ЖҰМЫС БЕРУШІ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ
15 қараша күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» іс-шарасын өткізу тұжырымдамасына сәйкес үлкен жиын өткізілді.
Кездесудің тәжірибе алаңында жұмыс берушілер колледждің «Ветеринария», «Агрономия» құзыреттілік орталықтарының қызметімен танысып, ағымдағы оқу жылында жабдықталған «Пісіру технологиялары» құзыреттілік орталығын салтанатты ашты.
Жиынның диалог алаңында директордың орынбасарлары Е.Алибаев «Академиялық дербестік шеңберіндегі кәсіпорындармен өзара іс-қимылдар жасаудың нормативтік құқықтық актілері», Р.Ташыбаева «Сенімді әлеуметтік серіктес – сапалы білім негізі» тақырыптары бойынша ой қозғап, жұмыс берушілерді пікіралмасуға тартты. Өз кезегінде колледждің әлеуметтік серіктестері «SV Agro» ЖШС агроном-менеджері Р.Мирхадиров, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС технологы К.Еримбетова, Қарақыстақ ауылдық округінің ветеринарлық пунктінің басшысы М.Абдикулов, «Шәушен» ШҚ басшысы Б.Қодасова жетекші кәсіпорынның жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің кәсіптік практикасының барысын презентациялады, маман даярлау сапасын жақсарту бойынша оқу орнымен бірлескен іс-шараларға тоқталды.
Жұмыс беруші мен оқу орны арасындағы келіссөздер мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы; кәсіпорындарда оқытушылардың тағылымдамасы; жас маманды жұмысқа қабылдау мәселелері аясында өткізілді. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Бигазиев, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының Т.Рысқұлов ауданындағы филиалының басшысы Қ.Ускенбаев, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясының басшысы А.Утебаев, колледж Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қ.Бижанов түлектердің жұмысқа орналасу мәселесіне, мемлекет тарапынан осы бағытта атқарылып отырған жұмыстарға тоқталып, түсініктеме берді.
Мерекелік жиын барысында оқу орны мен «Шәушен» шаруа қожалығы, "SV AGRO" жауакершілігі шектеулі серіктестігі арасында «Мамандарды мақсатты даярлау туралы» шартқа қол қойылды.
Кездесудің соңында үздік жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының, Құлан агротехникалық жоғары колледжінің алғыс хаттарымен марапатталды.