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.   Сонымен қатар білім саласына байланысты тапсырмалар және пандемиядан кейінгі экономикалық даму, денсаулық сақтау мәселелері, мемлекеттік тіл мәртебесі, саяси жаңғыру, адам құқықтары туралы және цифрландыру туралы ұлттық жоба сынды Президент Қ.Тоқаевтың көптеген бастамалары  туралы айтылды.

            • 31.03.2022

            • СТУДЕНТТЕР ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің «Балық шаруашылығы» мамандығының студенттері «Каспий Бекіресі Лимитед» ЖШС-де технологиялық тәжірибеден өтуде. Студенттер технологиялық тәжірибе барысында өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, арнайы бассейндерде өсіріліп жатқан бекіре балығын күтіп-бағу, азықтандыру, бассейндердің суларын тазарту, бассейндерге ауа жіберу технологияларын меңгеруде. 

            • 21.03.2022

            • НАУРЫЗ – ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 

              Құлан агротехникалық жоғары колледжі Т.Рысқұлов ауданының орталық алаңындағы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шараға өз үлесін қосты. Ұлттық нақышта жабдықталған киіз үй тігіліп, мерекелік дастархан жайылды. Сонымен қатар ұлттық салт дәстүрлерімізді дәріптеу бағытында "Құда түсу" рәсімінен қойылым көрсетілді. Аудан жұртшылығы колледждіктердің өнеріне тәнті болып ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татты. Аудан орталығында өткен Мерекелік жиын соңында Т.Рысқұлов әкімі Е.Садырқұлов Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік шарада ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттап, ұлттық құндылықтардың сақталуы мен дәріптелуіне қосқан үлесі үшін колледж ұжымын Алғыс хатпен марапаттап, ақшалай сыйлық табыстады.

            • 19.03.2022

            • АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Ұлыстың Ұлы күнін жарқын істермен қарсы алу мақсатында Наурыз мерекесі аталып өтті. Колледждің үлкен акт залында мерекеге арналып "Армысың, әз-Наурыз" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Колледж студенттері концерттік бағдарламаларын ұсынып, ұлтымыздың ұлағатты салт-дəстүрлерінің бірі Қыз ұзату рәсімін көрсетті. Сонымен қатар студенттер ұлттық ойындар -арқан тартыс, кір тасын көтеру, қол күрестен күш сынасып өнер көрсетті.

            • 18.03.2022

            • БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

                         Құлан агротехникалық жоғары колледжінің білім алушылары  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Логос» студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен  өткізген "Қазақстан Республикасында ғылым және білім: жетістіктер мен кемшіліктері" тақырыбындағы конференцияға қатысты. Колледж студенттері Б.Жоракулова (жетекшісі Г.Рахманова) , Ж.Тұрсынбай   (жетекшісі М.Багылбекова),  Г. Мұрат (жетекшісі А.Сүгірбекова)  конференцияға  өздерінің  жұмыстарын ұсынып  дипломмен  марапатталса , жетекшілері жастардың ғылыми-танымдық  белсенділігін арттыруда жетекшілік жасағаны үшін алғыс хат иеленді.

            • 18.03.2022

            • «ЖАС МАМАН - 2022» БАЙҚАУЫ

               Құлан агротехникалық жоғары колледжінде әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Жас маман - 2022» байқауы өткізілді. Жас мамандардың біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін шыңдау арқылы өз мамандығына деген сүйіспеншілігін ояту және оларды ынталандыру мақсатында өткізілген байқауға еңбек өтілі 2 жылға дейінгі 7 жас маман қатысты.

              Байқау келесі кезеңдер бойынша өткізілді:                                                                                                

              1 кезең  - «Жарқын елдің шамшырағы - жас маман» тақырыбында өзін-өзі            таныстыру

              2 кезең  - Бейнесабақ
              3 кезең - Жағдаяттық сұрақтар

              4 кезең - Үй тапсырмасы  (қатысушылар әріптестерімен  бірлесіп шығармашылық нөмірді (би, ән, көрініс...) алдын ала дайындады .

              Жас мамандардың біліктілігі мен өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу міндеті жүзеге асырылған іс-шарада арнайы пән оқытушылары Ержанов Ерсултан Айтбайұлы - І орын,  , Әшімбекова Әдемі Қуанышқызы - ІІ орын,  Нұрбеков Орынбасар Нұрбекұлы - ІІІ орын  иеленді.

              Кәсіби педагогикалық құзыреттіліктері қалыптасқан жас педагогтар Даулетов Жандарбек Аскарович, Малимбаев Елдар Рахатұлы, Тұрсынбаев Нұрдәулет Нұрланұлы, Жиенбай Айдос Жалғасбайұлы Алғыс хат иеленді.

            • 17.03.2022

            • ЖАТАХАНАДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

              Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жатақханасында Ұлыстың Ұлы күнін жарқын істермен қарсы алу мақсатында Наурыз мерекесі аталып өтті. Жатақхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік ас – Наурыз көже дайындалып, студенттерге таратылды.

            • 14.03.2022

            •    ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ

                  Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының ұйымдастыруымен  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Қазақстан Республикасы жастары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары» тақырыбында өткізген эссе  жазу конкурсына қатысты. Нәтижесінде «Аспазшы» мамандығының студенті Тұрсынбай Жанерке (жетекшісі М.Багылбекова) және «Агрономия» мамандығының студенті Мұрат Гауһар (жетекшісі Г.Саркулова) жазған эсселерін ұсынып, ІІІ дәрежелі дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.