БАЛА ТӘРБИЕСІ – ОРТАҚ ІС
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Т.Рысқұлов аудандық АПБ ЖПК ЮПТ аға инспекторы, полиция майоры Д.Жанасов, колледж инспекторы Ж.Егембердиев қатысты. Отырыс барысында колледж ДТІЖО Е.Ертаев ата-аналарды колледждің ішкі тәртібімен таныстырып, ата-аналар комитетін құру мәселесін көтерсе, колледж психологы Л.Кадирсизова балалардың психологиялық денсаулығының маңыздылығы туралы кеңес берді. Полиция қызметкерлері ата-аналарға өздерінің тарапынан өткізіліп жатқан балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар туралы айтып, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдердің қарауынсыз жалғыз жүруі және оның салдарынан туындайтын құқық бұзушылық орын алғанда ата-аналарға салынатын айыппұл көлемі туралы ескертті.